Polaris PVB 1802: 6. Құралдың жиынтығы
6. Құралдың жиынтығы : Polaris PVB 1802
6. Құралдың жиынтығы
1. Шаңсорғыш - 1 дана.
2. Майысқақ құбыршек -1 дана.
3. Телескоптық түтік -1 дана.
4. Еден мен кілемнен жинауға арналған қылшақ - 1 дана.
5. Қондырмалары - 2 дана.
6. Шаң жинауға арналған қағаз қабы-1дана.
7. Шаң жинауға арналған мата қабы-1дана
8. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық- 1 дана.
9. Кепілдік талон- 1 дана.
10. Қызмет көрсету орталықтарының тізімі-1 дана.
11. Құралдың орамасы (полиэтилен пакеті + қорабы) – 1 дана.
7. Құралды пайдалану
Орама қорабын ашыңыз, құралды абайлықпен шығарыңыз, оның орайтын барлық материалдарын
ішінен және сыртынан алып тастаңыз.
Қоқыс жинағыштың қақпағын ашыңыз, содан кейін оның шаң жинауға арналған мата немесе қағаз
қабы және қозғалтқыштың қорғаныш сүзгісінің дұрыс орнатылғанына, және оған жасалатын
негізгі тазарту мен күтім, яғни қызмет көрсетуіне қатысты жұмыстарының орындалғанына коз
жеткізіңіз. Қоқыс жинағыштың қақпағын жабыңыз. Шығыс сүзгісінің дұрыс орнатылғанына және
оған жасалатын негізгі тазарту мен күтім, яғни қызмет көрсетуіне қатысты жұмыстарының
орындалғанына коз жеткізіңіз(«Тазарту және сақтау» 8 бөлімін қараңыз).
Ескертпе!
Құралды ешқашан сүзгілерсіз, сондай-ақ, оның қағаз немесе мата қабы орнатылмаған
жағдайда немесе сүзгілер ақаулы болса, іске қосуға тиым салынады. Кері жағдайда шаң тікелей
моторға өтіп, құрылғының бұзылуына әкеп соғады.
Құбыршекті жалғастырып қосу:
Майысқақ құбыршектің ұштығын құралдағы ауаны соратын ауа тартқыштың саңылауына
орнатыңыз, содан кейін оны оң жаққа (сағат тілінің қозғалу бағыты бойынша),ол тірелгенше
бұраңыз.
34
Құбыршекті ажыратып шығару:
Құралды сөндіріп, оны ток көзінен ажыратыңыз.
Майысқақ құбыршектің ұштығын сол жаққа (сағат тілінің бағытына қарсы) бұраңыз, содан
кейін құбыршектің ұштығын тартып, оны ұяшықтан ажыратып шығарыңыз.
Құбыршектің тұтқасындағы ұштығын телескоптық түтігіне кіргізіңіз.
Телескоптық түтіктің қозғалмайтын бөлігіндегі пластик бекіткішті алға қарай (өзіңізден
әрі қарай) тартып жылжытыңыз, содан кейін, оның жылжымалы бөлігін қажетті
ұзындыққа тартып шығарыңыз. Телескоптық түтіктің ұзындығын реттеп алыңыз.
Телескоптық түтіктің жылжымайтын бөлігіне қажетті қондырманы («еден/кілем» үлкен
қылшақ немесе «жиһаз/қуыс» қондырманы) кигізіңіз.
Кілемді, тақта, ағаш жабының тазартуға арналған қондырманы дайындау:
Кілем тәрізді жабындарды тазарту үшін – қылшақты жылжытып шығарыңыз.
Беті қатты жабындарды тазарту үшін– қылшақты шығармаңыз.
Перде, жұмсақ жиһаздың қаптауыш жабыны мен тазалауға қиын, яғни қолы жетпейтін жерлерді
тазарту үшін пайдаланатын (саптамалары) қондырмалары.
35
Оглавление
- 1. Общая информация
- 4. Сфера использования
- 6. Комплектация
- 8. Чистка и хранение
- 9. Транспортировка
- 10. Неисправности и методы их устранения
- 12. Технические характеристики
- 14. ГАРАНТИЙНОЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВО
- 1. Загальна інформація
- 4. Сфера використання
- 6. Комплектація
- 8. Чищення та зберігання
- 9. Транспортування
- 10. Несправності та методи їх усунення
- 11. Вимоги щодо утилізації
- 14. ГАРАНТІЙНЕ ЗОБОВ'ЯЗАННЯ
- 1. Жалпы мәлімет
- 4. Құралдың пайдалану саласы
- 6. Құралдың жиынтығы
- Сору күшін реттеу
- 8. Тазарту және сақтау
- Ауа шығаратын HEPA – сүзгішті тазарту
- 9. Тасымалдау жөніндегі шарт
- 11. Қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі талаптар