Polaris PVCR 1012U: ГАРАНТІЙНЕ ЗОБОВ’ЯЗАННЯ

ГАРАНТІЙНЕ ЗОБОВ’ЯЗАННЯ : Polaris PVCR 1012U

ГАРАНТІЙНЕ ЗОБОВ’ЯЗАННЯ

Виріб: Робот-пилосос побутовий електричний Модель PVCR 1012U

Ця гарантія надається виробником на додаток до прав споживача, встановлених чинним законодавством

Російської Федерації, і жодною мірою не обмежує їх.

Ця гарантія діє впродовж 12 місяців від дати придбання виробу та передбачає гарантійне обслуговування

виробу у разі виявлення дефектів, пов’язаних з матеріалами та роботою. У цьому випадку споживач має

право також на безкоштовний ремонт виробу. Ця гарантія діє у разі дотримання таких умов:

7. Гарантійне зобов’язання розповсюджується на усі моделі, які випускаються компанією TEXTON

CORPORATION LLC, у країнах, де надається гарантійне обслуговування (незалежно від місця

покупки).

8. Виріб купується виключно для особистих побутових потреб. Виріб повинен використовуватися

відповідно до інструкції з експлуатації та з дотриманням правил та вимог безпеки.

9. Обов’язки виробника відповідно до цієї гарантії виконують продавці уповноважені дилери

виробника та офіційні центри з обслуговування - (сервіс) центри. Ця гарантія не розповсюджується

на вироби, придбані у не уповноважених виробником продавців, котрі самостійно несуть

відповідальність перед споживачем згідно з російським законодавством.

10. Ця гарантія не розповсюджується на дефекти та зовнішні зміни приладу, що виникли у результаті:

Хімічного, механічного та іншого впливу, попадання сторонніх предметів, рідин, комах та

продуктів їх життєдіяльності всередину виробу;

Неправильної експлуатації, що полягає у використанні виробу не за його прямим призначенням, а

також встановлення та експлуатації виробу з порушенням правил та вимог техніки безпеки;

Нормальної експлуатації, а також природнього зношування, що не впливають на функціональні

властивості: механічні пошкодження зовнішньої або внутрішньої поверхні (вм’ятини, подряпини,

потертості), природні зміни кольору металу, у тому числі поява райдужних та темних плям, а також

корозії на металі у місцях пошкодження поверхні та непокритих ділянках металу;

Зношування деталей оздоблення, ламп, батарей, захисних екранів, накопичувачів сміття, ременів,

щіток та інших деталей з обмеженим строком використання;

Ремонту виробу, здійсненого особами або фірмами, що не є авторизованими сервісними

центрами*.

11. Ця гарантія діє за умови пред’явлення оригіналу цього гарантійного талона, оригіналу товарного

чека, виданого продавцем, та виробу, у якому виявлено дефекти.

12. Ця гарантія діє лише для виробів, що використовуються для особистих побутових потреб, та не

розповсюджується на вироби, котрі використовуються з комерційною, промисловою та

професійною метою.

З усіх питань гарантійного обслуговування виробів POLARIS звертайтеся до вашого місцевого офіційного

продавця POLARIS.

У разі виявлення несправностей обладнання необхідно негайно зв’язатися із сервісним центром.

*Адреси авторизованих центрів обслуговування на сайті Компанії: www.polar.ru

Постачальник не несе жодної відповідальності за збитки, пов’язані з пошкодженням виробу під час

транспортування, внаслідок некоректного використання, а також у зв’язку із модифікацією або

самостійним ремонтом виробу.

29

Тұрмыстық робот-шаңсорғыш

POLARIS

Моделі PVCR1012U

Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

POLARIS сауда таңбасымен шығарылатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғысымызды

білдіреміз. Біздің бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары

талаптарға сәйкес жасалған. Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға

сенімдіміз.

Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты міндетті түрде

толықтай, мұқият оқып шығыңыз, осы нұсқаулықтың барлық пайдалану ережелерімен мұқият

танысыңыз, онда Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құрылғыны

дұрыс пайдалану және оған күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар мен кеңестер берілген.

Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге,

мүмкіндігінше, картон қорапта және орама материалымен бірге сақтаңыз.

Мазмұны

Жалпы мәлімет ..............................................................................................................................30

Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар .......................................................................................31

Осы құрылғымен жұмыс атқару барысындағы қауіпсіздік жөніндегі арнайы нұсқаулар .......32

Құрылғының пайдалану саласы ..................................................................................................33

Құрылғының сипаттамасы .............................................................................................................34

Құрылғының жиынтықтылығы ........................................................................................................35

Құрылғыны орама қорабынан шығарып алу және іске қоспас бұрын пайдалану үшін дайындау ....35

Құрылғыны пайдалану ...................................................................................................................37

Құрылғыны және оның сыртқы корпусын тазарту және күтім жасау .......................................40

Ақауларды іздестіру және оларды жою тәсілдері ........................................................................41

Құрылғыны сақтау жөніндегі ережелер ......................................................................................43

Құрылғыны тасымалдау жөніндегі ережелер .............................................................................43

Қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі талаптар .........................................................................43

Техникалық сипаттамалары ...........................................................................................................43

Сертификаттау жөніндегі ақпарат .................................................................................................44

Кепілдік міндеттеме ........................................................................................................................46

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, моделі PVCR 1012U POLARIS сауда таңбасымен

шығарылатын тұрмыстық электрлі робот-шаңсорғыш (бұдан әрі мәтін бойынша құрылғы, робот-

шаңсорғыш) жөніндегі техникалық деректері мен сипаттамаларымен, оның құрылғысымен,

сонымен қатар құрылғыны сақтау мен пайдалану бойынша ережелермен танысуға арналған.

