Polaris FDS-80V: 3. Монтаж
3. Монтаж: Polaris FDS-80V
3. Монтаж
Cу жылытқыш келесі климаттық шарттарында қолдануы тиіс:
- қоршаған ортанын температурасы 1-ден 40° С -қа дейін;
- ауаның салыстырмалы ылғалдылығы кем дегенде - 95%.
Құрылғының монтаж жұмыстарын сатып алушы өз есебінен өтейді.
Өндіруші құрылғының дұрыс орнатылмауы жəне осы нұсқаулықтағы ұсыныстарға немқұрайлы
қарауы салдарынан болған қателіктерге жауапты емес, соның ішінде:
а) Техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу жұмыстарын қажетті біліктілігі бар мамандар ғана
орындауы тиіс.
б) Құрылғының жиынтығына кіретін қауіпсіздендірілген қақпақшаны бітеуге немесе ауыстыруға
болмайды.
в) Электрлі жалғау «3.3.Электр сымына жалғау» бөліміндегі нұсқауларға сай жүргізілуі керек.
г) Сужылытқыш қабырғаға оның салмағын көтере алатындай орнатылуы тиіс.
Құбыр ұзындығы бойындағы жылуды жоғалтуды азайтып, сақтау үшін, аспапты ыстық су
көзіне жақынырақ орналастыру керек.Техникалық жөндеу жұмыстарын жүргізу жəне сымды электр
розеткадан ажырату үшін, құрылғының электр бөлшектерін аспаптың айналасында кем дегенде (0,5м
шамасында) кеңістік қалатындай, əрі ешқандай кедергі болмайтындай оңай қолжетімді жерге
орналастырылуы тиіс. Сонымен қатар, сужылытқыш төбеден жəне қабырғадан кем дегенде 20-25 см
қашықтықта орнатылуы тиіс.
3.1 Бекіту əдістері
Нұсқаулықтың 13 бетінде көрсетілгендей (С жəне D) өлшемдеріне сəйкес орын таңдаңыз.Анкерлі
бұрандаларды бекіту үшін диаметрі 12 мм (50, 80 жəне 100 л. үшін) жəне диаметрі 6 мм (20 л. үшін)
кескіш – бұрандалары үшін; тереңдігі 80 мм (50, 80 жəне 100 л. үшін), тереңдігі 38 мм (20 л. үшін)
болатын саңылауларды электр бұрғысымен бұрғылап тесіңіз. Бекітпе саңылауларының
арақашықтығы жəне орнату деңгейі бірдей болу тиіс.
3.1.1. FD-20V моделдерін бекіту
а) Кескіш – бұранданы (4дана.) көмегімен тілікті қабырғаға бекітіңіз.
б) Сужылытқышты іліп, бекітіңіз, тіліктің бекітпелерін, сондай-ақ, бұрандалардың бұрышының
бекітілуін реттеп, олардың бұрандалауы дұрыс берік бекітілген ба, тексеріңіз. Сужылытқыштың берік
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
3.1.2. FDS-50V, FDS-80V, FDS-100V: моделін бекіту
а) Бұрғылап тесілген саңылауларға ілмегі бар анкерлі бұрандаларды (FDS-50V, FDS-80V үшіг 2 дана
жəне FDS-100V үшін 4 дана) орнатыңыз:
б) Сужылытқышты корнштейнін анкерлі бұрандаларының ілмектеріне бекітіңіз.
48
Корнштейнді бекіту өлшемдері
Назар аударыңыз! Қабырғаның құрылымы суға толтырылған сужылытқыштың екі есе
салмағын көтеруі тиіс.
3.2 Сумен жабдықтау жүйесіне қосылу:
1.
Сужылытқышқа жалғанатын шланг пен құбыр жалғағыштары 12
бар-ге (1,2 МРа) дейінгі
келетін жұмыс қысымын жəне + 100C температураны көтеруі керек.
2. Стандартты жалғау кезінде сужылытқыш магистральда анықталған қысымда болады.
