Polaris Mercury IDF 50V: 4. Қолданылуы

4. Қолданылуы : Polaris Mercury IDF 50V

Сужылытқышты қосар алдында суға толтырыңыз. Ол үшін сумен жабдықтайтын

суқұбырының жалпы тиегін, сондай-ақ, ыстық су тиегін ашыңыз. Аппарат суға толған

кезде, жоғары қуаттылықта ыстық су тетігінен су тамшылайды.

Назар аударыңыз! Аппарат суға толған кезде ғана жылыту элементін электр

желісіне қосуға болады.

Сужылытқыш суға толған соң ыстық су кранын жабыңыз, аспапты мұқият тексеріп, су

тамшылап тұрмағанына көз жеткізіңіз. Сужылытқышты желіге қосыңыз.

Сужылытқыштың басқару панелі арқылы сужылытқышты басқару жолы:

1. Температура көрсеткіштерінің электрондық дисплейі.

2. Таңдалған қуатылығын көрсететін индикаторы.

3. ECO батырмасы - үнемдеу режимі (1000 Вт.).

4. DOWN батырмасы - температураны немесе таймерді орнату (температуралық

немесе таймер көрсеткіштерінің мәнің төмендетіп орнату).

44

4. Қолданылуы

5. MAX батырмасы - суды жылдам жылыту режимі (2500 Вт.).

6. Электр қоректендіргіштің қосылу (қоректендіру) индикаторы /(Power) жылыту

индекаторы.

7. Таймер (Timer) индикаторы.

8. TIMER батырмасы- таймерді іске қосу/ сөндіру.

9. UP батырмасы - температураны немесе таймерді орнату (температуралық немесе

таймер көрсеткіштерінің мәнің жоғарлатып орнату).

10. ON/OFF батырмасы- құралды іске қосу/сөндіру.

1. ON/OFF батырмасына басып сужылытқышты іске қосыңыз. Дисплейдің бетінде

сужылытқыштың бөшкесіндегі судың температура көрсеткіштерінің мәні көрініс табады.

Құрал іске қосылған соң белгіленген бағдарламасы бойынша орнатылатын қыздыру

қуаттылығы 1500 Вт. содан кейін 1500W белгісі бар индекаторы жанады.

2. ECO және MAX батырмаларының көмегімен Сіз қыздыру қуаттылығын өзгерте

аласыз (ECO 1000 Вт, MAX 2500 Вт). Сол кезде басқару панеліндегі сәйкесінше

индикаторы жанады (қуаттылығы 2500 Вт. болса екі индикаторы жанады: 1000W және

1500W). Орнатылған температураның қыздыру жылдамдығы (уақыты) таңдалған

қуаттылыққа байланысты. Судың температурасы бекітілген температураға жеткен кезде

Power белгісі бар индикаторлық шамы жанады. Сужылытқышты алғаш рет іске қосқан

кезде суық суды жылыту үшін қыздырудың ең жоғары қуаттылығын орнатыңыз. Судың

температурасы бекітілген температураға жеткен кезде, яғни су жылыған кезде, судың

температурасын жылы күйінде сақтау үшін температураны қолдау режиміне орнатыңыз,

ол үшін оның қыздырудың төмен қуаттылығын орнатыңыз.

3. Судың температурасын орнататын UP және DOWN батырмаларының көмегімен

суды қыздырудың сізге қажетті температурасын орнатыңыз. Температураны орнату

диапазоны 30-дан 75°С-қа дейінгі көрсеткішті қамтиды.

4. Сужылытқыш суды жылыту үдерісін бастайды.Белгіленген температураға жеткен

кезде орнатылған термостат автоматты түрде қыздыру элементін өшіреді және оның

Power белгісі бар индикаторы сөнеді. Содан кейін сужылытқыш температураны қолдау

режимінде болады.

Температураны қолдау режимінде су белгіленген температурадан төмен түссе,

сужылытқыш автоматты түрде іске қосылады.

5. TIMER батырмасының көмегімен сіз су жылыту үдерісінің басталуын кейінге

қалдыра аласыз, бұл суды қажет уақытына қарай қыздырып алуға мүмкіндік береді.

Таймерді 2 сағатқа, 4 сағатқа, 8 сағатқа, 12 сағатқа және 24 сағатқа дейін орнатуға

болады. Мысалы, егер Сізге 8 сағаттан кейін ыстық су қажет болса, онда таймерді 8 сағ.

орнатуға қажет. Дисплейдің бетінде су жылыту үдерісінің аяқталуына дейін қалған уақыт

көрініс табады.

45