Polaris Mercury IDF 100V: 5. Қызмет көрсетуі

5. Қызмет көрсетуі : Polaris Mercury IDF 100V

Назар аударыңыз! Сужылытқыштағы суды ішуге болмайды және бұл суды тағам

дайындау үшін пайдаланбаңыз.

Егер сужылытқышты узақ уақыт бойы қолданбасаңыз, құралды ON/OFF іске қосу немесе

сөндіру батырмасы арқылы сөндіріңіз, содан кейін суық суды шығаратын бұранданы

бұрап жабыңыз, сонымен құрылғыны электр ток көзінен ажыратыңыз.

1. Сужылытқышты тазарту.

Пайдалану барысында сужылытқышты тазарту (суды толық шығару) жарты жылда бір рет

жүргізілуі керек.

Іс-әрекеттің реті:

- сужылытқышты электр желісінен ажыратыңыз.

- магистраль жүретін суқұбыры кранын жабыңыз.

- смесительдегі ыстық судың кранын ашыңыз.

- сақтандыру қақпақшасындағы су шығаратын кранды ашыңыз.

Назар аударыңыз! Су өте ыстық болуы мүмкін.

- лас және қалдық суды төгіңіз.

2.Қақты кетіру.

Қыздыру элементінде қақ немесе тұнба көп мөлшерде пайда болса, қыздыру элементін

алып, тазартыңыз.

Оны қайта орнату кезінде келесі шараларды қолданыңыз:

- бұрандаларды артық күш салмай, бірдей етіп бұрап, орнатыңыз.

- бекітілген тіреуіш қисық орнатылмауы тиіс.

Құралдың бөшкесіне су толтырылғаннан кейін, оны электр желісіне қосыңыз.

3.Сақтандыру қақпақшасы.

Судың қысымы 6 бардан асқан кезде, сақтандыру қақпақшасының су шығатын

саңылауында су тамшылары пайда болуы немесе су ағуы мүмкін.

а) Су шығару саңылауында су тамшыларының анда-санда пайда болуы қыздырғыштың

қалыпты жұмысы болып табылады.

Суық су алу тетігін ашық ұстаңыз. Бұл сақтандыру қақпақшасының су шығару

саңылауынан судың жиі тамшылауын болдырмайды.

46

5. Қызмет көрсетуі