Polaris PVC 1821WR: 1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ : Polaris PVC 1821WR
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, моделі PVC 1820G / PVC 1821WR POLARIS тұрмыстық
электрлі шаңсорғыш (бұдан әрі мәтін бойынша – шаңсорғыш, құрал) жөніндегі техникалық
ақпаратпен, құрылғымен, құралды сақтау мен пайдалану бойынша ережелермен танысуға
арналған.
2. ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Құралды пайдалану «Тұтынушылардың электрлі орнатуларды техникалық пайдалану
ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Құрал тек қана тұрмыста пайдаланылуы тиіс. Құралды коммерциялық мақсатта ұзақ уақыт
бойы пайдалану құралдың істен шығуына, зақымдалуына немесе адамдардың денсаулығына
нұқсан келтіруіне әкеп соғуы мүмкін.
Бұл құралды пайдалануды бастамас бұрын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият тұрде
оқып шығыңыз, содан оны сақтап қойыңыз.
Құрал осы нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Аталмыш құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі
мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар
тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құралмен
ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Әр кезде құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның
ақаулығы анықталған жағдайда, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Құрал жерге, еденге құлаған жағдайда немесе қандай да бір ақау түрі байқалса, құралды
пайдаланбаңыз. Құралды пайдаланбас бұрын оны білікті маманға көрсетіңіз.
Назар аударыңыз! Құралды ванна, шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың
қасында пайдалануға болмайды.
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа салуға мүлдем болмайды.
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде
қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.
Стандартты емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдаланбаңыз.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның сөніп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстық ауаның, тікелей күн
көзіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп, сақталуы керек. (құралды ешқашан суға
батырмаңыз).
Қоректендіру сымын желіге дымқыл қолыңызбен жалғастырып қоспаңыз.
Құралмен пайдаланып болғаннан кейін, оны тазартпас бұрын немесе құрал сынып қалса
оны әрдайым желіден ажыратыңыз.
Құралды қараусыз қалдырмаңыз. Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, құралды желілік сымнан
ұстап желіден ажыратуға тиым салынады. Құралды желіден ажыратқанда оның штепсель
ашасынан ұстаңыз.
29
Оглавление
- 1. Общая информация
- 4. Сфера использования
- 6. КОМПЛЕКТАЦИЯ
- 7. ЭКСПЛУАТАЦИЯ
- 8. ЧИСТКА И ХРАНЕНИЕ
- 9. Транспортировка
- 11. Требования по утилизации
- 13. Информация о сертификации
- 14. ГАРАНТИЙНОЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВО
- 1. Загальна інформація
- 4. Сфера використання
- 6. Комплектация
- 7. Експлуатація
- 8. Чищення Та Догляд
- 9. Транспортування
- 11. Вимоги щодо утилізації
- 13. Інформація про сертифікацію
- 14. Гарантійне Зобов'язання
- Мазмұны
- 1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
- 4. ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ
- 6. ҚҰРАЛДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
- 7. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
- 8. ТАЗАРТУ ЖӘНЕ САҚТАУ
- 14. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