Polaris PIR 2465AK – страница 2
Инструкция к Утюгу Polaris PIR 2465AK
ГАРАНТІЙНЕ ЗОБОВ'ЯЗАННЯ
Виріб: Праска електрична побутова Модель: PIR 2465AK
Ця гарантія надається виробником як додаток до прав споживача, встановлених чинним
законодавством і жодним чином не обмежує їх.
Ця гарантія діє протягом 12 місяців з дати придбання виробу і забезпечує гарантійне
обслуговування виробу при виявленні дефектів, пов'язаних із матеріалами та роботою. У цьому
випадку споживач має право і на безкоштовний ремонт виробу. Ця гарантія дійсна при
дотриманні наступних умов:
7. Гарантійне зобов'язання поширюється на всі моделі, що випускаються компанією «Texton
Corporation LLC» у країнах, де надається гарантійне обслуговування (незалежно від місця
покупки).
8. Виріб повинен бути придбаний винятково для особистих побутових потреб. Виріб
повинен використовуватися в суворій відповідності до інструкції з експлуатації, з
дотриманням правил та вимог безпеки.
9. Обов'язки виробника за цією гарантією виконуються продавцями - вповноваженими
дилерами виробника й офіційними центрами обслуговування (сервісу). Ця гарантія не
поширюється на вироби, придбані в продавців, які не уповноважені виробником. Вони
самостійно відповідають перед споживачем відповідно до законодавства.
10. Ця гарантія не поширюється на дефекти виробу, що виникли в результаті наступних дій:
хімічного, механічного або іншого впливу, потрапляння сторонніх предметів
всередину виробу;
неправильної експлуатації, що полягає у використанні виробу не за його прямим
призначенням, а також встановлення та експлуатації виробу з порушенням правил і
вимог техніки безпеки;
зносу деталей оздоблення, ламп, батарей, захисних екранів, накопичувачів сміття,
ременів, щіток та інших деталей з обмеженим терміном використання;
ремонту виробу, здійсненого особами або фірмами, що не є авторизованими
сервісними центрами*.
11. Ця гарантія дійсна, якщо пред’явлена разом із оригіналом справжнього талона, оригіналом
товарного чека, виданого продавцем, і виробу, в якому виявлено дефекти.
12. Ця гарантія дійсна тільки для виробів, що використовуються для особистих побутових
потреб, і не поширюється на вироби, які використовуються для комерційних,
промислових або професійних цілей.
З усіх питань гарантійного обслуговування виробів POLARIS звертайтеся до Вашого місцевого
офіційного продавця POLARIS.
* Адреси авторизованих центрів обслуговування на сайті К
21
Электр үтігі
POLARIS
Моделі PIR 2465AK
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
POLARIS сауда белгісімен шығатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Біздің
бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес жасалған.
Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Құралды пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз, онда Сіздің
қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құралды дұрыс пайдалану мен күтуге
қатысты кеңестер берілген.
Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон қорапта
және орама материалымен бірге сақтаңыз.
Мазмұны
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар ............................................................................................... 22
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар .................................................................. 23
Пайдалану саласы ................................................................................................................................... 24
Құралдың сипаттамасы .......................................................................................................................... 24
Жинақталуы ............................................................................................................................................. 25
Жұмысқа дайындау ................................................................................................................................ 25
Құралды пайдалану ................................................................................................................................ 25
Тазарту және күту ................................................................................................................................... 28
Егер Сізде қиындық туындаса ............................................................................................................... 29
Техникалық сипаттамасы ....................................................................................................................... 29
Сертификаттау туралы ақпарат ............................................................................................................. 30
Кепілдік міндеттеме ................................................................................................................................ 31
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
Құралды тек қана мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Бұл құралды пайдалануды бастамас бұрын пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысыңыз.
Әр жолы құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның
ақауы болса, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Құрал мен желілік сым жоғары температураның және тікелей күн көзіне ұшырамайтындай
етіп, сақталуы керек.
Жұмыс істеп тұрған құралды бақылаусыз қалдырмаңыз! Егер Сіз құралды пайдалануды
жалғастырмасаңыз, онда оны әрдайым сөндіріп қойыңыз.
Аталмыш құрал құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда,
білімі мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық
ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған.
