Polaris PVC 1820G: 4. ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ

4. ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ : Polaris PVC 1820G

Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті

мамандары ғана жүзеге асыруы керек.

Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылады.

3. ОСЫ ҚҰРАЛДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ НҰСҚАУЛАР

Құралдың жұмысы барысында оны жылу шығаратын көздерінен және өзге де электрлі

құралдардан алыс қашықтықта орнатыңыз.

Шаңсорғышты шаң жинайтын контейнерсіз пайдалануға тыйым салынады.

Шаңсорғышты тазарту үшін химиялық еріткіштерді қолданбаңыз.

Шаңсорғышпен келесі заттар мен материалдарды жинамаңыз:

Жанатын заттар: күл, көмір шоқтары, темекі тұқылдары және т.б..;

Өткір заттар: сынған шыны, инелер, канцелярлық батырмалар, қағаз қыстырғыштарды

және т.б..;

принтерлерде немесе көшірме машиналарында қолданатын бояулар, өйткені олар

электр өткізетін қоспа болып табылады және сүзгіден толығымен алынбайды;

улы, жарылғыш және шірітіп жіберетін заттар;

асбест немесе асбестті шаң;

ылғалды шаң мен кір;

су және құрамында суы бар сұйықтар.

Шаңсорғышпен адамдар мен үй жануарларды тазаламаңыз.

Өндіруші кеңес берген аксессуарларды және қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.

Шаңсорғышты майысқақ түтігінен тартқыламаңыз. Майысқа түтікті оқтын-оқтын тексеріп

тұрыңыз. Түтік ақауланса, оны қолданбаңыз.

Шаңсорғыштың ауа шығатын саңылауын жаппаңыз.

Шаңсорғышты корпустың бүйір жағына және бір жетіне жантайтып орнатуға тиым

салынады. Шаңсорғыш қашанда горизонталды орналасуы тиіс, шаңсорғыштың

баспалдақта орнықты орналасқанын қадағалаңыз.

4. ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ

Құрал осы Нұсқаулыққа сәйкес тек қана тұрмыста пайдалануға арналған. Құралды

өнеркәсіптік және коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады.

Өндіруші осы пайдалану бойынша нұсқаулықта қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаудың

нәтижесінде туындаған залал үшін жауапты емес.

5. ҚҰРАЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Құрал тұрмыстық үй-жайларда шаң мен ұсақ қоқысты сору жолымен құрғақ тазалауды іске

асырады.

30