Polaris VEGA IMF 50V: Назначение и область применения Қолдану мақсаты мен пайдалану саласы

Назначение и область применения Қолдану мақсаты мен пайдалану саласы : Polaris VEGA IMF 50V

Назар аударыңыз

Осы нұсқаулқтағы маңызды қауіпсіздік шаралары және нұсқаулар, сужылытқышты

қолдану кезінде пайда болатын барлық мүмкін шарттар мен жағдайларды қамтымайды.

Пайдаланушының ақыл есінің дұрыстығы, ұқыптылығы және зейінділігі секілді

факторларды алдын-ала ескеру мүмкін емес. Бұл факторларды тұтынушының өзі құралды

пайдалану кезінде есте сақтау керек.

1) Міндетті түрде сужылытқышты қосар алдында, оны суға толтырыңыз. Ол үшін сумен

жабдықтайтын суқұбырының жалпы тиегін, сондай-ақ, ыстық су тиегін ашыңыз. Құрылғы

суға толған кезде, жоғары қуаттылықта ыстық су бар күшімен тетігінен аға бастайды.

Назар аударыңыз! Құрылғы суға толған кезде ғана жылыту элементін электр желісіне

қосуға болады.

2) Сужылытқышты орнату немесе қолдану алдында электрмен қоректендіру көзінің

кернеуі, құрылғының техникалық кестешесінде көрсетілген техникалық талаптарына және

сипаттамаларына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

3) Құрылғы жерге тұйықталған болуы тиіс.

4) Орталық сумен қамтамасыз ету желісінде су болмаған жағдайда, құрылғыны электр

желісінен ажыратыңыз.

5) Егер сужылытқыш қыс кезінде және температурасы төмен аудандарда ұзақ мерзім бойы

қолданылмаса, сужылытқыштан су шығарылуы тиіс. Ол үшін: сужылытқышқа суық су

жіберетін тиекті жабыңыз, содан кейін смесительдегі ыстық су кранын ашыңыз, сондай-ақ,

сақтандыру қақпақшасындағы тұнба суды шығаратын қылтаны ашып (күйіп қалмас үшін

мұқият болыңыз), суды төгіңіз.

6) Сужылытқыш ұзақ мерзімде қолданылмайтын болса, оны міндетті түрде электр

желісінен ажыратыңыз.

7) Құралда ақаулық пайда болған жағдайда арнайы сатушыға немесе авторланған қызмет

көрсету орталығының білікті маманынмен хабарласыңыз (қызмет көрсету орталығының

координатасының тізімі пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және www.polar.ru сайтында

көрсетілгіен).

8) Аталмыш құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның

нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда,

білімі мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық

ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған.

Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.

9) Сужылытқыштың бөшкесінде бактериялардың көбеюіне және судың «көгеріштенуіне»

жол бермес үшін судың температурасын сақтауды 60°С-тан жоғары орнатылуы тиіс.

10) Судың сапалы болуын қамтамасыз ету және сужылытқыштың ұзақ жылдар бойы

қызмет көрсетуі үшін, анодты жылына 1 рет ауыстырып отырыңыз.

11) Назар аударыңыз! Сужылытқыштың ішіндегі суды ішуге болмайды, сондай-ақ,

оны тағам дайындау үшін пайдалануға тыйым салынады.

Электр жинақтаушы сужылытқыш пәтерлерді, саяжайларды, моншалар мен басқа

да тұрмыстық ғимараттарды ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған.

32

Назначение и область применения

Қолдану мақсаты мен пайдалану саласы

1. Қауіпсіздік жөніндегі талаптар.

Өндіруші ескертеді, осы нұсқаулықта қарастырылған немесе аталған техникалық

талаптарын тиісінше орындамау, сонымен бірге құрылғының құрылымдарын

өзбетінше «жетілдіру», тұтынушының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі

мүмкін.

Электрлі жалғау «3.3.Электр сымына жалғау» бөліміндегі нұсқауларға сай

жүргізілуі керек.

Құралдың жиынтығына кіретін сақтандыру қақпақшасын бітеуге немесе жинаққа

кіретін, сыртқы бетінде толықтай ашу қысымы 0,7 МРа көрсеткіші бар қақпақшадан

сапасы төмен бұйыммен ауыстыруға болмайды.

