Polaris PIR 2468AK: Электрлік үтік POLARIS
Электрлік үтік POLARIS: Polaris PIR 2468AK
Электрлік үтік
POLARIS
+
PIR 2468AKButton
моделі
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
POLARIS сауда маркасымен шығатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Біздің
бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес
жасалған. Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Құралды пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз, онда Сіздің
қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құралды дұрыс пайдалану мен
күтуге қатысты кеңестер берілген.
Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон
қорапты және орама материалымен бірге сақтаңыз.
Мазмұны
25
1. Пайдалану саласы ………………………………….……………………………………..………3.….
24
2. Құралдың сипаттамасы ……………………………………..………………………………………………..
24
3. Құралды қоспас бұрын пайдалану ……………………………………………………………………………………..
25
4. Жұмыс тәртібі ……………………………………………………………………………......................
25
5. Тазарту және күтім……………………………………………….…………………………………………...
28
6. Егер Сізде қандай да бір ақау туындаса………………………………………………………………………….
29
7. Үтікпен жұмыс жасау барысындағы сақтық шаралары………………………………………………………….
30
8. Тұрмыстық электр техникасымен жұмыс барысындағы қауіпсіздік бойынша жалпы
нұсқаулар……………………………………………………………………………………………..……….…
31
9. Құралдың жиынтығы……………………………………………………………………………………….
32
10. Техникалық сипаттамалары……………………………………………………………………………..
32
11. Сертификаттау туралы ақпарат…………………………………………………………….……………..……
32
12. Кепілдік міндеттеме……………………………………………………….……………….………..
33
1. ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ
Құрал тұрмыста қолдануға ғана арналған.
Бұл құралды өндірісте және сауда саттықта пайдалануға болмайды, сондай-ақ бөлмеден тыс
жерде қолдануға тыйым салынады.
Өндіруші құралды дұрыс пайдаланбау салдарынан немесе бұл нұсқаулықта қарастырылмаған
әрекеттерді орындау барысында туындаған ақаулар үшін жауапты емес.
2. ҚҰРАЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Құрал тұрғын үй ғимаратырының температурасы мен ылғалдығы жағдайында тұрмыстық
жағдайларда киім-кешекті үтіктеуге және бумен үтіктеуге арналған.
1-сурет.
26
1. Суды шашырататын құрылғысы
2. Суға арналған сауытты толтыру саңылауы
3. Буды жіберу деңгейінің реттегіші
4. Буды қарқынды түрде жіберу батырмасы
5. Электр сымының қорғанысы
6. Қыздыру индикаторы
7. Суды шашыратуға арналған батырмасы
8. Температураны реттейтін тетігі
9. Суға арналған сауыт
10. Керамикалық табан
11. Button+ түймелердің маңайындағы
үтіктеуге қиын жерлерді үтіктеуге
арналған науаша
12. Өздігінен тазарту батырмасы
1
2
3
4
7
11
8
5
6
9
10
11
12
3. ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
1. Құралды орамадан шығарыңыз.
2. Үтіктің жұмыс қабатынан барлық жапсырмалар мен қорғаныс қабықшасын шешіңіз.
3. Үтікті өндіру барысында құралдың саңылауларына жиналған шаңның үтіктеу кезінде
матаны бүлдірмеу үшін жұмыс қабатындағы саңылауларды тазартыңыз.
4. Үтіктеуді бастамас бұрын сәл ғана дымқыл шүберекпен үтіктің табаның сүртіңіз.
5. Үтікті алғаш рет пайдаланудың алдында қажет емес матаны үтіктеңіз, бұл құралдың жұмыс
қабаты жеткілікті түрде таза екендігіне көз жеткізу үшін қажет.
Назар аударыңыз!
Үтіктің кейбір бөліктері өндіру барысында маймен жағылады, сол себепті оны алғаш рет
қосу барысында құралдан түтіннің шығуы мүмкін. Бірнеше уақыттан соң пайдалану
барысында түтіннің жүруі тоқтайды.