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
22
Назар аударыңыз! Құралды ванна, шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа
ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа салуға мүлдем болмайды. Ылғал қолмен құралды
ұстауға болмайды. Құрал дымқылданса, бірден желіден ажыратыңыз.
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз. Және бұл кезде қолды
суға малуға болмайды. Құралды екінші мәрте пайдаланудың алдында оны білікті маман
тексеріп шығуы керек.
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде
қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Құралды тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосады. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз
ету үшін жерге тұйықтау бекітілген электротехникалық нормаларға сәйкес келуі тиіс.
Қоректендірудің стандартты емес көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға
болмайды.
Ұзартқышты қолданғанда оның жерге тұйықталғандығына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету
құқығынан айырады.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды сүйiр бұрыштарға
соғылуынан сақтаңыз. Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып қалса
әрдайым желіден ажыратыңыз.
Құралды желілік сымынан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап
желіден ажыратуға тиым салынады. Құралды желіден ажыратқанда штепсель ашасынан
ұстаңыз.
Жинағына кірмейтін қосымша аксессуарларды пайдалану Сізді кепілдікті қызмет көрсету
құқығынан айырады.
Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға
болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Қашанда сақтау
үшін сымды жақсылап тарқатыңыз.
Сымды тек қана білікті мамандар – қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана ауыстыра
алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны қауiп-қатерге
ұшыратуы мүмкін.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылады.
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
Үтікті үшайыр арқылы қосқан кезде, оны басқа электр құралдарымен бірге үшайыр арқылы
қосуға тиым салынады.
Үтіктің ыстық табанын алақаныңызбен ұстамаңыз. Тұтқаны және батырмаларды
қолданыңыз.
Үтікке су құймас бұрын оны желіден ажыратыңыз және бу шығаруды реттегішті «0» қалпына
орнатыңыз. .
Электр тоғының зақымына ұшырап қалмас үшін сымды, штепсель ашасынан, құралды суға
немесе басқа ерітіндерге салмаңыз.
Желіге қосылған үтікті қараусыз қалдырмаңыз. Үтіктеп жатқан бөлмеден тым қысқа уақытқа
шығатын болсаңыз да, шығар кезде үтікті желіден ажыратыңыз.
23
Ешқашан да үтікті үтіктейтін тақтайдың үстінде қалдырмаңыз. Үтіктеу арасында тым қысқа
уақытқа үзіліс жасайтын болсаңыз да әрдайым оны таяныш-тірекке тігінен қойыңыз.
Балаларды үтікке тым жақындатпаңыз, әсіресе, сіз бу шығаратын функцияны қолданатын
болсаңыз. Жұмыс кезінде электр үтіктер қатты қызады, және үтіктің табанын ұстау
немесе будың теріге тиюі теріні қатты күйдіруі мүмкін.
Үтіктен шығатын ыстық ауа өте қауіпті. Будың ағынын адамға бағыттамаңыз.
Адамның үстіндегі киімді үтіктеуге және қыртысын жазуға болмайды.
Жұмыс істеп тұрған пештің қасында немесе басқа да электрмен қызатын құралдардың
қасында үтікті қолданбаңыз.
Желілік сымның ыстық заттарға немесе үтіктің табанына тиюіне жол бермеңіз.
Үтікті тазартқанда, сақтау кезінде және резервуарды сумен толтырғанда электр желісінен
ажыратыңыз.
Ақауы бар үтікті қолданбаңыз. Үтік сынып қалса жөндеу үшін өкілетті сервис
орталығына апарыңыз.
Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны қауiп-қатерге
ұшыратуы немесе жазатайым оқиғаның себепкері болуы мүмкін.
Суға арналған резервуарға сірке суын немесе қаққа қарсы құралдарды құймаңыз.
Үтік табанының өткір метал қабатқа тиюіне жол бермеңіз, бұл үтік табанындағы
сызаттарды болдырмауға және жарамдылық мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.
Назар аударыңыз! Құралды қораб орамасына салмас бұрын оны тігінен қойып,
толығымен суығанша қүтіңіз.
