Polaris PVCR 0726W: Қашықтықтан басқару пультіндегі индикаторлар мен батырмалары

Қашықтықтан басқару пультіндегі индикаторлар мен батырмалары : Polaris PVCR 0726W

Қашықтықтан басқару пультіндегі индикаторлар мен батырмалары

1. Таймер (құралдың жұмысының басталу уақытысын көрсетеді, егер бұл уақыт алдын ала

белгіленген болса)

2. Ағымдағы азіргі) уақыт

3.Жұмыс циклын бастау/тоқтату батырмасы

4-7-Сағат пен таймердегі уақытты өзгерту, сондай-ақ қозғалыстардың бағытын ауыстыру

батырмалары

8. Ағымдағы (қазіргі) уақытты орнату

9. Таймер уақытысын орнату

10. «Қабырға бойымен жүргізіп» тазалау

11. «Үйге қайту» батырмасы, құралды зарядтайтын станцияға бағыттау

12.«Жергілікті тазалау»

ҚҰРАЛДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ

1. Робот-шаңсорғыш - 1дана.

2. Шаң жинауға арналған контейнер (орнатылған) - 1дана.

3. Суға арналған сауыт лғалды тазалау жүргізуге арналған сауыт) - 1дана.

4. АКБ (орнатылған) - 1дана.

5. Зарядтау құрылғысы (негізі (база)+адаптер) -1дана.

6. Бүйір жақ қылшақтар - 2 дана.

7. Сүзгі және HEPA сүзгісі - 2дана.

8. Қашықтықтан басқару пульті - 1дана.

9. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық - 1дана.

10. Қызмет көрсету орталықтарының тізімі-1 дана.

11. Кепілдік талон- 1 дана.

12. Құралдың орамасы (полиэтилен пакеті + қорабы) 1 дана.

- 39 -

ҚҰРАЛДЫ ОРАМА ҚОРАБЫНАН ШЫҒАРЫП АЛУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН

ДАЙЫНДАУ

Орама қорабын ашыңыз, құралды абайлықпен шығарыңыз, оның орайтын барлық

материалдарды ішінен және сыртынан алып тастаңыз.

Құралдың сыртқы корпусынан барлық жарнамаға қатысты жапсырмаларды алыңыз.

Құралдың жеткізу жиынтығына кіретін барлық бөлшектерін тексеріңіз («Құралдың

жиынтығы» бөлімін қараңыз).

Барлық аксессуарларды және зарядтайтын құрылғыны шығарып алыңыз.

Құралмен жеткізілетін барлық бұйымдардың зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.

Бүйір жақ қылшақтарды орнатыңыз. Ол үшін шаңсорғышты төменгі тақтасымен жоғары, ал

бүйір жақ қылшақтарды (екі дана) алты қырлы саңылаулармен төмен қаратыңыз. Бүйір жақ

қылшақтардың бекіту бұрандаларын крест тәрізді оймакілтекті бұрауыштың (құралдың

жиынтығына кірмейді) көмегімен қылшақ білігінен бұрап шығарыңыз, Әрбір қылшақты өз

білігіне кигізіңіз де («ҚҰРАЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ» 5 бөлімде келтірілген суретке сәйкес

L жазуы бар қылшақты сол жақ білікке, R жазуы бар қылшақты оң жақ білікке кигізіңіз),

бұрандаларды сәл ғана күш сала бұраңыз.

Құралды алғашқы рет пайдаланбас бұрын аккумуляторды зарядтау қажет. «АКБ-ны

ЗАРЯДТАУ» бөлімін қараңыз.

ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ

1. Құралдың артқы жағындағы бөлікке 13,14,15 сүзгіштерді орната шаң жинауға арналған

контейнерді 16 («Құралдың сипаттамасы» 5 бөлімді қараңыз) немесе ылғалды тазалау жүргізуге

арналған контейнерді 17 орнатыңыз, ол үшін алдын ала оны жоғарғы белгіге дейін сумен толтыру

қажет, тазалауға арналған матаны 19 кіріктіруге ұмытпаңыз.