30

ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР

Бұл құрылғы электр энергетикасы саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес

пайдаланылуы тиіс, яғни құрылғының пайдалануы «Тұтынушылардың электрлі

қондырғыларын техникалық пайдалану қағидалары» бойынша тұтынушылардың электр

қондырғыларын техникалық пайдалану тәртібін айқындайтын ережелерінің талаптарына сәйкес

жүзеге асырылуы тиіс.

Бұл құрылғы тек қана үйде тұрмыстық мақсатта пайдаланылуы тиіс.

Бұл құрылғыны пайдалануды бастамас бұрын осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты міндетті

түрде, толығымен мұқият оқып шығыңыз және анықтамалық материал ретінде қолдану үшін оны

сақтап қойыңыз.

Құрылғы осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес тек мақсаты бойынша

пайдаланылуы тиіс.

Аталмыш құрылғыны қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның

нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі

мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар

тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құрылғымен

ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.

Назар аударыңыздар! Құрылғыны ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған

басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.

Құрылғыны ешбір жағдайда суға немесе басқа сұйықтықтарға батырып салуға мүлдем

болмайды.

Әр жолы құрылғыны іске қоспас бұрын, оны қарап шығыңыз.

Аккумуляторлық батареяны (АКБ-ны) зарядтау үшін шаңсорғыштың осы моделінің

жиынтықтылығына кіретін зарядтайтын құрылғысын (адаптерді) ғана пайдаланыңыз. Бұл

адаптерді өзге мақсатта қолданбаңыз.

Зарядтағыш құрылғы немесе адаптер және оның электрмен қоректендіру баусымы зақымдалған

жағдайда, адаптерді розеткаға қосуға тайым салынады. Адаптерді ауыстыру (жөндеу) қажет

болса, авторландырылған (өклетті) қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Құрылғының

зарядтағыш құрылғысын және адаптерді бөлшектемеңіз!

Зарядтағыш құрылғыны пайдаланбай аккумуляторлық батареяны зарядтау үшін алдымен

адаптердің істікшесін шаңсорғыш құрылғының корпусындағы бүйір жақ бөлігінде орналасқан

сәйкесінше электр тізбегін біріктіретін және ажырататын электр жалғағыш ұяшыққа

жалғастырып кіргізіңіз, содан кейін адаптердің ашасын розеткаға жалғастырыңыз.

Аккумуляторлық батареясын зарядталып болған соң, адаптерді желіге қосылу күйінде

қалдырмаңыз.

Зарядтағыш құрылғыны пайдалану барысында АКБ-ны зарядтау қажеттілігі автоматты түрде

құрылғы арқылы анықталады, егер де зарядтағыш құрылғы пайдаланылмаса, аккумуляторлық

батареясының заряды толығымен таусылып бітпегенше оны зарядтамаңыз.

Адаптерді тек ауыспалы тоқ көзіне ғана (~) қосыңыз. Оны тоқ көзіне қоспас бұрын, электрлік

қоректену желідегі қолданылатын электрлік параметрлерін тексеріңіз, бұл адаптердің

техникалық сипаттамаларына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз.

Кез келген ақау бола тұра құрылғыны іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан

айырады.

Техникалық стандартқа сай келмейтін қуат беру және электрлік қоректендіру көздері мен

ұзартқыш және үшжақты жалғаулық секілді қосу құрылғыларын пайдаланбаңыз.

31

Адаптерді желіге қоспас бұрын, оның істікшесі шаңсорғыш құрылғыдағы не зарядтауыш

құрылғыдағы сәйкесінше ұяшығына орнатылғандығын тексеріңіз.

Құрылғыны бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құрылғыны сүйiр бұрыштарға

соғылуынан сақтаңыз, оны қыздыру не жылу шығаратын көздерінен және өзге де электрлі

құралдардан алыс қашықтықта орналастырыңыз, құрылғы ыстық ауаның тікелей күн көзіне,

жоғары температураның әсеріне, тікелей күннің жарық сәулесінің және де жауын-шашындардың

түсуіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп, яғни құрылғылардың бұзылу қаупін туғызатын

себептерін болдырмайтындай етіп, сақталуы керек (құрылғыны ешбір жағдайда суға немесе

басқа сұйықтықтарға батырып салмаңыз).

Электрмен қоректендіру адаптерін ылғалды қолмен желіге қоспаңыз (дымқыл қолыңызбен оны

ұстамаңыз).

Аккумуляторлық батареясын зарядтап болған соң, әркез адаптерді электр желіден ажыратыңыз

және де, шаңсорғыш құрылғыдағы не зарядтайтын құрылғыдағы орналасқан зарядтауыш

ұяшықтан ажыратыңыз.

Іске қосылып тұрған құрылғыны, оның зарядтағыш құрылғысын, сонымен қатар адаптерді

қадағалаусыз қалдырмаңыз. Құрылғыны, оның зарядтағыш құрылғысын және адаптерді

балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Адаптерді оның электрлі желілік баусымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ,

адаптерді оның электрмен қоректендіретін баусымын ұста, тартып тоқ көзінен ажыратуға тыйым

салынады. Адаптерді электрлік қоректену желіден ажырату барысында адаптердің корпусынан

ұстаңыз, тоқ жүретін істіктерге қолдарыңызды тигізбеңіз.

Құрылғыны және оның жеткізілім жиынтықтығына кіретін барлық қосымша болшектері мен

керек-жарақтарын өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Құрылғыны және оның барлық бөлшектері

мен желілік баусымын тек қана білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкерлері

ғана ауыстыра алады. Жөндеу жұмыстарын біліктілігі жоқ немесе біліктілілігі төмен деңгейдегі

санаты жоқ тұлға тарапынан жасалған болса, бұл қолданушыны қауiп-қатерге ұшыратуы мүмкін.