Аталмыш үтік жылжымайтын күйінде жазықтық жатысында 30 сек. кейін және тік
тұрысында 8 минуттан кейін автоматты түрде өшіретін электрондық құрылғымен
жабдықталған, дегенмен, бұл осы тарауында көзделген қауіпсіздік жөніндегі талаптарды
бұза алмайды.
Пайдалану саласы
Құрал осы Нұсқаулыққа сәйкес, тек қана тұрмыста қолдануға арналған. Құралды өнеркәсіптік
мақсатта пайдалануға болмайды.
Өндіруші осы нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайдың нәтижесінде
туындаған залал үшін жауапты емес.
Құралдың сипаттамасы
1. Суды бүрку құрылғысы 2. Суға арналған резервуардың қақпағы
24
4
1
2
3
5
6
7
8
9
10
11
3. Буды қарқынды шығару тетігі – «бу соққысы»
8. Суға арналған резервуар
4. Суды бүрку құрылғысының тетігі
9. Температураның реттегіші
5. Бу шығаруды реттегіші
10. Өздігінен тазарту тетігі
6. Қызу индикаторы
11. Үтіктің керамикалық табаны
7. Электр сымның қорғанысы
Жинақталуы
1. Құрал
2. Суға арналған тостақ
3. Пайдаланушының нұсқаулығы
4. Қызмет көрсету орталықтарының тізімі
5. Кепілдік талоны
Жұмысқа дайындау
Барлық орама материалдарын алыңыз.
Үтік табанынан қорғаныс пленкасын абайлап алыңыз.
Құралда көрсетілген кернеудің көрсеткіші желідегі кернеуге сәйкестігіне көз жеткізіңіз.
Үтікті өндеу барысында пайда болған шаң–тозаң саңылауға түсіп кетуі мүмкін, ол шаң-тозаң
матаны бүлдірмес үшін, жұмыстық қабатты тазартыңыз.
Үтікті алғаш рет пайдаланар алдында жұмыстық қабаттың жеткілікті түрде таза екендігіне
көз жеткізу үшін, алдымен керексіз шүберекті үтіктеңіз.
Үтіктің кейбір бөліктері өндеу барысында майланады, сондықтан, алғаш қосқан кезде
үтіктен түтін шығуы мүмкін. Пайдалануды бастағаннан кейін біраз уақыт өткесін, түтін
шығуын қояды.
Құралды пайдалану
Температураны таңдау
Үтіктейтін бұйымыңыздың затбелгісіндегі жазуды оқыңыз.
Егер затбелгіде үтіктеу бойынша ешқандай нұсқау болмаса, және Сіз матаның түрін белсеңіз,
төменде келтірілген кестеге қараңыз.
Кесте тек қана маталар үшін жарамды және бұйымның әшекейлері үшін жарамайды
(бүрмелер, жарқыраған тігістер және т.б.). Түрлі әшекейлері бар бұйымды төменгі
температурада үтіктеуге кеңес береміз.
Алдымен бұйымды матаның түрі бойынша сұрыптаңыз: жүн матаны жүнмен, мақта матасын
мақтамен және т.б..
Егер бұйым матаның бірнеше түрінен жасалған болса, осы қоспалары үшін минималды
температураны таңдаңыз. (Мысалы, бұйымның 60% полиэстерден және 40% мақта
матасынан тұрады: үтіктеу үшін синтетикалық маталарға арналған қалпы алынады, үтіктеу
барысы бусыз атқарылады).
Егер сіз бұйымның құрамын білмесеңіз, киген кезде көзге түспейтіндей жерін таңдап алып,
сәйкес келетін температуралық режимін таңдап үтіктеп көріңіз.
Кестеде көрсетілген бір мәліметке сәйкес термореттегіштің белгісінің бірін таңдаңыз.
Нейлон немесе ацетатты маталар (nylon and acetate) - *
Жүн, жібек немесе аралас маталар. (wool ,silk or mixtures) - **
Мақта немесе зығыр (cotton or linen) - ***
25
Автоматты сөндіру функциясы
26
Үтікті автоматты сөндіру функциясы келесідей тәсілмен жүзеге асады:
Белгілі бір температураға дейін қыздырылған, бірақ, қолданылмаған үтік,
сондай-ақ, табанында жатқан немесе бір қырынан жатқан үтік 30 секундтан
кейін автоматты түрде сөнеді. Егер үтік пайдаланылмаса және таяныш-
тіректі тігінен тұрса, - автоматты түрде сөну режимі 8 минуттан кейін
қосылады ( D сурет). Үтік автоматты түрде өшкен кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
Егер Сіз үтікті көтерсеңіз – қозғалыстың ішкі сезімтал детекторы іске қосылып, үтік қайтадан
қыза бастайды. Бәлкім, Сізге үтіктің орнын ауыстырып немесе аздап шайқау керек шығар.