- 40 -

Назар аударыңыз: ылғалды тазалау жүргізбес бұрын еденді шаңнан тазарту қажет.

Суға арналған сауыттағы су мөлшері 30 минуттық жұмысқа есептелінген, ылғалды тазалауға

арналған контейнерді қолдану барысында құралдағы қысқа бағдарламаларды таңдауға

кеңес беріледі (6 т.қараңыз).

Назар аударыңыз: Құралды шаң жинауға арналған контейнерсіз немесе ылғалды тазалау

жүргізуге арналған контейнерді орнатпай пайдалануға тыйым салынады!

2. Шаңсорғышты еденге «Auto» іске қосу/сөндіру батырмасы жоғары қарайтындай етіп орнатыңыз.

3. Құралдың корпусындағы I/O ауыстырып қосатын тетікті «I» қалпына ауыстыру арқылы оны

қосыңыз (адаптерді қосуға арналған ұяшықтың маңында орналасқан).

4. Құралды іске қосу үшін құралдың корпусындағы «Auto» батырмасына бір мәрте басыңыз, бірақ

ұзақ баспаңыз немесе қашықтықтан басқару пультіндегі мына көрсетілген батырмасына

басыңыз. Бір мәрте дыбыстық сигнал естіледі, құрал күту режиміне өтеді. Осы сәтте құралдың

корпусындағы «Auto» батырмасының индикаторы жасыл түспен жылт-жылт етеді.

5. Күту режимінен тазалауды бастау үдерісіне көшу үшін құралдың корпусындағы «Auto»

батырмасына немесе қашықтықтан басқару пультіндегі батырмасына басыңыз,

шаңсорғыш бөлмені тазалауды бастайды. батырмасына қайта басу арқылы құрал жұмысын

тоқтатуға болады.

6. Кішкене ғана бөлмені тазарту үшін ұзақтығы 30 минут қысқа бағдарлама қарастырылған. Бұл

бағдарламаны қосу үшін құралдың корпусындағы «Auto» батырмасына екі мәрте немесе

қашықтықтан басқару пультіндегі батырмасына басыңыз.

7. Басқару пультіндегі батырмасын қолдана Сіз таймерде тазалауды бастаудың уақытысын

белгілей аласыз(8 т.қараңыз). Осы сәтте қазіргі уақыт орнатылуы тиіс (9 т.қараңыз).

Таймер орнатылса, шаңсорғыш автоматты түрде қосылып, күнделікті белгіленген уақытта

- 41 -

I/O ауыстырып қосатын тетік

Гнездо для подключения адаптера

тазалауды бастайды. Құралдың корпусындағы I/O ауыстырғышы қосулы күйінде, ал

зарядтайтын база орнатылып, қосулы болуы тиіс.

8. Құралды күту режимінен ұйқы режиміне өткізу үшін құралдың корпусындағы «Auto»

батырмасына басып, 3 секунд уақыт аралығында басып тұрыңыз. Осы сәтте құралдың

корпусындағы «Auto» батырмасының индикаторы сөнеді. Осы батырмаға 45 секунд ішінде

баспаған жағдайда құрал автоматты түрде күту режимінен ұйқы режиміне өтеді. Құралды «Aut

батырмасына басу арқылы ұйқы режимінен босатуға болады (3 тармақ). Басқару пультіндегі

батырмасының көмегімен Сіз құрал жұмысын бастау уақытысын орнату режиміне өте

аласыз. Орнату пульттегі 4-7 батырмалары арқылы жүреді. Реттеуді сақтау үшін

батырмасына қайта басыңыз. Реттеуді жою үшін 00:00 уақытысын орнатыңыз.

9. батырмасына басу арқылы Сіз қазіргі уақытты орнату режиміне өте аласыз, орнату

пульттегі 4-7 батырмалары арқылы жүреді. Реттеуді тағыбір рет сақтау үшін мына

батырмасына қайта басыңыз.

10. Пульттегі 4-7 батырмаларының функциялары таңдалынған режимге байланысты (жоғары,

төмен, оңға, солға бағыттары):

«А» функциялары құрал жұмысының уақытысын немесе қазіргі уақытты реттеу барысында қол

жетімді, (6,7 тармақтарды қараңыз),

«В» функциялары құралдың тазарту режимі барысында қол жетімді.