Сужылытқыштың монтаж және электрлік қосу жұмыстарын қажетті біліктілігі бар

мамандар жүргізеді.

Назар аударыңыз! Сужылытқыштардың тік қойылатын модельдерін көлденең

орнатуға, ал көлденең қойылатын модельдерді тік орнатуға тыйым салынады.

Сужылытқышқа жалғанатын шлангтер және байланыстар 14 барға дейінгі қысымды

және +100°С-қа дейінгі температураны көтеруі тиіс.

Құрылғы міндетті түрде жерге тұйықталған болуы керек.

Егер аппарат қыс маусымында пайдаланылмаса (мысалы саяжайда), қыс кезінде

мұзға айналған судың көлемі үлкейіп, құрылғының бұзылуына қауіп төндірмеуі

үшін сужылытқышты тоқтан ажыратып, аппараттағы суды төгіп тастау керек.

Сужылытқыш қысымы 0,05 және 0,6 МРа дан аспайтын және ыстық су болмайтын

(үнемі немесе уақытша) су құбырына жалғанады. Қысым 0,45 0,6Мра болған

жағдайда төмендететін редукторды орнату қажет.

Назар аударыңыз! Сужылытқышты тек жерге тұйықталған электр желісі бар

үйлерге орнатуға болады.

Назар аударыңыз! Сужылытқышты тек бірфазалы кернеуге қосуға болады.

2. Техникалық сипаттамасы.

1. Құрал бір уақытта бірнеше су тұтынушыны қамтамасыз ете алады.

2. Құралдың ішкі қабырғасы жоғары сапалы тоттанбайтын болаттан жасалған.

3. Құрылғының су температурасын узақ уақыт бойы сақтап, жылуоқшаулайтын

ерекшелігі бар.

4. Су қысымының ауытқуынан сақтануы (мысалы, су қысымы 6 бардан (0,6 МРа)

асқанда , автоматты түрде қысым төмендейді).

5. Күйіп кетуден сақтануы.

6. Температураны реттеу 30°С – 75°С аралығында жүзеге асырылады.

7. Жұмыс индикаторы, температураның элентронды дисплейі, температура ретеуіші,

қуаттылығын ауыстырып-қосқыш және сужылытқышқы екі полюсті

термосақтандырғыш орнатылған.

Жұмыс кезінде сужылытқыштың бөшкесі үнемі суық су желісінің қысымында

болады. Суды қазандықтың төменгі бөлігіндегі жылыту элементі жылытып тұрады. Ыстық

суды қолданған жағдайда, қазандықтың төменгі бөлігіне баратын суық су, қазандықтың

жоғарғы бөлігіндегі құбыр бойымен ағып кележатқан жылыған суды, ыстық су таралатын

жүйеге қарай ығыстырады.

Су жылыған кезде жұмыс индикаторы жанады. Судың температурасы бекітілген

температураға жеткен кезде термостат қыздырушы элементін автоматты түрде электр

жүйесінен ажыратады. Температура көрсеткіші бөшкедегі судың шамаланған

температурасын көрсетеді. Ал судың температурасы төмендеген кезде сужылытқыш

автоматты түрде іске қосылады.

33

предоставляется следующая информация.

Бұйымды дұрыс орнату және пайдалану үшін төмендегі мәліметтер ұсынылған.

1. Техникалық деректемелері және электрлік сызбанұсқасы.......….35

2. Құрылғы және оның негізгі бөлшектерінің атаулары,

жинақталуы.............................................................................................36

3. Құрастыру...........................................................................................36

3.1 Бекіту әдістері ………………………………......…………..…...37

3.2 Сумен жабдықтау жүйесіне қосу................ …………………....38

3.3 Электрлік жалғау........................……………………….……......39

4. Құрылғыны қолдану............................................................................39

5. Қызмет көрсетуі...................................................................................40

6. Назар аударуды қажет ететін сәттер..................................................41

7. Жиі кездесетін ақаулар және оларды жою жолдары........................42

8. Қызмет көрсету мерзімі......................................................................43

9. Кепілдік міндеттемесі.........................................................................44

34

Мазмұны

35

Модель

Объем

Напряжение

Давление

Размеры

прибора, мм

VEGA IMF 30V

30 л.