Жарық индикаторы орнатылған режимге сәйкес қайта қалпына келеді.
Ескертпе: Үтік толығымен қызғанша күтіңіз де содан кейін ғана үтіктеуге кірісіңіз.
Үтіктің керамикалық табаны
Бұл үлгідегі үтік табанының керамикалық жабыны бар, бұл тамаша сырғуды және матаның
түріне және үтіктеу температурасына қарамастан, матаны қорғауды қамтамасыз етеді.
Құралдың су резервуарын толтыру.
Құралдың су резервуарын толтырмас бұрын, үтіктің желіден ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Бу шығаруды реттегішті (5) «0»(бусыз) қалпына орнатып, бу шығаруды сөндіріңіз.
Суға арналған резервуардың қақпағын көтеріңіз.
Өлшейтін тостақты пайдаланып, таза құбыр суын немесе қайнатылған суды суға арналған
резервуарға “МАХ ” белгісімен көрсетілген максималды деңгейге дейін құйыңыз.
Үтіктің табаны ұзақ уақыт бойы қызмет етуі үшін, дистилденген судың екі бөлігін және су
құбырынан алынған судың бір бөлігінен тұратын су қоспаларын араластырып, пайдалану
керек.
Үтіктің резервуарында суы бар болса, оны төгіп тастаңыз, сумен сақтамаңыз.
Қақ түзілуінің алдын алу жүйесі
Үтіктің бұл үлгісі қақтан қорғау сүзгісімен жабдықталған. Ол қатаң суды жұмсартады және
тұнбалар мен қақ түзілуіне жол бермейді.
Дистеленген немесе деминералданған (минералды заттектермен байытылмаған су) суды таза
тұрде пайдалануға болмайды, оларды су құбырынан алынған сумен араластырып, сұйылту
қажет.
Суды жұмсартуға арналған химиялық құралдарды және қаққа қарсы құралдарды
пайдаланбаңыз. Олар құралға зақым келтіріп, оны істен шығаруы мүмкін.
Температурлық
режимдер
*
Төменгі
**
Орташа
***
Жоғарғы
Мата
Нейлон, синтетикалық,
акрилды маталар
Жібек, жүн
Мақта және зығыр
Операциялар
Бұйымның теріс жағынан
құрғақтай үтіктеу
Бұйымның теріс
жағынан қатты
басып үтіктеу
Суды бүрку,
қыртысын жазу
құрылғыларын
қолданып, үтіктеу
Бу арқылы қыртысты жазу режимі
Үтікті жазық қабатқа қойыңыз.
Бу шығаруды реттегішті (5) белгісіне орнатып, осы нұсқауға сәйкес су резервуарды
таза, суық сумен толтырыңыз.
Құралды қоректендіру желісіне қосып, температураны реттегішті (9)
***
(Жоғарғы) белгісіне
орнатыңыз. Қызудың индикатор шамының жарықтануы (6) үтіктің қызғанын көрсетеді.
Қызу индикатор шамының сөнуі, орнатылған температураға қол жеткізілгенін білдіреді.
«Бумен қыртысты жазу» функциясын температура максималды қызғанда ғана жүзеге
асыруға болады. Кері жағдайда ыстық судың шашырауы мүмкін.
Үтіктеуді аяқтағаннан кейін бу шығаруды реттегішті (5) белгісіне орнатып,
құралды қоректендіру көзінен ажыратыңыз.
Үтікті алып қоярдан бұрын, үтік табаны бөлме температурасына дейін суығанша күтіңіз және
құралдың су резервуарында қалған суды төгіңіз.