Құрылғыны жөндеу, тексеру мен құрылғыны қалыпты күйге келтіру жұмыстарын тек қызмет

көрсету орталықтарының білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек.

Құрылғыны жөндеу үшін тек түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді ғана пайдалануға қажет.

ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ

АРНАЙЫ НҰСҚАУЛАР

Шағсорғыштың жұмысы барысында тазаланатын бөлме еденінде жұмыс жасап тұрған қыздыру

құралдарды және өзге де қыздыру не жылу шығаратын электрлі құралдарды қалдырмаңыз.

Шаңсорғышты шаң жинауға арналған контейнерсіз, сонымен қатар шаң жинағыш контейнерде

болуы тиіс сүзгішсіз пайдалануға тыйым салынады, бұл бұйымдар осы пайдалану жөніндегі

нұсқаулықтың ережелері мен талаптарына сәйкес орнатылуы тиіс және де, бұл бұйымдардың

тұрмыстық қажеттілігіне сәйкес тағайындалған күтім мен тазарту ретінде көрсетілетін

қызметтердің түрлері лайықты түрде көрсетілуі тиіс.

Шаңсорғыш құрылғыны тазарту үшін химиялық еріткіштерді пайдаланбаңыз.

Шаңсорғышпен келесідей заттар мен материалдарды жинамаңыз:

тез тұтанатын заттектерді: күл, көмір, темекі тұқылы және т.б.;

өткір заттарды: сынған шыны, ине, кеңселік жапсырма шеге, қағаз қыстырғыш және т.б.;

принтер мен көшірме машиналарында қолданылатын бояу, себебі ол электр өткізгіш

қоспасы болып табылады және ол сүзгіштен толық жойылмайды;

32

улы және күйдіргіш заттарды, сонымен қатар жарылуға қауіпі бар заттарды;

асбест, немесе асбестті шаңды;

ірі өлшемді заттарды;

дымқыл шан мен әр түрлі ылғалды қоқыс материалдарды;

су мен кез келген басқа да сұйықтық заттарды жинауға мүлдем болмайды.

Өндіруші кеңес берген керек-жарақтары мен қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.

Шаңсорғыш құрылғының ауа шығаратын желдеткіш саңылауларын жабуға тыйым салынады.

Жұмыс жасап тұрған шаңсорғышты корпустың шеті мен бүйір жақтарына орнатуға тыйым

салынады. Жұмыс барысында шаңсорғыш әркез көлденең қалпында болуы тиіс, құрылғының

үсті жағында орналасқан бампер-қақпағы жоғары қарайтындай етіп орналасуы қажет.

Баспалдақтардың шеті мен едендердің биіктігінде айырмашылықтар байқалса, шаңсорғыштың

тұрақтылығын қадағалаңыз. Баспалдақтың ені құрылғының көлемінен жалпағырақ болуы тиіс,

оған айналатын бүйір жақ қылшақтар да енеді, әйтпесе құралды баспалдақты тазалау үшін

пайдаланбаңыз.

Бұл құрылғы қатты едендік жабыны мен түктері төмен кілемдерді тазартуға жарамды.

Құрылғыны тегіс емес еденнің үстінде және түктері жоғары кілемді тазарту үшін пайдаланбаңыз,

сондай-ақ, электр құрылғылардың тарқатылған сым не баусымдар секілді еден бетінде

кедергілер байқалса шаңсорғыш құрылғыны қолданбаңыз.

Түктері төмен кілемдерді тазарту барысында бүйір жақ қылшақтарды шешіп алыңыз, әйтпесе

олар бұзылуы не сынуы мүмкін.

Құрылғы, оның жеткізілім жиынтықтығына кіретін тек түпнұсқалық АКБ мен зарядтайтын

құрылғымен жұмыс жасау үшін арналған. Электрмен қоректендіру мен зарядтау үшін өзге бөгде

құрылғыларды пайдалану құралдың бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.

Құрылғыны пайдаланбас бұрын, еденнің үстінен шыны секілді немесе басқа да өте морт сынғыш

заттарды, сондай-ақ, электр құрылғылардың тарқатылған сымдарды не электрлі баусымдарды

жинаңыз.

Құрылғының үстіне отырмаңыз және оның үстіне жануарларды отырғызбаңыз, сонымен қатар,

оның үстіне ешбір заттарды қоймаңыз.

Құрылғыны және оның шаң жинауға арналған контейнерін әрбір пайдаланғаннан кейін

тазартыңыз.

ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ

Бұл құрылғы тек қана үйде тұрмыстық мақсатта осы пайдалану жөніндегі Нұсқаулықтың ережелері

мен талаптарына сәйкес пайдаланылуы тиіс. Шаңсорғыш құрылғы шаң-тозаң мен ұсақ қоқысты

сору арқылы қабаты берік, әрі тегіс тұрмыстық бөлмежайдың еден бетін құрғақ күйде тазалауға

арналған. Құрылғыны өнеркәсіптік және коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады.

Сондай-ақ, бұл құрылғыны бөлмежайдан тысқары жерде, сонымен қатар, ылғалдығы жоғары және

ауа температурасы +15ºС -тан төмен жылытылмайтын мекенжайларда пайдалануға мүлдем

болмайды.

Өндіруші осы пайдалану бойынша нұсқаулықта қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаудың

нәтижесінде туындаған залал үшін жауапты емес.