Сужылытқыштың кіріс құбыры сумен жабдықтау жүйесіне сақтандыру қақпақшасы арқылы
жалғанады, құралдың жинағына кіреді. Сумен жабдықтау жүйесіне жалғаған кезде пайдалануға
ыңғайлы болу үшін сужылытқыштың кіріс құбыры мен сақтандыру қақпақшасының аралығына
сужылытқыштан су шығатын құбыр жалғанатын үшайыр су бұратын құрылғысын орнатыңыз
(кенеттен ашылып кетпес үшін арнайы кілтімен ашыңыз).
49
Сақтандыру қақпақшасын бұрандалау кезінде сындырып алмас үшін, шектен тыс күш жұмсамаңыз.
Сақтандыру қақпақшасы екі түрлі қызмет атқарады:
- суды тек бір бағытта өткізеді (теріс қақпақша болып табылады).
- қысым 6 бардан асқан кезде суды қыр жағындағы (жанындағы) тесік арқылы ығыстырады (6 барға
калибрленген).
Қыздыру р
ежимінде сақтандыру қақпақшасының дренаж тесігінен су тамшылауы мүмкін, бұл
қалыпты жағдай болып табылады жəне су жылыту кезіндегі бөшкедегі судың көбеюіне байланысты.
Қақпақшаның тетігін су шығару жүйесіне иілмелі түтікше арқылы орнатуды ұсынамыз.
Қақпақшаның тесігін ешқандай жағдайда да жабуға болмайды!
Егер магистральдағы судың қысымы 5 бардан (0,5 МРа) асса, су жолына қысым реттеуішін
орнату керек.
Бұл су
жылытқыш жабық типтегі қыздырғыш болып табылады, сондықтан оған бірнеше су тұтыну
көздерін жалғауға болады.
Су көздеріне жалғау сызбанұсқасы төменде көрсетілген.
3.3 Электрлік жалғау.
Назар аударыңыз! Сужылытқышты токқа қоспас бұрын сужылытқыштың багі суға толы
екеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны тек қана жерге тұйықталған желіге қосылуы қажет.
1. Жерге тұйықталудың беріктігін қамтамасыз ету қажет.
Назар аударыңыз: егер сужылытқыш тұйықталмаған болса, қысқа мерзімге тұйықталу
кезінде жеткізілім жиынтығына кіретін FDS-50V, FDS-80V, FDS-100V моделіндегі ҚӨҚ
(қорғаныс өшіру құрылғысы) іске қосылмауы мүмкін.
2. 220 вольт и 50 Гц кернеулі энергия көздерін қолданыңыз.
3. Желілі розетканың номиналды параметрі қыздырғыштың электрлі параметрінен кем болмауы
керек.
4. Желілі розетка жəне аша құрғақ болуы тиіс жəне электр қуаттылығының кемуіне жол бермеуі
керек.
50
Оглавление
- Сохраняй
- Обратите внимание
- 1. Технические характеристики и электрическая схема
- 2. Устройство и названия деталей, комплектация
- 3.1 Способ крепления
- 3.2 Подсоединение к системе водоснабжения:
- 3.3 Электрическое подсоединение.
- 4. Использование
- 5. Обслуживание
- 6. Моменты, требующие внимания
- 7. Наиболее часто встречающиеся неисправности и их устранение
- УЗО (Устройство защитного отключения)
- 8. Срок службы
- 9. Гарантийное обязательство
- Қолдану мақсаты мен пайдалану саласы
- Мазмұны 1. Техникалық деректемелері жəне электрлік сызбанұсқасы.
- 2. Құрылғы жəне негізгі бөлшектердің атауы, жиынтығы.
- 3. Монтаж
- 4. Қолданылуы
- 5. Қызмет көрсетуі
- 6. Назар аударуды қажет ететін сəттер
- 7. Жиі кездесетін ақаулар жəне оларды жою жолдары. Ақау түрі Ақаулардың себебі Ақаулардың жою жолдары
- 8. Қызмет көрсету мерзімі.
- 9. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