Тамшыға қарсы жүйе
Үтік төменгі температурада үтіктеген кезде судың тамып тұруына қарсы арнайы қорғаныс
жүйесімен жабдықталған. Енді сіз бүлдіріп алам деп қорықпастан, ең нәзік маталарды да үтіктей
аласыз. Егер температура бу түзілуге қажетті температурадан төмен болса, жүйе автоматты
түрде буды шығаруға берілетін суды шектейді.
Құрғақтай үтіктеу
Құралды қоректендіру көзіне қосыңыз, маталардың түріне қарай, үтіктеудің қажетті
температурасын орнатыңыз (кестені қараңыз).
Қызу индикаторы сөнген кезде бұл үтіктің қызғанын, қажетті температураға жеткенін және
құрғақтай үтіктеуге дайын екенін көрсетеді.
Үтіктеуді аяқтағаннан кейін үтікті желіден ажыратыңыз.
Назар аударыңыз! Жоғарғы температуралық режимнен төменгі режимге өту үшін,
температура реттегіштің (9) көмегімен температураны орнатыңыз, және бұйымды бүлдіруге
жол бермес үшін, қажетті үтіктің табаны суығанша күте тұрыңыз. Қызу индикаторы (6) тұрақты
жанып тұрғанда үтіктеуді жалғастыруыңызға болады.
Су бүрку құрылғысын пайдалану
Үтіктеудің кез-келген режимінде матаны дымқылдау үшін бүріккіштің (1) тетігіне (4)
басыңыз.
Кейде суды бүрку тетігін бірнеше рет басу қажет болады, бұл кезде резервуарда су болуы
керек.
Буды қарқынды шығару режимі - "бу соққысы"
Бу шығаруды реттегішті (5) белгісіне орнатып, осы нұсқауға сәйкес құралдың су
резервуарын таза сумен толтырыңыз.
Үтіктің ашасын розеткаға қосып, температураны реттегішті
***
(Жоғарғы) белгісіне
орнатыңыз. Қызудың индикатор шамының жарықтануы (6) үтіктің қызғанын көрсетеді.
Қызу индикаторының сөнуі, орнатылған температураға қол жеткізілгенін білдіреді.
Қуатты бу соққысын алу үшін қысқа уақыт аралығында бу шығару тетігін (3) екі-үш рет
27
басыңыз.
Қыртысты жазу кезінде үтік табанының бу шығатын тесігінен ыстық судың аздаған мөлшері
шығып кетуі мүмкін. Бу соққысы тетігіне тым жиі басқан кезде, үтік табанының
температурасы орнатылғанан төмен түсіп кетуі мүмкін. Бұндай жағдайда « бу
соққысы» тетігіне (3) басуды тоқтатып, үтікті қыздырыңыз.
Үтіктеуді аяқтағаннан кейін үтік табаны бөлме температурасына дейін суығанша күтіңіз
және құралдың су резервуарында калған суды төгіңіз.
Назар аударыңыз! «Бу соққысы» функциясын қолданғанда, бу шығаруды реттегіш (5)
. белгісіне орнатылуы тиіс.
Вертикалды күйде бу арқылы қыртысты жазу
Бұл функция ілініп тұрған киімдердегі, перделердегі, қыртысты жазу үшін қолданылады.
Бұл функция бу соққысы функциясына ұқсас.
Суға арналған резервуардың максималды деңгейге дейін(MAX) толтырлығанына көз
жеткізіңіз.
Үтіктеуге арналған киімді киім ілгішке іліңіз. (Перделерді іліп қойғаннан кейін де үтіктеуге
болады ).
Термореттегіштің дискін мата үшін лайықты температуралық режимге орнатыңыз.
Үтікті үтіктеуге арналған киімге жақындатыңыз, бірақ, матаға тигізбеңіз.
Матаны қолыңызбен мұқият созып, үтікті оның үстінен жүргізіп, «бу шығару» (3) тетігіне
басыңыз.
Тазарту және сақтау
Өздігінен тазарту
Үтіктің жарамдылық мерзімін арттыру үшін айына бір рет өздігінен тазартуды өткізіңіз..
Бұл үшін:
Резервуарды толтыруға арналған саңылауды ашып, MAX белгісіне дейін сумен толтырыңыз,
саңылауды жабыңыз.
Температураны реттегішті MAX белгісіне орнатыңыз.