33

ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

1. Робот-шаңсорғыштың корпусы

2. Бампер-қақпағы

3. Қуатты айыратын және ауыстырып қосатын тетігі ұрылғыны іске қосып, сөндіретін тетігі)

4. Алдыңғы доңғалағы

5. Ультрадыбыстық датчиктері

6. Биіктіктің алмасуын тексеретін датчиктері

7. Құрылғының сол және оң жағында орналасқан бүйірлік қылшақтары

8. Шаң мен ұсақ қоқысты сорып алуға арналған саңылау

9. Артқы қозғалтқыш (мотор)- доңғалақтары

10. Бампер-қақпақтың бекіткіші

34

ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҒЫ

1. Робот-шаңсорғыш - 1дана.

2. Шаң жинауға арналған контейнері сүзгішпен бірге (алдын ала орналастырылған) - 1дана.

3. Аккумуляторлық батареясы (алдын ала орналастырылған) - 1дана.

4. Зарядтау құрылғысы -1дана.

5. Құрылғының бүйір жақ қылшақтары (сол және оң бүйірлі жағында орналасқан) - 3дана.

6. HEPA сүзгісі - 1 дана.

7. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық -1дана.

8. Қызмет көрсету орталықтарының тізімі-1 дана.

9. Кепілдік талон - 1 дана.

10. Құрылғының орамасы (полиэтилен пакеті + қорабы) 1 дана.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ОРАМА ҚОРАБЫНАН ШЫҒАРЫП АЛУ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ ҚОСПАС

БҰРЫН ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ДАЙЫНДАУ

Құрылғының қаптама қорабын ашып, құрылғыны абайлап алып шығарыңыз, содан кейін оның

орайтын барлық материалдарын құралдың ішінен және сыртынан алып тастаңыз.

Құрылғының сыртқы корпусынан жарнамаға қатысты барлық жапсырмаларды алып тастаңыз.

Құрылғымен бірге жеткізілетін оның барлық жеткізілім жиынтықтығына кіретін құрамдас

бөлшектері мен керек-жарақтарын тексеріңіз, осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың

(«Құрылғының жиынтықтылығы» тарауын қараңыз).

Құрылғының барлық бөлшектері мен керек-жарақтарын және зарядтау құрылғыны шығарып

алыңыз.

Құрылғымен бірге жеткізілетін барлық құрамдас бөлшектері мен бұйымдардың

зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.

Бүйір жақ қылшақтарды орнатыңыз. Ол үшін шаңсорғыш құрылғыны төменгі тақтасымен

жоғары қарай орнатыңыз, әрбір бүйір жақ қылшақтарды (2 дана) өз біліктеріне, олардың төрт қырлы

саңылауларын төмен қарай қаратып, кигізіңіз. Бүйір жақ қылшақтардың бекіткіш бұрамаларын

бұрап алыңыз, бүйір жақ қылшақтарды орнатыңыз, (төменгі суретте көрсетілгендей) оларды

орнатып болған соң, олардың бекіткіш бұрамаларын бұрағыш арқылы бұрап, бекітіңіз.

Құрылғыны алғашқы рет пайдаланбас бұрын аккумуляторлық батареясын (АКБ-ны) зарядтау

қажет. Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың «АКБ-ны ЗАРЯДТАУ» тарауын қараңыз.

35

АКБ-ны орнату және ажыратып алу

Назар аударыңыздар: Құрылғыға аккумуляторлық батареясын орнатпас бұрын немесе оны

ажыратып алудың алдында құрылғының зарядтау құрылғысы электрлік қоректену

желісінен және шаңсорғыш құрылғыдан ажыратылып тұрғандығына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: Егер де, аккумуляторлық батарея құрылғыға алдын ала орнатылған болса және бұл

батарея ақаусыз болып анықталса - оны батарея орнатуға арналған бөлігінен алуға қажеті жоқ.

Құрылғыны іске қосып, сөндіретін тетігін, яғни қуатты айыратын тетігін «О» (сөндіру) қалпына

орнатыңыз, осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың (Құрылғының сипаттамасы) тарауын қараңыз.

Құрылғының бампер-қақпағын ажыратып, шешіп алыңыз, ол үшін оны құрылғының корпусынан

артқа қарай жылжытыңыз да, оның бекіткішін жоғары қарай тарта, бампер-қақпағын сәл ғана алға

қарай жылжытып, оны құрылғыдағы алдыңғы жағында орналасқан қысқыш тіреуіштерден шешіп

алыңыз, осы нұсқаулықтың (Құрылғының сипаттамасы) тарауын қараңыз.

Батареяны орнатуға арналған бөлігінің қақпақшасын ашыңыз, ол үшін оның қақпақшасындағы

ілмегіне басыңыз.

Егер құрылғыдағы батараяны орнатуға арналған бөлігінде аккумуляторлық батарея

орнатылмаған болса - аккумуляторлық батареясының электр тізбегін біріктіретін және ажырататын

электр жалғағыш тетігін жалғастырыңыз да, батареяны орнатуға арналған бөлігіне аккумуляторлық

батареяны орнатыңыз.

Құрылғының аккумуляторлық батареясын ажыратып алу үшін батареяны орнатуға арналған

бөлігінің қақпақшасын ашыңыз да, АКБ-ны шығарып алыңыз, содан кейін аккумуляторлық

батареяның электр тізбегін біріктіретін және ажырататын электр жалғағыш тетігін ажыратып

алыңыз.

Құрылғыдағы батареяны орнатуға арналған бөлігінің қақпақшасын жабыңыз, ол үшін

құрылғының бампер-қақпағын алдыңғы жағынан құрылғыдағы алдыңғы жағында орналасқан

қысқыш тіреуіштерге іліністіру қажет және оның артқы жағын - құрылғыдағы артқы жағында

орналасқан бекіткішке іліністіріп, орнатыңыз.

