Polaris Mercury IDF 100V: 2. Құрылғы және негізгі бөлшектердің атауы, жиынтығы.

2. Құрылғы және негізгі бөлшектердің атауы, жиынтығы. : Polaris Mercury IDF 100V

Сужылытқыш– 1дана.

Анкерлі ілмегі бар бұрандамалары 1 жинағы

Сақтандырғыш қақпақшасы– 1 дана.

Дренажды құбыр – 1дана.

Пайдалану жөніндегі нұсқаулық – 1дана.

Қызмет көрсету орталықтарының тізімі – 1дана.

Cу жылытқыш келесі климаттық шарттарында қолдануы тиіс:

- қоршаған ортанын температурасы 1-ден 40° С -қа дейін;

- ауаның салыстырмалы ылғалдылығы кем дегенде - 95%.

Құрылғының монтаж жұмыстарын сатып алушы өз есебінен өтейді.

40

2. Құрылғы және негізгі бөлшектердің атауы,

жиынтығы.

3. Монтаж

Өндіруші құрылғының дұрыс орнатылмауы және осы нұсқаулықтағы ұсыныстарға

немқұрайлы қарауы салдарынан болған қателіктерге жауапты емес, соның ішінде:

а) Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын қажетті біліктілігі бар

мамандар ғана орындауы тиіс.

б) Құрылғының жиынтығына кіретін қауіпсіздендірілген қақпақшаны бітеуге немесе

ауыстыруға болмайды.

в) Электрлі жалғау «3.3.Электр сымына жалғау» бөліміндегі нұсқауларға сай жүргізілуі

керек.

г) Сужылытқыш қабырғаға оның салмағын көтере алатындай орнатылуы тиіс.

Құбыр ұзындығы бойындағы жылуды жоғалтуды азайтып, сақтау үшін, аспапты

ыстық су көзіне жақынырақ орналастыру керек.Техникалық жөндеу жұмыстарын жүргізу

және сымды электр розеткадан ажырату үшін, құрылғының электр бөлшектерін аспаптың

айналасында кем дегенде (0,5м шамасында) кеңістік қалатындай, әрі ешқандай кедергі

болмайтындай оңай қолжетімді жерге орналастырылуы тиіс. Сонымен қатар,

сужылытқыш төбеден және қабырғадан кем дегенде 20-25 см қашықтықта орнатылуы

тиіс.

3.1 Бекіту әдістері

Нұсқаулықтың 13 бетінде көрсетілгендей және D) өлшемдеріне сәйкес орын

таңдаңыз.Анкерлі бұрандаларды бекіту үшін диаметрі 12 мм кескіш бұрандалары үшін;

тереңдігі 80 мм болатын саңылауларды электр бұрғысымен бұрғылап тесіңіз. Бекітпе

саңылауларының арақашықтығы және орнату деңгейі бірдей болу тиіс.

а) Бұрғылап тесілген саңылауларға ілмегі бар анкерлі бұрандаларды орнатыңыз:

б) Сужылытқышты корнштейнін анкерлі бұрандаларының ілмектеріне бекітіңіз.

41

Модель

C

D

MERCURY IDF 30V

320

270

MERCURY IDF 50V

320

520

MERCURY IDF 80V

320

562

MERCURY IDF 100V

320

430

Назар аударыңыз! Қабырғаның құрылымы суға толтырылған сужылытқыштың екі

есе салмағын көтеруі тиіс.

3.2 Сумен жабдықтау жүйесіне қосылу:

1. Сужылытқышқа жалғанатын шланг пен құбыр жалғағыштары 14 бар-ге (1,4

МРа) дейінгі келетін жұмыс қысымын және + 100C температураны көтеруі керек.

2. Стандартты жалғау кезінде сужылытқыш магистральда анықталған қысымда

болады.

Сужылытқыштың кіріс құбыры сумен жабдықтау жүйесіне сақтандыру

қақпақшасы арқылы жалғанады, құралдың жинағына кіреді. Сумен жабдықтау

жүйесіне жалғаған кезде пайдалануға ыңғайлы болу үшін сужылытқыштың кіріс құбыры

мен сақтандыру қақпақшасының аралығына сужылытқыштан су шығатын құбыр

жалғанатын үшайыр су бұратын құрылғысын орнатыңыз (кенеттен ашылып кетпес үшін

арнайы кілтімен ашыңыз).

Сақтандыру қақпақшасын бұрандалау кезінде сындырып алмас үшін, шектен тыс күш

жұмсамаңыз.

Сақтандыру қақпақшасы екі түрлі қызмет атқарады:

- суды тек бір бағытта өткізеді (теріс қақпақша болып табылады).

- қысым 6 бардан асқан кезде суды қыр жағындағы (жанындағы) тесік арқылы

ығыстырады (6 барға калибрленген).

Қыздыру режимінде сақтандыру қақпақшасының дренаж тесігінен су тамшылауы

мүмкін, бұл қалыпты жағдай болып табылады және су жылыту кезіндегі бөшкедегі судың

көбеюіне байланысты. Қақпақшаның тетігін су шығару жүйесіне иілмелі түтікше арқылы

орнатуды ұсынамыз.

Қақпақшаның тесігін ешқандай жағдайда да жабуға болмайды!

Егер магистральдағы судың қысымы 4,5 бардан (0,45 МРа) асса, су жолына қысым

реттеуішін орнату керек.

Бұл сужылытқыш жабық типтегі қыздырғыш болып табылады, сондықтан оған

бірнеше су тұтыну көздерін жалғауға болады.

42

Су көздеріне жалғау сызбанұсқасы төменде көрсетілген.

3.3 Электрлік жалғау.

Назар аударыңыз! Сужылытқышты токқа қоспас бұрын сужылытқыштың багі суға

толы екеніне көз жеткізіңіз.

Құрылғыны тек қана жерге тұйықталған желіге қосылуы қажет.

1. Жерге тұйықталудың беріктігін қамтамасыз ету қажет.

Назар аударыңыз: егер сужылытқыш тұйықталмаған болса, қысқа мерзімге

тұйықталу кезінде жеткізілім жиынтығына кіретін ҚӨҚ (қорғаныс өшіру

құрылғысы) іске қосылмауы мүмкін.

2. 220 вольт и 50 Гц кернеулі энергия көздерін қолданыңыз.

3. Желілі розетканың номиналды параметрі қыздырғыштың электрлі параметрінен

кем болмауы керек.

4. Желілі розетка және аша құрғақ болуы тиіс және электр қуаттылығының кемуіне

жол бермеуі керек.

5. Құрылғының қосылуы екі полюсті автоматты ажыратқыш арқылы іске асырылуы

тиіс.

Электрмен қоректендіру көзінің кернеуі су жылытқыштың техникалық

кестешесінде (шильдике) көрсетілген техникалық сипаттамаларға сәйкес келетініне

көз жеткізіңіз.

43