Құралды желіге қосыңыз.
Қызу индикаторы сөнгенше, үтікті қыздырыңыз.
Үтікті желіден ажыратыңыз.
Үтікті шұңғылшаның үстінде еңкейтіп ұстап, буды реттегішті «өздігінен тазарту» (10)
батырмасын басыңыз.
Жұмыстық қабаттағы бу саңылауларын мұқият тазарту үшін дымқыл шүберекті үтіктеңіз.
Тазарту үрдісі аяқталғаннан кейін температураны реттегішті МИН (*) белгісіне және бу
шығару деңгейін реттегішті белгісіне орнатыңыз.
Күтім және сақтау
Тазартар алдында құралды желіден ажыратып, суытыңыз.
Тазарту кезінде еріткіштерді немесе абразивтерді қолданбаңыз.
Үтіктің сыртын жұмсақ дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Үтігіңіздің табанына сызат түсірмеуге тырысыңыз. Үтіктің метал заттарға қатты тиіп
кетуінен абай болыңыз.
Әр пайдаланған сайын осы әрекетті қайталаңыз.
Құралды суға салуға мүлдем болмайды.
28
Құралды құрғақ, салқын жерде тігінен, қойыңыз.
Ескертпе: Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құралын әдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге лақтырмай, жоятын ресми орынға өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған
ортаны сақтауға көмектесесіз.
Егер Сізде қиындық туындаса
Егер қандай да бір қиындықтар туындаса және оның себебін анықтасаңыз ол мәселелер тез
шешімін табады.
Техникалық сипаттамасы
PIR 2465AК - POLARIS сауда белгісімен тұрмыстық электр үтігі.
Кернеу: 220-240 В.
Жиілік: ~ 50 Гц.
Қуаты: 2050-2400 Вт.
Қорғаныс жіктелімі- 1.
29
ҚИЫНДЫҚ
ЫҚТИМАЛДЫ СЕБЕП
ЫҚТИМАЛДЫ ШЕШІМ
Табанындағы
саңылаулардан су
тамшылап тұр
Таңдап алған температура бу
шығару үшін жеткіліксіз.
Буды пайдалану үшін үтік
жеткілікті түрде қызған жоқ.
Бу тым қатты шығып тұр.
Үтік горизонталды күйде
жатқан, резервуардағы су
төгілмеген, басқару сабы
«бусыз» белгісіне
қойылмаған
Температура реттегіштің
тұтқасын *** (max) белгісіне
қойыңыз.
Белгі беретін шам сөнгенше,
күте тұрыңыз
Бу шығаруын азайтыңыз.
Нұсқаудағы «Үтікті сақтау»
тарауын қараңыз.
Табаннан шығатын
қоңырқай сулар
киімді бүлдіруде
Қақтан тазарту үшін
химиялық өнімдерді қолдану.
Матаның талшықтары
табандағы саңылауға толып,
күюде.
Резервуарға қақтан тазартуға
арналған ешқандай өнімді
салмаңыз.
Тек қана таза суды пайдаланып,
өздігінен тазартуды өткізіңіз.
. Өздігінен тазартуды өткізіңіз.
Табанын тазартыңыз.
Табандағы саңылауды оқтын-
оқтын тазартып тұрыңыз.
Лас немесе
қоңырқай табаны
киімді бүлдіруде
Тым жоғары температураны
қолдану.
Киім дұрыс шайылмаған
немесе оған крахмал
қосылған.
Табанды жоғарыда
көрсетілгендей етіп тазартыңыз.
Температура реттегішті
температуралар кестесіне сәйкес
орнатыңыз.
Крахмалды қолданбаңыз.
Будың аз шығуы
немесе мүлдем
болмауы..
Резервуарда су жоқ.
Үтікте қақтың толып қалуы
Үтік ұзақ уақыттай сусыз
қолданылған.
Құралдың су резервуарына таза
су толтырыңыз.
Өздігінен тазартуды өткізіңіз.
Өздігінен тазартуды өткізіңіз.
Табаны
сызатталған немесе
бүлінген .
Үтік металдан жасалған
түпқоярда жазықтық күйнде
жатысында болған шығар.
Үтікті әрдайым таяныш-тірекке
қойыңыз.