36

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ

Құрылғының ішкі бөлігіне сүзгілермен бірге құрастырып жиналған шаң мен қоқыс жинауға

арналған контейнері орнатылғанына және оның шаң-тозан мен қоқыстан осы пайдалану

жөніндегі нұсқаулықтың «Шаңжинағыш бөлігін тазарту» тарауындағы талаптарына сәйкес

тазартылғанына көз жеткізіңіз.

Назар аударыңыздар: Шаңсорғыш құрылғыны шаң жинауға арналған контейнерсіз

немесе сүзгілерсіз, яғни оның шаңжинағыш жиынтығы орнатылмаған болса, сондай-ақ,

егер де, бұл контейнер мен сүзгілер осы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес тазартылмаған

болса пайдалануға тыйым салынады.

Құрылғыны іске қосыңыз, ол үшін оның корпусында орналасқан қуатты айыратын және

ауыстырып қосатын тетігін, яғни құрылғыны іске қосып, сөндіретін тетігін «I» қалпына

орнатыңыз. Сол кезде қақпақтың асты жағындағы индикаторлық шамы көк түспен жанып,

жарқырай бастайды.

Шаңсорғыш құрылғыны бөлмедегі жиналатын еденге қойған соң, ол автоматты түрде ластанған,

шаң-тозаңға толып қалған еден аумағын тазалай бастайды.

Робот- шаңсорғыш тазалауды аяқтаған соң, оны көтеріңіз, сол сәтте ол автоматты түрде сөнеді.

Қуатты айыратын және ауыстырып қосатын тетігін, яғни құрылғыны іске қосып, сөндіретін

тетігін «О» (сөндіру) қалпына орнатып қойыңыз.

Шаңжинағыш бөлігінде орналасқан шаңжинағыш жиынтығын, яғни сүзгілермен бірге

құрастырып жиналған шаң мен қоқыс жинауға арналған контейнерді алып шығарыңыз да, шаң-

тозан мен қоқыстан тазартыңыз, осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың «Шаңжинағыш бөлігін

тазарту» тарауын қараңыз.

Егер де, АКБ-ның заряды тым төмендеп кетіп, таусылған жағдайда, құрылғыдағы

индикаторлық шамы қызыл түсті болып жанады.

Егер де, құрылғыдағы индикаторлық шамы қызыл түспен жанып, өзгермей үнемі қызыл түсті

болып жанып тұрса - бұл құрылғының жүйесіндегі қате түрінде орын алуы мүмкін жаңылу, осы

пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ( «Ақауларды іздестіру және оларды жою тәсілдері») тарауын

қараңыз.

АКБ-ны ЗАРЯДТАУ

1. АКБ-ны зарядтау алдында әрқашан шаңсорғыш құрылғы сөндірулі күйінде болуы

тиіс, яғни құрылғының корпусындағы қуатты айыратын және ауыстырып қосатын

тетігі сөндірулі қалпында орнатылып тұрғанына көз жеткізіңіз.

2. Зарядтау құрылғысының істікшесін шаңсорғыш құрылғының корпусындағы бүйір жақ

бөлігінде орналасқан электр тізбегін біріктіретін және ажырататын электр жалғағыш

ұяшыққа жалғастырып кіргізіңіз.

3. Зарядтау құрылғыны электрлік қоректену желіге жалғастырыңыз. Шаңсорғыш құрылғыны

іске қосыңыз, ол үшін оның корпусында орналасқан қуатты айыратын және ауыстырып

қосатын тетігін « қалпына орнатыңыз. Сол кезде құрылғыдағы индекаторлық шамы көк

түспен жанып, жыпылықтай бастайды.

4. Құрылғыдағы индекаторлық шамы көк түспен жанып, өзгермей үнемі көк түсті болып

жанып тұрса, бұл зарядтау үдерісінің аяқталғанын білдіреді, яғни аккумуляторлық

батареясының заряды толығымен зарядталған.

37

5. Зарядтау құрылғыны АКБ толығымен зарядталғанша электрлік қоректену желіден

ажыратпауға кеңес беріледі. ккумуляторлық батареясының заряды толығымен зарядталған

жағдайда зарядтау құрылғыны алдымен электрлік қоректену желіден ажыратыңыз, содан

кейін оны шаңсорғыш құрылғыдан ажырату қажет. Шаңсорғыш құрылғының корпусында

орналасқан қуатты айыратын және ауыстырып қосатын тетігін, яғни құрылғыны іске қосып,

сөндіретін тетігін «О» (сөндіру) қалпына орнатып қойыңыз.

6. Құрылғыны қолдануға болады, құрылғы тазартуды бастауға дайын.

Ескертпе:

Егер құрылғыны ұзақ уақыт бойы қолданбасаңыз, оның аккумуляторлық батареясын үш ай

сайын кемінде бір рет зарядтаңыз, яғни АКБ-ны әрбір 3 ай сайын зарядтауға кеңес беріледі.

Осы сипатталған мәселе пайда болған жағдайда алдымен аккумуляторлық батареясының

тоғын ажыратып, оның заряды толығымен таусылғанша оны отырғызу қажет, ол үшін

шаңсорғыш құрығыны максималды мүмкін уақытқа жұмыстық жылжу қалпына келтіріп, іске

қосыңыз.

АКБ-ны зарядтау қажеттілігі автоматты түрде құрылғы арқылы анықталады, егер де,

құрылғының жақын арада сөнетіні белгілі болса, яғни құрылғы сигнал арқылы оның

аккумуляторлық батареясының заряды толығымен таусылып қалған туралы ескерткен

жағдайда, нақтырақ айтқанда бұл мәселені білдіретін құрылғыдағы сигналдаушы белгісі

пайда болғанда (оның индекаторлық шамы қызыл түспен жанып, өзгермей үнемі қызыл түсті

болып жанып тұрса) немесе құрал сөніп қалса ғана АКБ-ны зарядтауға кеңес беріледі.