Назар аударыңыз!
Жаңа үтіктің сауытында судың кішкене ғана мөлшері болуы мүмкін. Бұл Сіздің үтігіңізді
өндіруші фирма қосымша түрде тексеруден өткізді дегенді білдіреді.
4. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Үтікті тік қалпында тірек-табанына орналастырыңыз. Құралды желіге қосыңыз. Сіздің
киіміңіздегі белгіде келтірілген көрсеткішке сәйкес қажетті температуралық режимді
таңдаңыз.
27
Киімдегі белгі
Матаның түрі
Температура реттегішінің
режимі
Синтетикалық маталар
Төмен температура
Жібек, жүн мата
Орташа температура
Мақта, зығыр маталары
Жоғары температура (MAX)
Үтіктеуге кеңес берілмейді
Егер матаның түрі белгісіз болса, киімді кию барысында көрінбейтін жердің кішкене ғана
бөлігін үтіктеу арқылы үтіктеу температурасын анықтаңыз.
Жылтыр дақтардың пайда болуын алдын алу үшін жібек, жүн және синтетикалық
маталардан тігілген киімдерді кері бетінен үтіктеу қажет.
Бүрмелермен, жапсырмалармен әшекейленген бұйымдарды төмен температурада
үтіктеуге кеңес беріледі.
Барқыт пен жалтыры бар көйлектерді бір бағытта үтіктеу қажет.
Жібектен тігілген киімдерді олар дымқыл күйінде үтіктеуге кеңес беріледі. Үтіктеу
барысында құрғақ жібек матасына суды шашыратпаңыз.
Егер киім матаның бірнеше түрін біріктіретін болса, үтіктеу үшін ең минималды
температураны таңдаңыз.
Суды шашырату функциясын пайдалану барысында киімнің бетінде дақтар пайда болуы
мүмкін. Үтікті қыздыру индикаторы құрал белгіленген температураға дейін қызғаннан кейін
сөнеді.
+
Button
түймелердің маңайындағы үтіктеуге қиын жерлерді үтіктеуге арналған
науаша
Бұл модель түймелердің маңайындағы үтіктеуге қиын жерлерді үтіктеуге арналған арнайы
+
патенттелген Button
науашасымен жабдықталған.
2-сурет.
Енді күрделі аймақтарды үтіктеу оңайға түседі. Үтіктеу барысында кереметтей нәтижеге қол
жеткізу үшін түймені ұқыпты түрде табанындағы науашаға өткізіңіз.
Құрал корпусындағы нұсқарлар (2 суретті қараңыз) үтіктің табанындағы науашаның
орналасуын меңзейді және үтіктеу барысында бағыт береді.
Науашаның өлшемі 12 мм-нен артық емес түйменің максималды диаметріне сәйкес келеді.
Назар аударыңыз!
Табанның максималды температурасы 200ºС-қа дейін жетуі мүмкін. Түймелердің кездейсоқ
түрде зақымдалуын алдын алу үшін түймені науашада 4 секундтан артық уақытқа
қалдырмаңыз.
Автоматты түрде сөндіру функциясы
28
3-сурет.
Белгілі бір температура көрсеткішіне дейін қызған,
табанына немесе бір жағына қарай орналастырылған,
пайдаланылмайтын үтік автоматты түрде 30 секундтан
кейін сөнеді.
Егер үтік пайдаланылмай, тірек-табанына тік қалпында
орнатылатын болса, оның автоматты сөнуі 8 минуттан кейін
іске асады (3 сурет).
Егер Сіз үтікті көтеретін болсаңыз, қозғалыстың ішкі датчигі қосылады да, үтікті қыздыру
үдерісі басталады. Сізге үтіктің орнын алмастыру қажет немесе оны сәл ғана сілку керек.
Ескерту:
Үтіктің толықтай түрде қызуын күтіңіз, содан кейін үтіктеуді бастаңыз.
Буды қолдану арқылы үтіктеу
1. Сауытты сумен толтырыңыз.