А. Сағат пен таймерде уақытты ұлғайту.

B. «Алдыға» құрал қозғалысының бағытын таңдау.

А. Сағат пен таймерде уақытты қысқарту.

B. «Артқа» құрал қозғалысының бағытын таңдау.

А. Минут көрсеткішінен сағат көрсеткішіне өту

B. «Солға» құрал қозғалысының бағытын таңдау

А. Сағат көрсеткішінен минут көрсеткішіне өту

B. «Оңға» құрал қозғалысының бағытын таңдау

- 42 -

11. Шаңсорғышты сөндіру үшін құралдың корпусындағы «Auto» батырмасына басып, 3 секунд

аралығында басып тұрыңыз.

Ескерту. Сағат немесе таймерде уақытты орнату барысында құралда дыбыстық сигнал естілу

керек. Егер дыбыстық сигнал естілмесе, Сіздің реттеулеріңіз сақталмады.

Қоректендіру элементтерін ауыстыру барысында барлық реттеулер жойылады. Батареяны

ауыстырып болған соң уақытты қайта орнатуды ұмытпаңыз.

Индикаторлардың белгілері

- 43 -

Құралдың қалпы

Индикатордың түсі

Зарядталып тұр/ Батарея заряды төмен

Қызыл сары, жылт-жылт етеді

Зарядталды/ Тазалау режимінде

Жасыл, үнемі жанып тұрады

Қателік көрсетеді

Қызыл, жылт-жылт етеді

АКБ-ны ЗАРЯДТАУ

1. ЗАРЯДТАЙТЫН НЕГІЗДІ (БАЗАНЫ) ПАЙДАЛАНУ

Зарядтайтын негізді пайдалану барысында АКБ-ны зарядтау қажеттігі мен зарядтайтын негіздің

орналасуын автоматты түрде құрал анықтайды. Шаңсорғыш корпусындағы I/O ауыстырып қосатын

тетік «I» қалпында болуы тиіс.

Зарядтайтын негізді тазаланатын бөлме қабырғасы бойымен розетканың маңына қойыңыз, содан

соң адаптердің ашасын розеткаға кіргізіңіз. Негіздегі сигналды индикатор жанады.

Зарядтайтын негіздің екі бүйір жағынан 1 метр қашықтықта, сондай-ақ алдыңғы бөліктен 2 метр

қашықтықта барлық заттарды алыңыз.

Пайдаланудың қалыпты жағдайында әркез АКБ-ны зарядтау үшін негізді қолданыңыз.

Аккумуляторды зарядтап болған соң адаптерді желіден ажыратыңыз.

Құрал пайдаланылмаса, зарядтайтын негізді еденнің үстінде қалдырмаңыз.

Назар аударыңыз! Зарядтайтын негіздің байланыстарын металл заттармен жабуға

қатаң түрде тыйым салынады!

Құралды ұзақ уақытқа сақтау алдында АКБ-ны толық отырғызыңыз.

2. ЗАРЯДТАЙТЫН НЕГІЗДІ (БАЗАНЫ) ПАЙДАЛАНБАЙ АКБ-НЫ ЗАРЯДТАУ

1. АКБ-ны зарядтамас бұрын шаңсорғышты сөндіру қажет. Құралдың корпусындағы I/O

ауыстырып қосатынтетікті «O» қалпына ауыстыра құралды сөндіріңіз.

2. Құралдың корпусындағы ұяшыққа адаптердің істекшесін зарядтау үшін кіргізіңіз.

3. Адаптерді желіге қосыңыз. «Auto» батырмасының индикаторы қызыл сары түспен жылт-

жылт етеді.

4. «Auto» батырмасының индикаторы жасыл түспен жанған кезде зарядтау аяқталады.

Адаптерді желіден және шаңсорғыштан ажыратыңыз. АКБ толық зарядталмайынша

зарядтайтын құрылғыны сөндірмеңіз.