Зарядтау циклін толық бір рет орындауға кеңес беріледі, құрылғының толық зарядталудың бір

кезеңі орындалып болған соң, яғни оның аккумуляторлық батареясының заряды толығымен

зарядталған соң, бұл құрылғы кез келген берік, қатты, едендік жабыны бар түрлі еден қабатта

тазартуды құрғақ күйде бірден орындай алады, құрылғының автономдық жұмысының

орындалу ұзақтығы 80 минутқа дейін болуы мүмкін.

Құрылғыны сақтау барысында, сонымен қатар, құрылғы біраз уақыт бойы қолданылмаса,

сондай-ақ, құрылғыны пайдалану мерзімі ішінде қолданған кезде құрылғының автономдық

жұмысының ұзақтығы азаю мүмкін.

Пайдалануға жарамайтын АКБ-ны құрылғыдағы батарея орнатуға арналған бөлігінен

ажыратып алып, кәдеге жарату қажет.

38

ШАҢЖИНАҒЫШ БӨЛІГІН ТАЗАРТУ

- Шаңсорғыш құрылғыны сөндіріп, электрлік қоректену желіден ажыратыңыз. Зарядтау құрылғы

электрлік желіден және шаңсорғыш құрылғының корпусындағы электр жалғағыш ұяшықтан

ажырағандығына көз жеткізіңіз.

- Құрылғының бампер-қақпағын ажыратып, шешіп алыңыз, ол үшін оны құрылғының корпусынан

артқа қарай жылжытыңыз да, оның бекіткішін жоғары қарай тарта, бампер-қақпағын сәл ғана алға

қарай жылжытып, оны құрылғыдағы алдыңғы жағында орналасқан қысқыш тіреуіштерден шешіп

алыңыз, осы нұсқаулықтың (Құрылғының сипаттамасы) тарауын қараңыз.

- Шаң мен қоқыс жинауға арналған контейнерді жоғары қарай тартып, шығарып алыңыз.

- Контейнердің қақпақшасын ашыңыз.

- Сүзгілерді шығарып алыңыз.

- Контейнерді сәл қағып-сілкіп шаң мен қоқыстан тазартыңыз.

39

- Сүзгілерді шағын қылшақтың көмегімен тазартыңыз (құрылғының жеткізілім жиынтықтығына

кірмейді).

- Шаң мен қоқыс жинауға арналған контейнерді және сүзгілерді салқын ағын судың астында

жақсылап жуып, шайып тазалаңыз, контейнерді құрғақ шүберекпен құрғата сүртіңіз, барлық

сүзгілерді және контейнерді толықтай, орнатпас бұрын бөлме температурада 24 сағат бойы

кептіріңіз, үтік секілді қыздырғыш құрылғыларды және кептіргіш құрылғыларды қолданбаңыз.

- Контейнерді құрастырып, оны өз орнына орнатыңыз.

- Құрылғының бампер-қақпағын алдыңғы жағынан құрылғыдағы алдыңғы жағында орналасқан

қысқыш тіреуіштерге іліністіру қажет және оның артқы жағын - құрылғыдағы артқы жағында

орналасқан бекіткішке іліністіріп, орнатыңыз.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СЫРТҚЫ КОРПУСЫН ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ ЖАСАУ

1. Құрылғыны тазартпас бұрын, құрылғы оның зарядтағыш құрылғыдан, ал зарядтайтын

құрылғы - электрлік қоректену желіден ажыралып тұрғандығына көз жеткізіңіз.

2. Құрылғыны және зарядтау құрылғыны суға немесе өзге де сұйықтықтарға батырып салмаңыз.

3. Құрылғыны тазарту үшін бензин, спирт және химиялық ерітінділерді пайдаланбаңыз.

4. Құрылғының металл бөліктерін таза, құрғақ мата сулықпен сүртіп шығыңыз.

5. Құрылғының пластик бөліктерін сәл ылғалды, сығылған мата сулықпен сүртіп шығыңыз.

Құрылғыны ылғал мата сулықпен тазартқан кезде оның сыртқы бетінде су тамшылары

болмауы тиіс, яғни құрылғының сыртқы бетіне су тамшылары тамып кетпесін, қадағалаңыз.

6. Құрылғыны құрғақ, салқын жерде сақтаңыз.

Датчиктерді тазарту

Датчиктерді жұмсақ матаны пайдалану арқылы механикалық әсер етусіз ұқыптылықпен сүртіңіз.

40

Бүйір жақ қылшақтарды тазарту

1. Қылшақтардың бүлінбеуін және/немесе қандайда бөгде заттардың болмауын тексеріңіз.

2. Қылшақтарды жылы суға батырылған және жақсылап сығылған матамен сүртіп шығыңыз.

3. Бүйір жақі қылшақтар бүлінсе оларды дер кезінде жаңа бүйірлі қылшақтарға алмастырыңыз.

ТАЗАЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Тазалау бағдарламасы келесідей кезеңдерден тұрады, оларды автоматты түрде таңдап алуға болады:

1. «Ерікті түрде тазалау» кезеңі. Құрылғы тазарту жұмыс үдересі кезінде ерікті түрде тазалау

режимін қолдана ықтиярлы қозғалыспен жүріп, еден аумағын тазалай бастайды.

2. «Серіппе бойымен тазалау» кезеңі. Құрылғы тазарту жұмыс үдересі кезінде серіппе

бойымен тазалау кезені бойынша белгілі бір аумақты қарқынды түрде айналып тазалайды да,

содан тазарту әрекеті болып жатқан жер аумағын айнала ұлғайтып, тазалайды.