220-230 В, 50 Гц

2500 Вт

7 бар (0,7 МРа)

554*450*248

VEGA IMF 50V

50 л.

220-230 В, 50 Гц

2500 Вт

7 бар (0,7 МРа)

809*450*248

VEGA IMF 80V

80 л.

220-230 В, 50 Гц

2500 Вт

7 бар (0,7 МРа)

944*516*288

VEGA IMF 100V

100 л.

220-230 В, 50 Гц

2500 Вт

7 бар (0,7 МРа)

1144*516*288

*VEGA IMF V POLARIS сауда белгісінің жинақтауыш типті электр сужылытқыш (тот баспайтын болаттан

жасалған бөшкесімен).

**Қорғаныс жіктелімі I.

1. Техникалық деректемелері және электрлік сызбанұсқасы.

элемент

қыздырғыш

2

температураның

реттегіші

термостат

қуаттылықты

ауыстырып-

қосатын тетігі

элемент

қыздырғыш

1

жұмыс индикаторы

ҚӨҚ

жылыту

индикато

ры

Жинақталуы:

Сужылытқыш.

Кронштейндер бекіткіштері.

Ілмектері бар анкерлік бұрандамалары.

Сақтық клапаны.

Су ағызатын түтік.

Пайдаланушының нұсқаулығы.

Кепілдік талоны.

Қызмет көрсету орталықтарының тізімі.

Cу жылытқыш келесі климаттық шарттарында қолдануы тиіс:

- қоршаған ортанын температурасы 1-ден 40° С -қа дейін;

- ауаның салыстырмалы ылғалдылығы кем дегенде - 95%.

Құралдың құрастыру жұмыстарын сатып алушы өз есебінен өтейді.

Өндіруші құрылғының дұрыс орнатылмауы және осы нұсқаулықтағы ұсыныстарға

немқұрайлы қарауы салдарынан болған қателіктерге жауапты емес, соның ішінде:

а) Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын қажетті біліктілігі бар мамандар

ғана орындауы тиіс.

б) Құрылғының жиынтығына кіретін сақтандыру қақпақшасын бітеуге немесе ауыстыруға

болмайды.

в) Электрлі жалғау «3.3 Электр сымына жалғау» бөліміндегі нұсқауларға сай жүргізілуі

керек.

36

3. Құрастыру

2. Құрылғы және оның негізгі болшектерінің атаулары,

жинақталуы

г) Сужылытқыш қабырғаға оның салмағын көтере алатындай орнатылуы тиіс.

Құбыр ұзындығы бойындағы жылуды жоғалтуды азайтып, сақтау үшін, аспапты

ыстық су көзіне жақынырақ орналастыру керек.Техникалық жөндеу жұмыстарын жүргізу

және сымды электр розеткадан ажырату үшін, құрылғының электр бөлшектерін аспаптың

айналасында кем дегенде (0,5м шамасында) кеңістік қалатындай, әрі ешқандай кедергі

болмайтындай оңай қолжетімді жерге орналастырылуы тиіс. Сонымен қатар, сужылытқыш

төбеден және қабырғадан кем дегенде 20-25 см. қашықтықта орнатылуы тиіс.

3.1 Бекіту әдістері

a) С өлшемдеріне сәйкес орын таңдаңыз. Анкерлі бұрандаларды бекіту үшін диаметрі 16

мм және тереңдігі 100 мм болатын саңылауларды электр бұрғысымен бұрғылап тесіңіз.

Бекітпе саңылауларының арақашықтығы және орнату деңгейі бірдей болу тиіс.

б) Ілмектері бар анкерлік бұрандаларды бұрап тесілген саңылауларға орнатыңыз.

в) Сужылытқыштың корнштейн сыртын анкерлі бұрандаларының

ілмектеріне бекітіңіз. Сужылытқыштың берік бекітілгеніне көз

жеткізіңіз.

Назар аударыңыз! Қабырғаның құрылымы суға толы

сужылытқыштың екі есе салмағын көтеру керек.