Ескерту:

Егер құрал ұзақ уақыт қолданылмаса, АКБ-ны әрбір 3 ай сайын зарядтауға кеңес беріледі,

алдын ала зарядын толық сөндіріңіз, ол үшін құралды максималды мүмкін уақытқа қосып

қойыңыз.

АКБ-ны оның отырып қалғандығы жөнінде сигнал естілгенде немесе толықтай отырған сәтте

ғана зарядтауды бастауға кеңес беріледі. Құралды АКБ толық отырған сәтте ғана қосыңыз.

Жаңа АКБ-мен автономдық жұмыстың толық уақытысы 200 минутқа дейін жетуі мүмкін.

Уақыт өте келе бұл көрсеткіш.

Пайдалануға жарамсыз АКБ-ны шығарыңыз да, кәдеге жаратыңыз.

АКБ-НЫ АУЫСТЫРУ

1. Құралды сөндіріңіз.

2. Құралды төменгі тақтасымен жоғары қаратыңыз.

3. Крест тәрізді оймакілтекті бұрауыштың көмегімен батарея бөлімінің қақпағының бұрама

шегелерін бұрап шығарыңыз, бұл үшін бұрама шегелердің орналасқан жағынан оны қыстыру

қажет.

4. Бөлімнен ескі АКБ-ны шығарыңыз, оны саңылаудан босатыңыз, ол үшін шаңсорғыштың

қоректендіру саңылауы құлпының шүріппесіне басыңыз да, содан АКБ саңылауын

шығарыңыз. Жаңа АКБ-ны қосу үшін АКБ саңылауын шаңсорғыштың қоректендіру

саңылауына сыртыл дыбысы естілмейінше кіргізіңіз. АКБ-ны ұқыптылықпен бөлімде

орналастырыңыз, байланыстыру сымдарына қатты.

5. Батарея бөлімінің қақпағын орнына орнатыңыз, ол үшін пластик дөңес жерлерді саңылауларға

кіргізу қажет. Бұрама шегелерді бұрап кіргізіңіз.

ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ

ШАҢ ЖИНАҒЫШТЫ ТАЗАЛАУ

- Шаң жинағыштағы/суға арналған сауыттағы батырмаға басыңыз,

- 44 -

- Төмендегі тұтқаны жоғары қарай тарта контейнерді шығарыңыз.

- Арналарда тұрып қалған бөгде заттардың болмауын тексеріңіз. Бөгде заттар бар болса оларды

жойыңыз.

- Контейнерді кері қаратыңыз,

- Ілмекті босата контейнердің қақпағын ашыңыз,

- Контейнерді қоқыстан тазартыңыз, алдын ала тазалау немесе ауыстыру үшін сүзгіш пен HEPA

сүзгішті шығарыңыз.

- НЕРА-сүзгішті 15-30 күн бойы пайдаланудан кейін жуыңыз, бұл пайдалану қарқындылығына

байланысты. HEPA –сүзгішті 6 айдан артық қолданбаңыз, содан соң оны жаңасына ауыстырыңыз.

- Сүзгішті орнатпас бұрын оны кептіріңіз.

- Сүзгіш элементтерді орнатыңыз,

- Контейнерді жабыңыз және оны орнына орнатыңыз.

- 45 -

ҚҰРАЛДЫ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КҮТІМ КӨРСЕТУ

1. Құралды тазаламас бұрын құралдың зарядтайтын құрылғыдан, ал зарядтайтын

құрылғының желіден ажырағандығына көз жеткізіңіз.

2. Құралды және зарядтайтын құрылғыны суға немесе өзге сұйықтықтарға батырмаңыз.

3. Құралды тазарту үшін бензин, спирт және химиялық ерітінділерді пайдаланбаңыз.

4. Құралдың металл бөліктерін таза, құрғақ мата сулықпен сүртіңіз.

5. Құралдың пластик бөліктерін ылғалды, сығылған мата сулықпен сүртіңіз. Су

тамшылары тамбауы тиіс.

6. Құралды құрғақ, салқын жерде сақтаңыз.