Сауытты сумен толтырудың алдында құралды желіден ажыратыңыз.
Буды жіберу деңгейінің реттегішін «Бусыз» қалпына орнатыңыз, болмаса құралдың
табанындағы саңылаудан су ағуы мүмкін.
Ыңғайлылық үшін үтіктің алдыңғы бөлігін көтере отырып, ұқыпты түрде стақан арқылы
сауытты таза, суық сумен толтырыңыз.
Назар аударыңыз!
Үтіктің сауытын су ағатын шүмектің астына қойып, толтырмаңыз.
Сауытта көрсетілген «max» белгісінен суды асыра құймаңыз.
Сауыттың сыймдылығы 500 мл-ды құрайды.
Бұл үтік су құбырынан ағатын суды қолдануға арналған. Бірақ, егер су тым қатты болатын
болса, ½ ағын су мен ½ тазартылған су қосындысын қолданған жөн.
Назар аударыңыз!
Суға ешқандай қоспаларды қоспаңыз (мысалы, сірке қышқылы, крахмал, парфюмериялық
сұйықтықтар, қақтан тазарту құралдары)
Толықтай тазартылған, минералданған суды қолданбаңыз, оны ағын сумен араластырыңыз.
2. Құралды қоректендіру көзіне қосңыз, температура реттегішін (8) (MAX) қалпына
орнатыңыз. Осы сәтте қыздыру индикаторы (6) жанады. Үтік қажетті қыздыру
температурасына дейін қызғаннан кейін индикатор сөнеді.
«Бумен жібіту» функциясын қыздырудың жоғарғы температурасы барысында ғана
қолдануға болады. Әйтпесе, құралдан ыстық су ағуы мүмкін.
3. Буды жіберуді реттеңіз.
Киім-кешекке судың ақпауы үшін:
Жібек немесе синтетикалық маталарды үтіктеу барысында буды жіберуді сөндіріңіз.
Жүн мата үшін ең минималды деңгейді орнатыңыз.
Қыздыру индикаторы сөнгеннен кейін ғана үтіктеуді бастаңыз.
4. Буды жіберу деңгейі үтік температурасына сәйкес таңдалынуы қажет.
29
Матаның түрі
Температура реттегішінің
қалыпы
Буды жіберу
ауыстырғышының
қалыпы
Зығыр
Макс.
Мақта
Макс.
Жүн
Мин.
Жібек
Бусыз
Синтетика
Бусыз
OFF
Үтік қызбайды.
Қосымша буды жіберу функциясы («Бу соққысы)
Үтіктеу кезінде буды одан да қатты жіберу үшін:
«Буды жіберу» батырмасына мезгіл-мезгіл басып тұру;
Басу арасында бірнеше секунд интервалын сақтау қажет.
Буды жіберу температура реттегіші (MAX) қалпында орнатылған сәтте ғана іске асады.
Назар аударыңыз!
«Бу соққысы» функциясын пайдалану барысында буды жіберу реттігішін (3) «Бусыз»
қалпына орнату қажет.
Бумен үтікеу барысында ыстық судың аз ғана мөлшері құрал табынының саңылауынан ағуы
мүмкін. «Буды жіберу» батырмасын жиі түрде басу әрекеті құрал табанының
температурасының төмендеуіне әкеп соғады. «Буды жіберу» (4) батырмасын басуды
тоқтатыңыз және құралдың қызуына уақыт беріңіз.
Тік қалпында бумен үтіктеу функциясы
Тік қалпында үтіктеу тік жағдайдағы киім-кешек пен жұқа маталардан тігілген перделерді
үтіктеуге арналған.
Киімді ілгекке іліңіз және бір қолыңызбен матаны сәл ғана тартыңыз.
Температура реттегішін (MAX) қалпына орнатыңыз.
«Буды жіберу» батырмасын үздік-создық басыңыз және үтіктің матаның бойымен
жылжытыңыз.