37

L

H

B

A

VEGA IMF 30V

554

450

248

250

VEGA IMF 50V

809

450

248

350

VEGA IMF 80V

944

516

288

350

VEGA IMF 100V

1144

516

288

500

шығыс

бекітпе

кронштейндерi

кіріс

3.2 Сумен жабдықтау жүйесіне қосу

1. Сужылытқышқа жалғанатын шланг пен құбыр жалғағыштары 14 бар-ге дейінгі келетін

жұмыс қысымын және + 100C қа дейінгі температураны көтеруі керек.

2. Стандартты жалғау кезінде сужылытқыш магистральда анықталған қысымда болады.

Сужылытқыштың кіріс құбыры сумен жабдықтау жүйесіне сақтандыру қақпақшасы

арқылы жалғанады, құралдың жинағына кіреді.

Сумен жабдықтау жүйесіне жалғаған кезде пайдалануға ыңғайлы болу үшін

сужылытқыштың кіріс құбыры мен сақтандыру қақпақшасының аралығына

сужылытқыштан су шығатын құбыр жалғанатын үшайыр су бұратын құрылғысын

орнатыңыз (кенеттен ашылып кетпес үшін арнайы кілтімен ашыңыз).

Сақтандыру қақпақшасын бұрандалау кезінде сындырып алмас үшін, шектен тыс күш

жұмсамаңыз.

Сақтандыру қақпақшасы екі түрлі қызмет атқарады:

- суды тек бір бағытта өткізеді (теріс қақпақша болып табылады).

- 6 бардан (0,6 МРа) асатын қысым түскен кезде суды бүйір жағындағы саңылаудан

шығарады (7 барға калибрленген – толық ашу қысымы)

Қыздыру режимінде сақтандыру қақпақшасының дренаж тесігінен су тамшылауы

мүмкін, бұл қалыпты жағдай болып табылады және су жылыту кезіндегі бөшкедегі судың

көбеюіне байланысты. Қақпақшаның тетігін су шығару жүйесіне иілмелі түтікше арқылы

орнатуды ұсынамыз.

Қақпақшаның тесігін ешқандай жағдайда да жабуға болмайды!

Егер магистральдағы судың қысымы 4,5 бардан (0,45 МРа) асса, су жолына қысым

реттеуішін орнату керек.

Бұл сужылытқыш жабық типтегі қыздырғыш болып табылады, сондықтан оған

бірнеше су тұтыну көздерін жалғауға болады. Су көздеріне жалғау сызбанұсқасы төменде

көрсетілген.

38

Су көздеріне жалғау сызбанұсқасы

3.3 Электрлік жалғау

Назар аударыңыз! Құрылғы суға толтырылғаннан кейін ғана сужылытқышты ток

көзіне қосуға болады.

Құрылғыны тек қана жерге тұйықталған желіге қосылуы қажет.

1. Жерге тұйықталудың беріктігін қамтамасыз ету қажет.

Назар аударыңыз: егер сужылытқыш тұйықталмаған болса, қысқа мерзімге

тұйықталу кезінде жеткізілім жиынтығына кіретін ҚӨҚ (қорғаныс өшіру

құрылғысы) іске қосылмауы мүмкін.

2. 220 вольт и 50 Гц. кернеулі энергия көздерін қолданыңыз.

3. Желілі розетканың номиналды параметрі қыздырғыштың электрлі параметрінен

кем болмауы керек.

4. Желілі розетка және аша құрғақ болуы тиіс және электр қуаттылығының кемуіне

жол бермеуі керек.

5. Құрылғының қосылуы екі полюсті автоматты ажыратқыш арқылы іске асырылуы

тиіс.

Электрмен қоректендіру көзінің кернеуі су жылытқыштың техникалық кестешесінде

(шильдикте) көрсетілген техникалық сипаттамаларға сәйкес келетініне көз

жеткізіңіз.

Сужылытқышты қосар алдында суға толтырыңыз. Ол үшін сумен жабдықтайтын

суқұбырының жалпы тиегін, сондай-ақ, ыстық су тиегін ашыңыз. Аппарат суға толған

кезде, жоғары қуаттылықта ыстық су тетігінен су тамшылайды.

Назар аударыңыз! Аппарат суға толған кезде ғана сужылытқышты электр желісіне

қосуға болады.