Инфрақызыл тетіктерді тазарту

Тетіктерді жұмсақ матаны пайдалану арқылы механикалық әсер етусіз ұқыптылықпен сүртіңіз.

Бүйір жақ қылшақтарды тазарту

1. Қылшақтың бүлінбеуін және бөгде заттардың болмауын тексеріңіз.

2. Жылы суға батырылған және жақсы сығылған матамен қылшақтарды сүртіңіз.

3. Бүйір жақ қылшақтар бүлінсе оларды дер кезінде ауыстырыңыз.

Негізгі электрлі қылшақты тазарту

Электрлі қылшақ қыл білікшенің көмегімен еден мен кілемнен тұрмыстық қоқысты жинауға

арналған. Оның құрылымы ұзын шаш, жүн, жіп секілді заттарды жинауға келісе бермейді. Егер

бітелу анықталса, құралды пайдалануды тоқтатыңыз, қыл білікшені тазалау бойынша

үдерістерді орындаңыз.

Білікше шаңсорғыштың моторымен бір мезетте қосылатын электр тартпасына ие.

Білікшені тазалау үшін:

1. Құралды I/O ауыстырып қосатын тетігі арқылы сөндіріңіз ( «O» қалпына ауыстырыңыз).

2. Шаңсорғыштың түп жағын жоғары қаратыңыз және артқы бөлігімен өзіңізге қарата

орналастырыңыз.

3. Қыл білікшеге шаш пен жіптің аз мөлшері оралса, білікшені корпустан шешпей оларды

пышақпен кесуге болады. Ол үшін өткір пышақты білекшеге кесетін бөлігімен сырт қарата

қылдардың арасында орналастырыңыз, білікше бойымен оралған шаш пен жіпті кесіңіз.

Кескеннен соң шаш қылшақ корпусынан сыртқа қарай оңай шығады, сондай-ақ қыл

білікшені өз осі бойымен қолмен айналдыруға болады.

4. Қыл білікше қатты бітелсе, электрлі қылшақ білікшесінің бекіту жиегін шығарыңыз, ол үшін

бекіткіш ілмегінің тіліне «өзіңізден» сәл ғана басыңыз, жиектің жақын бөлігін көтеріңіз де,

жиекті шығарыңыз.

5. Оңға қарай тарта қыл білікшенің оң жақ бөлігін шығарыңыз, тартпамен ілінестен

шығарыңыз да, ұяшықтан алыңыз. Қыл білікше корпустан шығарылған соң оны өткір

пышақ немесе қайшы көмегімен оралған жіп пен шаштан босатуға болады.

6. Қыл білікшені қылшақ корпусына кері әрекеттерді орындай орнатыңыз.

- 46 -

7. Қылшақ бөлшектері мен электр тартпасы қатты бітелсе, құралды бөлшектеу мен тазарту

үшін авторланған қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Шаңсорғыш тораптарын тазалауға қатысты жұмыстар кепілдік қызмет көрсетуге кірмейді.

ТАЗАРТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Тазарту бағдарламасы келесідей кезеңдерден тұрады, олар автоматты түрде ауысады:

1. «Жергілікті тазарту». Құрал өлшемі шамамен 1м x 0,5м кішкене ғана аумақты тазартады.

2. «Қабырға бойымен». Құрал тазарту жұмысын бөлмедегі 4 қабырғалардың бойымен жүргізеді.

3. «Қарапайым тазарту». Құрал бөлмені еркін қозғалыс режимінде тазартады.

4. «Кішкене бөлмені тазарту». Құрал бөлмені 30 минут ішінде тазалайды.

АҚАУЛАРДЫ ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ТӘСІЛДЕРІ

Бұл кестеде құралды пайдалану барысында туындауы мүмкін, кең таралған мәселелер келтірілген.

Ақаудың себебіне байланысты Сіз 1-ден 4-ке дейінгі дыбыстық сигналдарды естисіз. Егер

өздігіңізден ақауды жоя алмасаңыз, тұтынушыларды қолдау орталығына немесе авторланған

қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

- 47 -

Нөмірі

Дыбыстық

сигнал

Себебі

Шешімі

1.