Үтікті матадан бірнеше сантиметр қашықтықта ұстаңыз.
Назар аударыңыз!
Тік қалпында үтіктеу функциясын синтетикалық маталар үшін қолданбаған жөн.
Балқуды болдырмау үшін матаға үтіктің табанымен жанасуға тыйым салынады.
Адамның үстіндегі киімді бумен үтіктемеңіз. Бу температурасы тым жоғары.
Киімді ылғалдау (суды шашырату құрылғысы)
Егер Сіз кез келген температура барысында бумен немесе бусыз үтіктейтін болсаңыз, киімді
ылғалдау үшін суды шашырату (7) батырмасына бірнеше рет басыңыз.
Бұл батырманы қолданудың алдында суға арналған сауыт бос еместігіне көз жеткізіңіз.
Бусыз үтіктеу
Құралды желіге қосыңыз.
Температураны реттеңіз.
Буды жіберу реттегішін «Бусыз» қалпына орнатыңыз.
Қыздыру индикаторы сөнгеннен кейін үтіктеуді бастай аласыз.
Тамшының ағуына қарсы жүйе
Үтік төмен температурада үтіктеу барысында судың ағуына жол бермейтін арнайы қорғаныс
жүйесімен жабдықталған. Енді Сіз ең жұқа маталарды буды қолдану арқылы үтіктей аласыз.
Будың түзілуіне қажетті температураның төмен көрсеткіші барысында жүйе автоматты
түрде буды түзу үшін судың жіберілуін шектейді.
Үтіктеуден кейін
Үтікті желіден ажыратыңыз және сауыттағы суды төгіңіз.
Үтіктің сууын күтіңіз.
Суыған үтікті әркез тірек-табанына орналастырып, құрғақ жерде сақтаңыз.
5. ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Өздігінен тазалау функциясы
Үтіктің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін пайдаланудың әрбір екі-үш циклынан кейін
өздігінен тазалауды ұйымдастырыңыз.
Ол үшін:
Сауытты толтыру саңылауын ашыңыз, «MAX» белгісіне дейін су құйыңыз және
саңылауды жабыңыз.
Температура реттегішін «MAX» белгісіне орнатыңыз.
Құралды желіге қосыңыз.
Қыздыру индикаторы сөнбейінше үтіктің қызуын күтіңіз.
30
Үтікті желіден ажыратыңыз.
Үтікті шұңғылшаның үстінен көлденең қалпында ұстай отырып, өздігінен тазалау
батырмасын басыңыз .
Жұмыс қабатындағы бу саңылауларын толығымен тазарту үшін сулы матаны үтіктеңіз.
Тазарту жұмыстарын жүргізгеннен кейін температура реттегішін минималды температура
көрсеткішіне , ал буды жіберу деңгейін «БУСЫЗ» қалпына орнатыңыз.
Сауытта қалған суды төгіңіз.
Құралдың сыртқы қабатын тазарту
Тазартудың алдында әркез құралды желіден ажыратыңыз.
Құралдың корпусын сәл ғана сулы матамен сүртіңіз.
Үтіктің табаның тазалау үшін сулы матаны қолданыңыз.
Қатты сулықтарды, абразивті тазарту құралдарын, сірке қышқылы немесе үтіктің табаның
тазалауға арналған өзге де химиялық құралдарды пайдалануға тыйым салынады.
Үтікті сақтау
Үтікті желіден ажыратыңыз және оның табынының сууын күтіңіз.
Сауыттағы суды төгіңіз және буды жіберу деңгейінің реттегішін «Бусыз» қалпына
орнатыңыз.
Үтікті тіреу-табанына қойыңыз. суы- үтікті ара тік жағдайда бас өкшеде-ықта ара құрғақ
жерде ылғи сақта-.