39

4. Құрылғыны қолдану

Сужылытқыш суға толған соң ыстық су кранын жабыңыз, аспапты мұқият тексеріп, су

тамшылап тұрмағанына көз жеткізіңіз. Сужылытқышты желіге қосыңыз.

Сужылытқыштың басқару панелі арқылы сужылытқышты басқару жолы:

1) Құаттылықты ауыстырып-қосатын тетігі арқылы қажетті (1500Вт/2500Вт) құаттылығын

орнатыңыз. Таңдалған қуатқа байланысты бекітілген температураға дейін судың жылу

жылдамдығы (уақыты) байланысты болады. Құаттылықты ауыстырып-қосатын тетігін «

қалпына қойсаңыз құрал 1500Вт. қуатымен жұмыс істейді. Құаттылықты ауыстырып-

қосатын тетігін «2» қалпына қойсаңыз құрал 2500Вт. қуатымен жұмыс істейді. Жанып

тұрған индикаторлық шам судың жылып тұрғанын білдіреді.

2) Температура реттеуіші арқылы суды қыздырудың сізге қажетті температурасын

о

орнатыңыз. Температураны орнату диапазоны 30-дан 75

С дейін. Содан кейін жұмыс

индикаторы жанады және сужылытқыш іске қосылады.

Белгіленген температураға жеткенде орнатылған термостат автоматты түрде

қыздыру элементін өшіреді және оның индикаторы сөнеді. Содан кейін сужылытқыш

температураны қолдау режимінде болады.

Температураны қолдау режимінде белгіленген температура төмен түссе,

сужылытқыш автоматты түрде қосылады.

Назар аударыңыз! Сужылытқыштағы суды ішуге және тағам дайындауға болмайды.

Егер сужылытқышты узақ уақыт бойы қолданбасаңыз, температура реттеуішін және

қуаттылықты ауыстырып-қосқышты Off қалпына қойып, суық суды шығаратын бұранданы

жабыңыз және құрылғыны электр желіден ажыратыңыз.

1. Сужылытқышты тазарту.

Пайдалану барысында сужылытқышты тазарту (суды толық шығару) жарты жылда

бір рет жүргізілуі керек.

Іс-әрекеттің реті:

- сужылытқышты электр желісінен ажыратыңыз.

- магистраль жүретін су құбыры кранын жабыңыз.

40

индикаторы

температураның

реттегіші

5. Қызмет көрсетуі

5. Обслуживание

температураның

элентронды

дисплейі

қуаттылықты

ауыстырып-

қосатын тетігі

- смесительдегі ыстық судың кранын ашыңыз.

- сақтандыру қақпақшасындағы су шығаратын кранды ашыңыз.

Назар аударыңыз! Су өте ыстық болуы мүмкін.

- лас және қалдық суды төгіңіз.

2. Қақты кетіру.

Қыздыру элементінде қақ немесе тұнба көп мөлшерде пайда болса, қыздыру

элементін алып, тазартыңыз.

Оны қайта орнату кезінде келесі шараларды қолданыңыз:

- бұрандаларды артық күш салмай, бірдей етіп бұрап, орнатыңыз.

- бекітілген тіреуіш қисық орнатылмауы тиіс.

Құралдың бөшкесіне су толтырылғаннан кейін, оны электр желісіне қосыңыз.

3.Сақтандыру қақпақшасы.

Судың қысымы 6 бардан асқан кезде, сақтандыру қақпақшасының су шығатын

саңылауында су тамшылары пайда болуы немесе су ағуы мүмкін.

а) Су шығару саңылауында су тамшыларының анда-санда пайда болуы қыздырғыштың

қалыпты жұмысы болып табылады.

Суық су алу тетігін ашық ұстаңыз. Бұл сақтандыру қақпақшасының су шығару

саңылауынан судың жиі тамшылауын болдырмайды.

б) Сақтандыру қақпақшасының су шығару саңылауында су тамшыларының жиілеуі, су

қысымының нормадан асқанын білдіреді. Бұл жағдайда суық су құбырына қысымды

төмендететін қақпақша (редуктор), сужылытқыштан максималды қашықтықта

орнатылуы керек.