Дөңгелек/дөңгелектер айналмайды

Дөңгелекті тексеріңіз. Қажет

болса тазарту жұмысын

жүргізіңіз.

2.

Инфрақызыл тетіктерге немесе

бампер тетіктеріне қатысты мәселе

туындады

Инфрақызыл тетіктерді

тазартыңыз, бамперді сәл

қозғап, бөгде заттың түспеуін

тексеріңіз.

3.

Құралдың корпусы заттардың

арасында тұрып қалды

Құралдың корпусын

шығарыңыз да, оны қайта

қосыңыз

4.

Негізгі электрлі щетка айналмайды

Негізгі электрлі щетканы

тазартыңыз

САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ

Электрлі құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын, салыстырмалы

ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар материалдарына теріс әсер

ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда сақталуы

тиіс.

Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз

ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ

Электрлі құралдарды нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес

жабық көлік құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды. Құралды тасымалдау барысында

түпнұсқалық зауыттық ораманы пайдаланыңыз.

Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен, агрессивті

ортадан сақтау қажет.

Назар аударыңыз! Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құралын әдеттегі

тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмай, жоятын ресми пунктке өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз

қоршаған ортаны сақтауға көмектесесіз.

ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР

Бұйымды кәдеге жарату барысында пайда болатын қалдықтар белгіленген тәртіппен және

салалық нормативті құжаттар, соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру мен

залалсыздандыру бойынша гигиеналық талаптар» Санитарлық ережелер мен нормаларға

2.1.7.1322-03 сәйкес кәдеге жарату үшін міндетті түрде жиналуы тиіс.

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

PVCR0726W POLARIS сауда маркалы тұрмыстық электрлі робот-шаңсорғыш

Құралдың диаметрі : 310 мм.

Құралдың биіктігі: 76 мм.

Шаң жинайтын контейнердің көлемі: 500 мл.

Құралдың қуаттылығы: 25 Вт.

Қоректендіру көзі: аккумуляторлық батарея Li-on 2600 мАч 14,8 В.

АКБ-ны зарядтау уақытысы: 5 сағатқа дейін.

АКБ-мен жұмыс уақытысы: 200 минутқа дейін.

Зарядтайтын құрылғысы

Зарядтайтын құрылғының сипаттамалары:

Кіріс кернеуі: 100-240 В.

Жиілігі: 50/60 Гц.

Шығыс кернеуі: 19 В.

Максималды тоқ жүктемесі: 500 мА.

Қорғаныс жіктелімі – 2.

ҚБП-не арналған қоректендіру элементтері – ААА типті, 2 дана (құралдың жиынтығына кірмейді).

Ескертпе: Өзгерістер мен жетілдіруді енгізудің ұдайы үрдісінің орын алуынан, нұсқаулық пен

бұйымның арасында қандай да бір айырмашлық байқалуы мүмкін. Өндіруші, тұтынушының бұған

назар аударатынына үлкен үміт артады.

- 48 -

СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Құрал РФ нормативті құжаттарына сәйкестікке сертификатталған.

Құралдың құрылымы «Төмен вольтты құрылғылардың қауіпсіздігі жөніндегі» ТР ТС 004/2011,

сондай-ақ «Техникалық құралдардың электрлі-магнитті сәйкестігі жөніндегі» ТР ТС 020/2011

талаптарына жауап береді.

Бұйымның есептік жарамдылық мерзімі: 3 жыл

Кепілдік мерзімі: сатып алған күннен бастап 1 жыл

Өндеп шығарылған мерзімі: құралдың техникалық заттаңбасында көрсетілген

Өндіруші:

TEXTON CORPORATION LLC - "ТЕКСТОН КОРПОРЕЙШН" ЖШҚ .

1313 N. Market Street, Suite 5100, Wilmington, State of Delaware 19801, United States of America.

1313 Н. Маркет Стрит, 5100 бөлмежай, Уилмингтон қ, Делавэр Штаты, 19801, Америка Құрама

Штаттары.