Сақтау жөніндегі шарт
Құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын және 5ºС-тан кем емес,
салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар
материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ
әрі таза бөлмежайда сақталуы тиіс
Тасымалдау жөніндегі шарт
Құралдарды тасымалданатын көлік түрінде әрекет ететін, механикаландырылған жүк тиеу-түсіру
жұмыстарын қамтамасыз ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес жабық көлік құралдарының
кез келген түрінде тасымалдайды. Құралдарды тасымалдау барысында бүлінуден сақтау әрекеті
қамтамасыз етілуі тиіс – бұйым сапасы мен тұтынушы құралының сыртқы түрін сақтау.
Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен,
агрессивті ортадан сақтау қажет.
Өрттің пайда болуын алдын-алу, электр тоғымен зақымданбау, құралды пайдалану
барысында жарақаттан сақтанып, оны бүлдірмеу үшін құралды қолдану барысында
қауіпсіздіктің негізгі шараларын, сондай-ақ электр құрылғыларымен жұмыс атқару
барысында қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқауларды қатаң түрде қадағалаңыз.
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР
Ескертпе: Қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін құралды тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз. Оны одан әрі кәдеге жарату үшін арнайы орынға өткізіңіз. Бұл әрекетіңізбен Сіз
қоршаған ортаны қорғауға септігіңізді тигізесіз.
31
Бұйымды кәдеге жарату барысында пайда болатын қалдықтар белгіленген тәртіппен және
салалық нормативті құжаттар, соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру
мен залалсыздандыру бойынша гигиеналық талаптар» Санитарлық ережелер мен нормаларға
2.1.7.1322-03 сәйкес кәдеге жарату үшін міндетті түрде жиналуы тиіс.
6. ЕГЕР СІЗДЕ ҚАНДАЙ ДА БІР АҚАУ ТУЫНДАСА
Қандай да бір кішкене ғана мәселе туындаса, оның шығу себебін анықтау арқылы оны оңай түрде
шешуге болады.
32
АҚАУДЫҢ ТҮРІ
СЕБЕБІ
ШЕШІМ
Су құралдың табанындағы
саңылаудан ағады
Таңдалынған температура
буды өңдеу үшін жеткілікті
емес.
Үтік буды пайдалану үшін
жеткілікті түрде қызған жоқ.
Будың жіберілуі тым қатты.
Үтік көлденең қалпында
сақталды, сауыттан су
төгілмеді, басқару тұтқасы
«бусыз» қалпына
орнатылмады.
Температура реттегішінің
тұтқасын (max)
белгісіне орнатыңыз.
Сигналды шамның жарығы
сөнгенше күте тұрыңыз.
Будың жіберілуін
азайтыңыз.
«Тазарту және күтім»,
Үтікті сақтау бөлімін
қараңыз.
Құрал табанынан ағатын
қоңыр түсті су киім-кешекті
бұлғайды.
Қақтан тазарту үшін
химиялық өнімдерді
пайдалану салдары.
Матаның талшықтары құрал
табанының саңылауларына
кіріп кетті және күйді.
Сауытқа қақтан тазарту
үшін ешқандай өнімдерді
қоспаңыз.
Өздігінен тазалауды
ұйымдастырыңыз.
Құралдың табаның металл
емес жөкемен тазартыңыз.
Мезгіл-мезгіл құрал
табанының саңылауларын
тазартыңыз.
Кір немесе қоңыр түсті
табан киім-кешекті
бұлғайды.
Қолданылатын температура
тым жоғары.
Киім жеткілікті түрде сумен
шайылмады немесе крахмал
қолданылды.
Құралдың табаның
жоғарыда келтірілген
жолмен тазартыңыз.
Температура реттегішін
температура кестесіне
сәйкес орнатыңыз.
Құралдың табаның
жоғарыда келтірілген
жолмен тазартыңыз.
Крахмалды пайдаланбаңыз.
Будың мөлшері жеткіліксіз
немесе ол мүлдем жоқ.
Суға арналған сауыт бос.
Үтікте қақ пайда болды.
Үтік көп уақыт бойы құрғақ
қалпында пайдаланылды.
Суға арналған сауытты
сумен толтырыңыз.