Ескертпе: Өзгерістер мен жетілдіруді енгізудің ұдайы үрдісінің орын алуынан, нұсқаулық пен
бұйымның арасында қандай да бір айырмашлық байқалуы мүмкін. Өндіруші, тұтынушының
бұған назар аударатынына үлкен үміт артады.
Сертификаттау туралы ақпарат
Құрал РФ нормативті құжаттарына сәйкестікке сертификатталған.
Бұйымның есептік жарамдылық мерзімі: 3 жыл
Кепілдік мерзімі: сатып алған күніннен бастап 1 жыл
Өндіруші:
TEXTON CORPORATION LLC - «ТЕКСТОН КОРПОРЕЙШН» ЖШК
1313 N. Market Street, Suite 5100, Wilmington, State of Delaware 19801, United States of America
1313 Н. Маркет Стрит, 5100 Бөлмежай, Уилмингтон қ., Штат Делавэр, 19801, Америка
Құрама Штаттары
30
КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕ
Бұйым: Тұрмыстық электр үтігі Моделі: PIR 2465AК
Бұл кепілдік әрекеттегі заңдылықпен бекітілген тұтынушының құқығына қосымша ретінде
өндірушімен берілген, және тұтынушының құқығын еш шектемейді.
Бұл кепілдік бұйымды сатып алған күннен 12 ай бойына әрекетте болады, және материалдар
мен жұмыс істеуіне байланысты ақаулар табылған жағдайда кепілдік қызмет көрсетуді білдіреді.
Бұл жағдайда тұтынушы басқасын қоса алғанда, бұйымды тегін жөндетуге құқықты. Бұл
кепілдік келесі шарттарды сақтағанда, жарамды:
1. Кепілдік міндеттеме «Texton Corporation LLC» компаниясы шығаратын барлық
үлгілерге, кепілдік қызмет көрсетілетін елдердің барлығында жарамды (сатып алған
жеріне қарамастан).
2. Бұйым тек қана тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалану үшін сатып алынуы тиіс. Бұйым
пайдалану бойынша нұсқаулыққа, қауіпсіздік бойынша ережелер мен талаптарды сақтай
отырып, пайдаланылуы тиіс
3. Өндірушінің міндеттемесін осы кепілдік бойынша сатушылар – өндірушінің уәкілетті
дилерлері және ресми қызмет көрсететін (сервис) орталықтар орындайды. Бұл кепілдік
өндіруші құзырлық бермеген сатушылардан сатып алынған бұйымдарға таралмайды, олар
тұтынушы алдында заңға сәйкес жауап береді.
4. Бұл кепілдік келесі жайттардың нәтижесінде пайда болған ақауларды жөндеуге
таралмайды:
Химиялық, механикалық немесе өзге де әсер етулер, бөгде заттардың бұйымның
ішіне түсіп кетуі;
Бұйымды тікелей мақсаты бойынша емес, дұрыс пайдаланбағанда, жинаққа
кірмейтін, қосымша аксессуарларды пайдаланғанда, сондай-ақ, бұйымды техника
қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын бұза отырып, орнатқанда және
пайдаланғанда;
Жарамдылық мерзімі шектеулі әрлеу бөлшектері, шам, батареялар, қорғаныс
экрандары, қоқыс жинақтауыштар, белдіктер, қылшақтар тозғанда;
Авторланған қызмет көрсету орталықтары болып табылмайтын*, тұлғалар немесе
фирмалар өндірген бұйымдардың жөндеуі;
5. Осы талонның түпнұсқасымен, сатушы берген тауарлы чектің түпнұсқасымен және ақау
табылған бұйыммен бірге көрсеткенде ғана жарамды болмақ.
6. Бұл кепілдік тек қана жеке тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланылатын бұйымдарға ғана
жарамды, және коммерциялық, өнеркәсіптік немесе кәсіби мақсатта қолданылатын
бұйымдарға таралмайды.
POLARIS бұйымдарына кепілдік қызмет көрсету мәселелері бойынша Өзіңіздің жергілікті
POLARIS ресми сатушыңызға хабарласыңыз.
* Авторланған қызмет көрсету орталықтарының мекен-жайлары Компания
сайтында:www.polar.ru
31
- 1
- 2