- 49 -

КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕ

Изделие: Тұрмыстық электрлі робот-шаңсорғыш

Моделі PVCR0726W

Бұл кепілдік әрекеттегі заңдылықпен бекітілген тұтынушының құқығына қосымша ретінде

өндірушімен берілген, және тұтынушының құқығын еш шектемейді.

Бұл кепілдік бұйымды сатып алған күннен 12 ай бойына әрекетте болады, және материалдар

мен жұмыс істеуіне байланысты ақаулар табылған жағдайда кепілдік қызмет көрсетуді білдіреді.

Бұл жағдайда тұтынушы басқасын қоса алғанда, бұйымды тегін жөндетуге құқықты. Бұл

кепілдік келесі шарттарды сақтағанда, жарамды:

1. Кепілдік міндеттеме ««TEXTON CORPORATION LLC» » компаниясы шығаратын барлық

үлгілерге, кепілдік қызмет көрсетілетін елдердің барлығында жарамды (сатып алған жеріне

қарамастан).

2. Бұйым тек қана тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалану үшін сатып алынуы тиіс. Бұйым

пайдалану бойынша нұсқаулыққа, қауіпсіздік бойынша ережелер мен талаптарды сақтай отырып,

пайдаланылуы тиіс.

3. Өндірушінің міндеттемесін осы кепілдік бойынша сатушылар өндірушінің уәкілетті

дилерлері және ресми қызмет көрсететін (сервис) орталықтар орындайды. Бұл кепілдік

өндіруші құзырлық бермеген сатушылардан сатып алынған бұйымдарға таралмайды, олар

тұтынушы алдында заңға сәйкес, өздігінен жауап береді.

4. Бұл кепілдік келесі жәйттердің нәтижесінде пайда болған ақауларды жөндеуге таралмайды:

Химиялық, механикалық немесе өзге де әсер етулер, құрт-құмырсқа немесе шыбын-шіркей

секілді бөгде заттардың бұйымның ішіне түсіп кетуі, сұйықтық төгілген жағдайда;

Бұйымды тікелей мақсаты бойынша емес, дұрыс пайдаланбағанда, жинаққа кірмейтін,

қосымша аксессуарларды пайдаланғанда, сондай-ақ, бұйымды техника қауіпсіздігі

ережелері мен талаптарын бұза отырып, орнатқанда және пайдаланғанда;

Жарамдылық мерзімі шектеулі әрлеу бөлшектері, лампа, батареялар, қорғаныс экрандары, қоқыс

жинақтауыштар, белдік/бау (ремендер), қылшақтар тозғанда;

Авторланған сервистік орталықтар болып табылмайтын*, тұлғалар немесе фирмалар

өндірген бұйымдардың жөндеуі;

Бұл кепілдік пайдалану бойынша нұсқаулықта қарастырылмаған бұйымды өздігінен жөндеу

жұмысын жүргізу және және құралдың конструкциясын бұзған жағдайда немесе оның

құрылымымен өзге бір әрекеттерді орындап, оны өзгерту салдарынан туындаған ақауларға

таралмайды.

5. Осы талонның түпнұсқасымен, сатушы берген тауарлы чектің түпнұсқасымен және ақау

табылған бұйыммен бірге көрсеткенде ғана жарамды болмақ.

6. Бұл кепілдік тек қана жеке тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланылатын бұйымдарға ғана

жарамды, және коммерциялық, өнеркәсіптік немесе кәсіби мақсатта қолданылатын

бұйымдарға таралмайды.

POLARIS бұйымдарына кепілдік қызмет көрсету мәселелері бойынша Өзіңіздің жергілікті

POLARIS ресми сатушыңызға хабарласыңыз.

Құралдың ақаулы екендігі анықталса, тез арада қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет.

* Авторланған сервистік орталықтардың мекен-жайлары Компания сайтында:

www.polar.ru

Құралды жеткізуші тасымалдау барысында, дұрыс емес пайдалану салдарынан, сондай-ақ құралдың

түрін өзгерту, немесе өздігінен жөндеу жұмысын жүргізу әрекетіне байланысты туындаған ақау

үшін жауапты емес.

- 50 -