Өздігінен тазалауды
ұйымдастырыңыз.
Құралдың табаны
жырылды немесе бүлінді
Үтік металл заттың үстінде
көлденең қалпында тұрды.
Үтікті әрқашан тірек-
табанына орналастырыңыз.
33
Өрттің пайда болуын алдын-алу, электр тоғымен зақымданбау, құралды пайдалану барысында
жарақаттан сақтанып, оны бүлдірмеу үшін құралды қолдану барысында қауіпсіздіктің негізгі
шараларын, сондай-ақ электр құрылғыларымен жұмыс атқару барысында қауіпсіздік бойынша
жалпы нұсқауларды қатаң түрде қадағалаңыз.
7. ҮТІКПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ БАРЫСЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Үтіктің ыстық қабаттарына қол тигізбеңіз. Тұтқа мен батырмаларды пайдаланыңыз.
Үтікке су құймас бұрын оны желіден ажыратыңыз және буды жіберу реттегішін
«БУСЫЗ» қалпына орнатыңыз.
Желіге қосылған үтікті қадағалаусыз қалдырмаңыз. Киімді үтіктеп жатқан бөлмеден шығу
барысында үтікті желіден ажыратыңыз, бөлмеден аз ғана уақытқа шықсаңыз да, үтікті
сөндіру қажет.
Үтікті жатқан қалпында үтіктеу тақтасында қалдырмаңыз. Егер үтіктеу барысында үзіліс
жасасаңыз, әркез құралды тірек-табанына тік қалпында орналастырыңыз.
Үтікке балаларды жақындатпаңыз, мұны, әсіресе, буды жіберу функциясын пайдалану
барысында ескеру қажет. Электрлік үтіктер жұмыс барысында қатты қызады, үтіктің
қабатына қол тигізу немесе теріге будың тию әрекеті күйіп қалуға әкеп соғуы мүмкін.
Үтіктен шығатын ыстық бу өте қауіпті. Буды адамдарға және үй жануарларына
бағыттамаңыз.
Адамның үстіндегі киімді үтіктемеңіз.
Үтікті жұмыс жасап тұрған плита мен өзге де электр қыздыру құралдарының қасында
пайдаланбаңыз.
Желілік сымның ыстық заттармен немесе құралдың табанына жанасуын болдырмаңыз.
Үтікті тазарту, сақтау немесе сауытты сумен толтыру барысында құралды электр желісінен
ажырату қажет.
Суға арналған сауытқа сірке қышқылын немесе қақтан тазарту құралдарын құймаңыз.
Үтіктің табаның өткір металл заттарға жанастырмаңыз, бұл құралдың табанында пайда болуы
мүмкін жарылыстан сақтап, оның қызмет ету мерзімін ұзартады.
Назар аударыңыз!
Құралды орамас бұрын оның тік қалпында толығымен сууын күтіңіз.
8. ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТР ТЕХНИКАСЫМЕН ЖҰМЫС БАРЫСЫНДАҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Құрал тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс. Құралды коммерциялық мақсатта ұзақ
уақыт бойы пайдалану құралдың істен шығуына, зақымдалуына немесе адамдардың
денсаулығына нұқсан келтіруіне әкеп соғуы мүмкін.
Құрал нұсқаулыққа сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Құралды әрбір қосудың алдында қарап шығыңыз. Құралда немесе желілік сымда ақау
байқалса құралды розеткаға қосуға тыйым салынады.
Егер құрал жерге құласа оны қолданбаңыз.
Егер Сіз құралдың жұмыс жасау мүмкіндігіне күмән келтірсеңіз, құралды пайдаланбаңыз.
Бұл құрал, егер олардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлға үтікті қолдану бойынша
нұсқаулар бермесе не бақылау жүргізбесе, физикалық ауытқуы бар, жүйке немесе
психикалық қабілеттігі төмен немесе білімі мен тәжірибесі жоқ адамдардың (балалар да қоса)
пайдалануына арналмаған. Балалардың құралмен ойнамау мақсатында қадағалау әрекеттерін
ұйымдастыру қажет.