3. «Қабырға бойында тазалау» кезеңі. Құрылғы тазарту үдересі кезінде бөлмедегі 4

қабырғалардың бойында тазалай бастайды.

4. «Серіппе бойымен тазалау» кезеңі. Құрылғы тазарту жұмыс үдересі кезінде серіппе

бойымен тазалау кезені бойынша белгілі бір аумақты қарқынды түрде айналып тазалайды да,

содан тазарту әрекеті болып жатқан жер аумағын айнала ұлғайтып, тазалайды.

5. «Ирек бойымен тазалау» кезеңі. Құрылғы тазарту жұмыс үдересі кезінде бөлмедегі бір

қабырғадан қарама-қарсы қабырғаға ирек бойымен жылжып, қайтадан кері жаққа ирек

бойымен орала жылжып, еденді тазалайды.

6. «Серіппе бойымен тазалау» кезеңі. Құрылғы тазарту жұмыс үдересі кезінде серіппе

бойымен тазалау кезені бойынша белгілі бір аумақты қарқынды түрде айналып тазалайды да,

содан тазарту әрекеті болып жатқан жер аумағын айнала ұлғайтып, тазалайды.

7. «Көп бұрышты түрде тазалау» кезеңі. Құрылғы тазарту жұмыс үдересі кезінде 5 бұрыштық

траектория бойымен жылжып тазалайды да, содан тазарту әрекеті болып жатқан жер

аумағын бес бұрыштық траектория бойымен ұлғайта жылжып, еденді тазалайды.

8. «Серіппе бойымен тазалау» кезеңі. Құрылғы тазарту жұмыс үдересі кезінде серіппе

бойымен тазалау кезені бойынша белгілі бір аумақты қарқынды түрде айналып тазалайды да,

содан тазарту әрекеті болып жатқан жер аумағын айнала ұлғайтып, тазалайды.

Тазалау кезеңдерінің реттілігін таңдау үлгісі (тазалау кезеңдерінің реттілігі өзгеше болуы мүмкін).

АҚАУЛАРДЫ ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ТӘСІЛДЕРІ

Бұл кестеде құрылғыны пайдалану барысында туындауы мүмкін, кең таралған мәселелер және

олардың сипаттамасы келтірілген. Егер туындаған мәселені өз бетіңізбен шеше алмасаңыз,

тұтынушыларды қолдау орталығына немесе авторландырылған (өкілетті) қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

41

Ақауларға

қатысты мәселелер

Шешім

42

Робот шаңсорғыш құрылғы мүлдем

іске қосылмайды.

Аккумуляторлық батареяның жалғағыш тетігі құрылғыға

дұрыс қосылып тұрғанын тексеріңіз.

Робот шаңсорғыш құрылғы

зарядталмаған.

Адаптердің істікшесі шаңсорғыш құрылғының

корпусындағы сәйкесінше электр жалғағыш ұяшыққа

дұрыс жалғасып тұрғанын тексеріңіз.

Аккумуляторлық батареяны ұстап қараңыз. Егер батарея

қызып кеткен болса - адаптерді электрлік қоректену

желіден ажыратып, 1 сағат күте тұрыңыз, содан кейін

адаптерді қайтадан электрлік қоректену желіге

жалғастырып қосыңыз.

Робот шаңсорғыш құрылғы

зарядталған соң, бірден іске

қосылмайды.

Датчиктерге шаң, қыл секілді бөгде заттар жабысып,

тұрып қалған шығар, қарап тексеріңіз немесе бампер

датчиктерін бұғаттайтын, оларға механикалық кедергі

жасап тұрған бөгде заттардың бар-жоғын тексеріңіз, қажет

болса датчиктерді сүртіп тазартыңыз және бампер

датчиктерінің жұмыс істеу мүмкіндігін болдырмайтын

барлық кедергі жасап тұрған бөгде заттарды алыңыз.

Аккумуляторлық батареяны ұстап қараңыз. Егер батарея

тым қызып кеткен болса - шаңсорғыш құрылғыны

сөндіріңіз, адаптерді электрлік қоректену желіден

ажыратып, 1 сағат күте тұрыңыз, содан кейін адаптерді

қайтадан электрлік қоректену желіге жалғастырыңыз,

шаңсорғыш құрылғыны іске қосыңыз.

Робот шаңсорғыш құрылғы шаңды

нашар тазалайды.

Робот шаңсорғыш құрылғының шаңжинауыш бөлігіндегі

қоқыс пен шаң жинауға арналған контейнер мен

сүзгілерді қарап шығыңыз, қажет болса оларды қоқыс пен

шаң-тозаңнан тазартыңыз.

Робот шаңсорғыш құрылғы артқа

қарай жылжыйды немесе тұрған

жерінде айналып, жылжый береді.

Датчиктерге шаң, қыл секілді бөгде заттар жабысып,

тұрып қалған шығар, датчиктерді сүртіп тазартыңыз.

Бампер датчиктерінің жұмыс істеу мүмкіндігін

болдырмайтын, қандайда бір кедергі жасап тұрған бөгде

заттардың бар-жоғын тексеріңіз, қажет болса бампер

датчиктерінің жұмыс істеу мүмкіндігін болдырмайтын

барлық кедергі жасап тұрған бөгде заттарды алыңыз.

Робот шаңсорғыш құрылғының бір

доңғалағы/доңғалақтары

айналмайды.

Робот шаңсорғыш құрылғының доңғалақтарын қарап

шығыңыз, қажет болса оларды сүртіп тазартыңыз.

Ультрадыбыстық датчиктеріне

немесе бампер датчиктеріне

қатысты мәселе туындады.

