Polaris PVC 2015: Сору күшін реттеу
Сору күшін реттеу : Polaris PVC 2015
Назар аударңыз!
Құралды желіге қоспас бұрын оның техникалық сипаттамалары («Техникалық сипаттамалар»
бөлімін қараңыз) желі параметрлеріне сәйкес екендігін тексеріңіз.
3. Құралды іске қосу үшін шаңсорғыштың корпусындағы ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ батырмасына
басыңыз.
Сору күшін реттеу
4. Сіз шаңсорғыштың сору күшін екі түрлі тәсілмен реттей аласыз:
- Сіз шаңсорғыштың сору күшін құбыршектің тұтқасында орналасқан ауа ағының реттеуіштің
көмегімен реттей аласыз. Нәзік материалдар үшін минималды сору күшін қолдануға кеңес беріледі,
ол үшін реттеуіштің жапқышын барынша ашыңыз. Матрас, жиһаз жабыны мен кілемді тазарту
барысында реттеуіштің жапқышын орта қалыпқа орнатыңыз. Реттеуіштің жапқышы жабық
күйінде тақта, ағаш және өге де қатты жабындар тазартылады.
- құралдың корпусындағы қозғалтқыштың қуаттылығын реттейтін тетігі арқылы реттей аласыз.
Реттеуіш тетігін сағат тілінің бағытымен бұрау қозғалтқыштың айналымын бірқалыпты түрде
ұлғайтады, сағат тіліне қарсы бұрау - азайтады.
Сору күшін тазарту үдерісі барысында ауыстыруға болады.
5. Жұмысты аяқтап болған соң құралды оның сыртқы корпусындағы ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ
батырмасына басу арқылы сөндіріңіз, содан соң шаңсорғышты желіден ажыратыңыз. Сымды орау
үшін автоматты түрде жинау батырмасына бір қолмен басыңыз да, екінші қолыңызбен сымды
қабылданатын құрылғыға біркелкі бағыттаңыз.
ШАҢДЫ ЖИНАУДЫҢ ЦИКЛОНДЫҚ ЖҮЙЕСІ
Циклондық жүйе шаңды жинауға арналған қаптың болуын талап етпейді. Шаң бөліктері ауа
ағыны арқалы шаң жинауышқа сорылады. Ауа шаң жинауыштың шығысында орналасқан
қорғаныс HEPAсүзгіші арқылы тазаланады.
Ескертпе!
Құралды ешқашан сүзгішсіз, сондай-ақ бүлінген немесе тазартылмаған сүзгіш орнатылған
күйінде пайдаланбаңыз. Әйтпесе шаң тікелей моторға өтіп, құрылғының бүлінуіне әкеп
соғады. Егер жұмыс барысында сүзгілер ластанып қалғандығын білдіретін индикаторы
жанып тұрса құралды сөндіріңіз, содан соң сүзгіштерді тазартыңыз.
8. Тазарту және күтім
Шаң жинағышты тазарту.
10. Құралды сөндіріңіз, содан кейін оны розеткадан ажыратыңыз. Құралды желіден ажырату
барысында оның желілік сымнан емес, штепсельді ашадан ұстаңыз.
31
11. Шаң жинауышты тазарту жүйесімен бірге шығарыңыз, ол үшін төмен бекіткіш
батырмасына жоғарыдан төмен қарай басыңыз да, контейнерді тұтқасынан ұстай жоғары
қарай тартыңыз.
Назар аударңыз: Ешқашан шаңсорғышты тұтқасынан ұстап көтермеңіз.
12. Контейнерді тұтқасынан ұстай оның төменгі қақпағын төмен қарата қоқыс жәшігінің
үстінен орнатыңыз. Шаң жинауыш контейнерді ашып, шаңнан тазарту үшін, контейнердің
төменгі қақпағында орналасқан тұтқасындағы батырмаға басыңыз. Контейнерді тазалап
болған соң оның төменгі қақпағын жабыңыз.
13. Контейнерді шаннан тазалап болған соң, cүзгіштерді шығарып алыңыз да, контейнерді
салқын ағын судың астында жуыңыз, содан кейін оны құрғата сүртіңіз немесе толықтай
құрғатыңыз.
14. Сүзгіштерді жылы суда жуыңыз да, оларды жақсы желдетілетін бөлмеде кептіріңіз.
Назар аударыңыз!
Шаңсорғыштың бөліктерін ыдыс жуғыш немесе кір жуғыш машинада жумаңыз және
оларды фен мен қыздырғыш үтік секілді құралдырды пайдаланып құрғатуға
болмайды.
15. Поролонды сүзгішті шаң жинауыштың сүзгішіне кіргізіп, орнатыңыз.
16. Сүзгіштері бар сүзгілеу элементінің корпусын сүзгіштермен бірге шаң жинауыштың ішіне
орнатыңыз.
32
Оглавление
- 1. Общая информация
- 4. Сфера использования
- 6. Комплектация
- 7. Эксплуатация
- 8. Чистка и хранение
- 10. Транспортировка
- 12. Требования по утилизации
- 15. ГАРАНТИЙНОЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВО
- 1. Загальна інформація
- 4. Сфера використання
- 6. Комплектація
- 7. Експлуатація
- 8. Чищення та зберігання
- 9. Транспортування
- 11. Вимоги щодо утилізації
- 14. ГАРАНТІЙНЕ ЗОБОВ'ЯЗАННЯ
- 1. Жалпы мәлімет
- 3. Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
- 6. Құралдың жиынтығы
- 7. Құралды пайдалану
- Сору күшін реттеу
- Ауа шығаратын HEPA – сүзгішті тазарту
- 10. Ақауларды іздестіру және оларды жою тәсілдері
- 11. Қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі талаптар