в) Жиналған су тамшыларын төгу үшін су шығаратын құбыр орнатуға болады, ол

құбырдың бір ұшы ашық және төменге қаратылған болуы керек.

Назар аударыңыз!

г) Сужылытқыштың қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын білікті мамандар

ғана жүргізуі тиіс. Сужылытқышты тазарту кепілдік қызмет көрсету жұмысы

болып табылмайды және қызмет көрсету ортылығы мамандарының қатысуымен

және сатып алушы есебінен орындалады.

1. Сужылытқышты алғаш қолданар алдында, сондай-ақ, бөшкеден суды және тұнбаны

толық жойғаннан кейін, құрылғы бөшкесі суға толық толтырылғанын қадағалаңыз.

Содан кейін ғана құрылғыны электр желісіне қосыңыз.

2. Электр желісінің сымы зақымданса, оны арнайы сыммен немесе өндіруші немесе

оның агенті ұсынған жеткізілім жинақталымында болған сыммен ауыстыру керек.

3. Егер сужылытқыш температурасы төмен аудандарда ұзақ мерзім бойы

қолданылмаса, жылытқыштан су шығарылуы тиіс. Ол үшін қажет:

- сужылытқышты электр желісінен ажырату қажет;

- сужылытқышқа суық су жіберетін тиекті жабу қажет;

- смесителдегі ыстық су кранын ашу қажет;

- сақтандыру қақпақшасындағы су шығаратын кранды ашу керек;

Назар аударыңыз! Су өте ыстық болуы мүмкін.

- суды төгу керек.

41

6. Назар аударуды қажет ететін сәттер

4. Розетканың жерге тұйықталуы берік болуы тиіс.

5. Алюминий және пластмассадан жасалған шлангтерін құбыр ретінде қолданбаңыз.

6. Бөшкенің сыртқы бетінде орналасқан температура көрсеткіші бөшкедегі судың

шамадағы болған температурасын көрсетеді.

42

Ақау түрлері.

Ақау себептері.

Ақауды жою.

Дисплейде

индикация

көрінбейді

ҚӨҚ қорғанысы іске қосылды.

«test» батырмасын басып, ҚӨҚ-ті тексеріңіз. Егер ҚӨҚ

тексеруден өтсе, (3) қайта іске қосу батырмасын

басыңыз. Егер ҚӨҚ тексеруден өтпесе, жөндеу

жұмыстарын жүргізу үшін техникалық қызмет көрсету

мамандарымен хабарласыңыз (төмендегі суретті

қараңыз).

Суды қыздыру

уақытының артуы.

Қақтың интенсивті пайда болуы.

Арнайы жөндеу немесе тазалау жұмыстарын

жүргізіңіз.

Қыздыру элементі істен шыққан

шығар, тексеріңіз.

Арнайы жөндеу жұмысын жүргізу қажет.

Қуаттылық реттеуіші минималды

мәнге қойылған шығар, тексеріңіз.

Жоғары мәндегі қуаттылықты орнатыңыз.

Температура реттеуішінің

жарамсыздығы.

Арнайы жөндеу жұмысын жүргізу қажет.

Жұмыс индикаторы

жанбайды.

Құрылғы электр желісіне

қосылмаған шығар,тексеріңіз.

Электр желіде кернеу жоқ/ құрылғы электр желісіне

қосылмаған.

Ішкі электр сымдарының

зақымдануы.

Арнайы жөндеу жұмысын жүргізу қажет.

Индикатор шамы жарамсыз

болғандықтан шығар, тексеріңіз.

Арнайы жөндеу жұмысын жүргізу қажет.

Су қажетті

температураға дейін

ысыған жоқ.

Температура ретеуіш минималды

мәнге мүмкін қойылған шығар.

Температураны жоғары мәнге қойыңыз.

Температура реттеуіші жарамсыз.

Арнайы жөндеу жұмысын жүргізіңіз.

Қыздыру элементі жарамсыз.

Арнайы жөндеу жұмысын жүргізу қажет.

Қызып кетуден қорғаныс құралы

іске қосылған шығар, тексеріңіз.

Арнайы жөндеу жұмысын жүргізу қажет.

7. Жиі кездесетін ақаулар және оларды жою жолдары.

Оглавление