Датчиктерді сүртіп тазартыңыз. Бамперді сәл қозғап, оған

қандайда бір бөгде зат түсіп, тұрып қалған шығар, қарап

тексеріңіз.

Робот шаңсорғыш құрылғы шарлап

жүрген кезде заттардың арасында

тіреліп, бөгеліп не ұсталып қалды.

Робот шаңсорғыш құрылғыны шығарыңыз да, оны қайта

іске қосыңыз.

Ескертпе: Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құрылғыны әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен

бірге лақтырмай, оны одан әрі кәдеге жарату мақсатында, қалдықтарды қабылдаумен, қайта өндеумен

және кәдеге жаратумен айналысатын ресми пунктке өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған ортаны сақтауға

көмектесесіз.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕР

Электрлі құрылғылар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын, салыстырмалы

ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар материалдарына теріс әсер

ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда сақталуы

тиіс.

Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕР

Электрлі құрылғыларды нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау және жүк тиеу-

түсіру жұмыстарын қамтамасыз ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес жабық көлік

құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды. Құралды тасымалдау барысында түпнұсқалық

зауыттық ораманы пайдаланыңыз.

Құрылғыларды тасымалдау барысында оларды тікелей механикалық бүлінулерден, қызудан, оған

тіке күн сәулесінің, атмосфералық жауын-шашындардың түсуінен, ылғал мен агрессивті жемірлі

орталар әсер етуінен қорғау шарттары қамтамасыз етілуі керек, сондай-ақ, құрылғылардың бұзылу

қаупін туғызатын себептерін болдырмау үшін жоғарыда аталған әсерлердің кездейсоқ тигізу

мүмкіндігін болдырмауы керек.

Назар аударыңыздар! Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құрылғыны әдеттегі

тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмай, оны одан әрі кәдеге жарату мақсатында, қалдықтарды

қабылдаумен, қайта өндеумен және кәдеге жаратумен айналысатын ресми пунктке өткізіңіз. Сөйтіп,

Сіз қоршаған ортаны сақтауға көмектесесіз.

ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР

Бұйымды кәдеге жарату барысында пайда болатын қалдықтар белгіленген тәртіппен және

салалық нормативті құжаттары бойынша көзделген қолданыстағы ережелер мен нормаларға сәйкес,

соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру мен залалсыздандыру бойынша

гигиеналық талаптар» Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға 2.1.7.1322-03

сәйкес кәдеге жарату үшін міндетті түрде жиналуы тиіс.

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

PVCR1012U POLARIS сауда таңбасымен шығарылатын тұрмыстық электрлі робот-шаңсорғыш

43

Құрылғының диаметрі: 270 мм.

Құрылғының биіктігі: 70 мм.

Шаң жинауға арналған контейнердің көлемі: 300 мл.

Құрылғының қуаттылығы: 15 Вт.

Қоректендіру қуат көзі: аккумуляторлық батарея Li-Po1200mAh14.8 В

АКБ-ны зарядтау уақытысы: 3-4 сағатқа дейін.

АКБ-мен жұмыс уақытысы: 80 минутқа дейін.

Зарядтау құрылғысы: PAD1012U

Зарядтау құрылғының сипаттамалары:

Кіріс кернеуі: 100-240 В.

Жиілігі: 50/60 Гц.

Шығыс кернеуі: 20 В.

Шығыс ток жүктемесі: 1000 мА.

Қорғаныс жіктелімі– 2.

Ескертпе: Өзгерістер мен жетілдіруді енгізудің ұдайы үрдісінің орын алуынан, нұсқаулық пен

бұйымның арасында қандай да бір айырмашлық байқалуы мүмкін. Өндіруші, тұтынушының бұған

назар аударатынына үлкен үміт артады.

СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТ

Құрылғы РФ нормативті құжаттарына сәйкестікке сертификатталған.

Сәйкестік Сертификатының тіркеу нөмірі № ТС RUC-US.ЭС01.В.00075

сериялық нөмірі RU № 0399737

Қолданылу мерзімі: 08.12.2016 мерзімінен бастап 07.12.2017. мерзіміне дейін жарамды.

Берілген: Өнімді сертификаттау жөніндегі органы Жауапкершілігі шектеулі қоғам «ЭнергоСС».

Орналасқан жері және нақтылы мекенжайы: Ресей Федерациясы, 117556, Мәскеу қаласы,

Варшавское тас жолы, 70-үй, 2- корпусы, 2- кеңсе. Телефоны/факсі +7(499)9408902, электрондық

пошталық мекенжай: energoss08@mail.ru

Құрылғының құрылымы «Төмен вольтты құрылғы қауіпсіздігі жөнінде» ТР ТС 004/2011, сондай-ақ,

«Техникалық құралдардың электрлі-магнитті сәйкестігі» ТР ТС 020/2011 талаптарына сәйкес

келеді.

Бұйымның есептік жарамдылық мерзімі: 3 жыл.

Кепілдік мерзімі: 1 жыл сатып алған күннен есептеп санағанда.

Құрылғының өнделіп шығарылған күні мен жылы жөніндегі ақпарат құрылғының

техникалық төлкұжатында көрсетілген.

Өндіруші:

LimitedLiabilityCompanyTEXTONCORPORATION - "ТЕКСТОНКОРПОРЕЙШН" Жауапкершілігі

44

шектеулі қоғам.

160 Greentree Drive, Suite 101, City Dover, Country of Kent, State of Delaware 19904, United States of

America.

160 Гринтри Драйв, 101 бөлмежайы, Дувр қаласы, Кент округі, Делавэр Штаты, 19904, Америка

Құрама Штаттары.

45