Polaris AQUA SLR 30V: Қолдану мақсаты мен пайдалану саласы

Қолдану мақсаты мен пайдалану саласы : Polaris AQUA SLR 30V

Электр жинақтаушы сужылытқыш пәтерлерді, саяжайларды, моншалар мен басқа да

тұрмыстық ғимараттарды ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған.

1. Қауіпсіздік жөніндегі талаптар.

Өндіруші ескертеді, осы нұсқаулықта қарастырылған немесе аталған техникалық

талаптарын тиісінше орындамау, сонымен бірге құрылғының құрылымдарын

өзбетінше «жетілдіру», тұтынушының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі

мүмкін.

Электрлі жалғау «3.3.Электр сымына жалғау» бөліміндегі нұсқауларға сай

жүргізілуі керек.

Құралдың жиынтығына кіретін сақтандыру қақпақшасын бітеуге немесе жинаққа

кіретін.

Сужылытқыштың монтаж және электрлік қосу жұмыстарын қажетті біліктілігі бар

мамандар жүргізеді.

Назар аударыңыз! Сужылытқыштардың тік қойылатын модельдерді көлденең

орнату, ал көлденең қойылатын модельдерді тік орнатуға тыйым салынады.

Сужылытқышқа жалғанатын шлангтер және байланыстар 14 барға (1,4 MPa) дейінгі

қысымды және 100°С-қа дейінгі температураны көтеруі тиіс.

Құрылғы міндетті түрде жерге тұйықталған болуы керек.

Егер аппарат қыс маусымында пайдаланылмаса (мысалы саяжайда), онда

құрылғының бұзылу қаупінің алдын алу үшін сужылытқышты тоқтан ажыратып,

аппараттағы суды төгіп тастау керек.

Сужылытқыш қысымы 0,05 және 0,6 МРа дан аспайтын және ыстық су болмайтын

(үнемі немесе уақытша) су құбырына жалғанады. Қысым 0,45 0,6Мра болған

жағдайда төмендететін редукторды орнату қажет.

Назар аударыңыз! Сужылытқышты тек жерге тұйықталған электр желісі бар

үйлерге орнатуға болады.

Назар аударыңыз! Сужылытқышты тек бірфазалы кернеуге қосуға болады.

2. Техникалық сипаттамасы.

1. Құрал бір уақытта бірнеше су тұтынушыны қамтамасыз ете алады.

2. Құралдың ішкі қабырғасы жоғары сапалы тоттанбайтын болаттан жасалған.

3. Құрылғының су температурасын узақ уақыт бойы сақтап, жылуоқшаулайтын

ерекшелігі бар.

4. Су қысымының ауытқуынан сақтануы (мысалы, су қысымы 6 бардан (0,6 МРа)

асқанда , автоматты түрде қысым төмендейді).

5. Күйіп кетуден сақтануы.

6. Температураны реттеу 30°С – 75°С аралығында жүзеге асырылады.

7. Жұмыс индикаторы, температура көрсеткіші, температура ретеуіші, қуаттылығын

ауыстырып-қосқыш және сужылытқышқы екі полюсті термосақтандырғыш

орнатылған.

34

Қолдану мақсаты мен пайдалану саласы

Оглавление