Құралды қадағалаусыз қалдырмаңыз. Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Назар аудырыңыз!
Құралды ванна, шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа да ыдыстардың қасында
пайдалануға болмайды. Егер құрал суға батырылған болса, оны тез арада желіден
ажыратыңыз. Суға қолыңызды батыруға тыйым салынады. Құралды қайта пайдаланбас
бұрын оны білікті маманға көрсету қажет.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстықтан, тікелей күн
сәулесінен, сүйiр бұрыштарға соғылуынан, ылғалдан сақтаңыз (құралды суға немесе өзге
сұйықтықтарға салмаңыз). Құралды сулы қолмен ұстамаңыз. Құралға су тиген жағдайда оны
тез арада желіден ажыратыңыз.
Құралды ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың сипаттамасында
келтірілген көрсеткіш желіде қолданылатын кернеуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Құрал тек тұйықталған желіге қосылуы тиіс. Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін тұйықталу
қолданыстағы электр техникалық нормаларына сәйкес келуі қажет. Қалыпты емес
қоректендіру көздерін немесе іске қосу құрылғыларын пайдалануға тыйым салынады.
Ұзартқышты пайдалану барысында оның тұйықталғанына көз жеткізіңіз.
Құралды дұрыс түрде қоспау Сізді кепілді қызмет көрсетуден айырады.
Құралды пайдаланып болғаннан кейін, оны орнату немесе бөлшектерді шешу барысында,
тазарту немесе құрал бүлінген жағдайда оны әркез желіден ажыратыңыз.
Құралдың бүлінуі мен оқыс жағдайларға әкеп соғуы мүмкін желінің шамадан тыс жұмыс
істеуіне жол бермеңіз. Ол үшін қолданыстағы электрлік розеткаға ұзартқышты пайдалану
арқылы өзге де құралдарды қоспаңыз. Ұзартқышты пайдаланудың алдында оның
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап
желіден ажыратуға тыйым салынады. Құралды желіден ажыратқанда штепсельді ашадан
ұстаңыз.
Электр тоғымен зақымдалмау үшін құралды іске қосу және сөндіру барысында желілік сым
ашасының металл бөліктеріне қол тигізбеңіз.
Пайдаланып болғаннан кейін электр қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға
болмайды, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Құралды сақтау
барысында әрқашан сымды жақсылап тарқатыңыз.
Сымды тек білікті мамандар – қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана ауыстыра
алады. Біліктілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны қауiп-қатерге
ұшыратуы мүмкін.
Техникалық мәселелердің туындамауы мен құралға берілетін кепілді сақтау үшін құралды
өздігіңізден жөңдемеңіз және бөлшектемеңіз. Жөндеу жұмыстарын қызмет көрсету
орталығының білікті маманы жүзеге асыруы тиіс.
Құралды жөндеу үшін тек түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.
34
Назар аударыңыз! Қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін құралды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Оны одан әрі кәдеге жарату үшін арнайы орынға
өткізіңіз. Бұл әрекетіңізбен Сіз қоршаған ортаны қорғауға септігіңізді тигізесіз.
9. ҚҰРАЛДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
1. Құрал
2. Су құюға арналған стақан
3. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
4. Қызмет көрсету орталықтарының тізімі
5. Кепілдік талоны
10. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Кернеуі: 220 – 240 В
Жиілігі: ~50 Гц
Қуаттылығы: 2400 Вт
Сауыттың сыйымдылығы – 500 мл
Ескерту: Өзгертулер мен жақсартуларды енгізудің тұрақты үдерісі салдарынан нұсқаулық мен
өнім арасында кейбір айырмашылықтар байқалуы мүмкін. Өндіруші пайдаланушы бұған назар
аударатынына сенім артады.
11. СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Бұйымның есептік жарамдылық мерзімі: 3 жыл
Кепілдік мерзімі: сатып алған күннен бастап 1 жыл
Өнімді өндіріп шығарылған мерзімі туралы ақпарат құралдың сыртында көрсетілген.
Өндіруші:
TEXTON CORPORATION LLC - "ТЕКСТОН КОРПОРЕЙШН" ЖШҚ
1313 N. Market Street, Suite 5100, Wilmington, State of Delaware 19801, United States of America.
1313 Н. Маркет Стрит, 5100 бөлмежай, Уилмингтон, Штат Делавэр 19801, Америка Құрама
Штаттары.
35
12. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕ
+
Бұйым: Электрлік үтік Моделі: PIR 2468AKButton
Бұл кепілдік әрекеттегі заңдылықпен бекітілген тұтынушының құқығына қосымша ретінде
өндірушімен берілген, және тұтынушының құқығын еш шектемейді.
Бұл кепілдік бұйымды сатып алған күннен 12 ай бойына әрекетте болады, және материалдар мен
жұмыс істеуіне байланысты ақаулар табылған жағдайда кепілдік қызмет көрсетуді білдіреді. Бұл
жағдайда тұтынушы басқасын қоса алғанда, бұйымды тегін жөндетуге құқықты. Бұл кепілдік
келесі шарттарды сақтағанда, жарамды:
1. Кепілдік міндеттеме «Texton Corporation LLC» компаниясы шығаратын барлық үлгілерге,
кепілдік қызмет көрсетілетін елдердің барлығында жарамды (сатып алған жеріне
қарамастан).
2. Бұйым тек қана тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалану үшін сатып алынуы тиіс. Бұйым
пайдалану бойынша нұсқаулыққа, қауіпсіздік бойынша ережелер мен талаптарды сақтай
отырып, пайдаланылуы тиіс.
3. Өндірушінің міндеттемесін осы кепілдік бойынша сатушылар – өндірушінің уәкілетті
дилерлері және ресми қызмет көрсететін (сервис) орталықтар орындайды. Бұл кепілдік
өндіруші құзырлық бермеген сатушылардан сатып алынған бұйымдарға таралмайды, олар
тұтынушы алдында заңға сәйкес, өздігінен жауап береді.
4. Бұл кепілдік келесі жәйттердің нәтижесінде пайда болған ақауларды жөндеуге таралмайды:
Химиялық, механикалық немесе өзге де әсер етулер, бөгде заттардың бұйымның
ішіне түсіп кетуі;
Бұйымды тікелей мақсаты бойынша емес, дұрыс пайдаланбағанда, жинаққа
кірмейтін, қосымша аксессуарларды пайдаланғанда, сондай-ақ, бұйымды техника
қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын бұза отырып, орнатқанда және
пайдаланғанда;
Жарамдылық мерзімі шектеулі әрлеу бөлшектері, шам, батареялар, қорғаныс
экрандары, қоқыс жинақтауыштар, белдіктер, қылшақтар тозғанда;
Авторланған қызмет көрсету орталықтары болып табылмайтын*, тұлғалар немесе
фирмалар өндірген бұйымдардың жөндеуі;
5. Осы талонның түпнұсқасымен, сатушы берген тауарлы чектің түпнұсқасымен және ақау
табылған бұйыммен бірге көрсеткенде ғана жарамды болмақ.
6. Бұл кепілдік тек қана жеке тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланылатын бұйымдарға ғана
жарамды, және коммерциялық, өнеркәсіптік немесе кәсіби мақсатта қолданылатын
бұйымдарға таралмайды.
POLARIS бұйымдарына кепілдік қызмет көрсету мәселелері бойынша Өзіңіздің жергілікті
POLARIS ресми сатушыңызға хабарласыңыз.
* Авторланған қызмет көрсету орталықтарының мекен-жайлары Компания сайтында:
www.polar.ru
36
Оглавление
- Утюг электрический
- Утюг электрический POLARIS
- Праска електрична POLARIS
- Электрлік үтік POLARIS