Maxwell MW-3552 B: ҚАЗАҚ
ҚАЗАҚ: Maxwell MW-3552 B
ҚАЗАҚ
Ультрадыбысты ауа ылғалдатқышы MW-3552
Пайдалану бойынша басшылық
Сипаттамасы
1. Будың шығуына арналған шүмек
2. Суға арналған сауыт
3. Суға арналған сауыттың қақпағы
4. Шашыратқышы бар жұмыс камерасы
5. Ажыратқыш/бу шығуының реттегіші
6. Жұмыс істеу/судың болмауының көрсеткіші
7. Шашыратқышты тазалауға арналған қылшақ
Қауіпсіздік шаралары
Аспапты пайдалану алдында берілген нұсқаулықты зейін қойып оқып шығыңыз жəне оны
пайдалану мерзімі бойы сақтап қойыңыз.
• Ылғалдатқышты іске қосу алдында, аспаптың жұмыс істеу кернеуі желідегі кернеуге сəйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
• Аспапты түзу, ылғалға төзімді бетке қойыңыз. Қабырғаға дейінгі қашықтық 15 см-ден кем
болмауы керек.
• Ылғалдатқыштың шүмегін ағаш жиһазға, электр аспаптарына, кітаптарға жəне ылғалдан
бұзыла алатын заттарға бағыттамаңыз.
• Ылғалдатқышты тікелей күн сəулелерінің, жоғары температуралардың əсері тиетін жерлерде,
компьютерлердің немесе сезімтал электрондық техниканың қасында орналастырмаңыз.
• Аспапты жабық бөлмеде қараусыз қалдырмаңыз, кері жағдайда жиһаз бен қабырғаларда
конденсат пайда болуы мүмкін, сондықтан ылғалдатқыш жұмыс істеп тұрған бөлменің есігін
ашыңқырап ұстау ұсынылады.
• Аспапты үйден тыс пайдалануға тыйым салынады.
• Жеткізілім жинағына кіретін шешілмелі бөлшектерді ғана пайдаланыңыз.
• Балаларға аспапты ойыншық ретінде пайдалануға рұқсат етпеңіз.
• Берілген құрылғы балалардың немесе мүмкіндері шектеулі адамдардың қолдануына, егер
оларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану жəне оны дұрыс пайдаланбаған кезде пайда бола
алатын қауіптер туралы олардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғамен оларға түсінікті
нұсқаулықтар берілген болмаса арналмаған.
• Аспапты сусыз іске қоспаңыз, жəне сауытта су біткен кезде оны сөндіріңіз.
• Газдалған суды жəне жұпар иісті қоспаларды пайдаланбаңыз.
• Суға арналған сауытты шешу алдында аспапты желіден ажыратыңыз.
• «Будың» шығатын саңылауларын жаппаңыз жəне оларға бөтен заттардың түсуіне жол
бермеңіз.
• Аспап корпусын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
• Аспапты жұмыс істеу кезінде тасымалдамаңыз жəне еңкейтпеңіз.
• Əрқашан тазалау кезінде немесе сіз ылғалдатқышты пайдаланбаған кезде аспапты желіден
ажыратыңыз жəне сауыттан суды төгіңіз.
• Егер сіз аспапты басқа жерге тасымалдағыңыз келсе, əуелі оны желіден ажыратыңыз.
• Желілік баудың айыртетігін сулы қолмен ұстамаңыз.
• Аспапты пайдалану алдында желілік бауды зейін қойып қарап шығыңыз жəне оның
бұзылмағанына көз жеткізіңіз. Аспапты бұзылған желілік баумен пайдаланбаңыз.
• Аспапты өз бетіңізбен бөлшектемеңіз, ақаулық табылған жағдайда ең жақын туындыгерлес
(өкілетті) қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Аспапты мезгілінде тазартып тұрыңыз, шашыратқышта сызаттардың пайда болуына жол
бермеңіз.
15
1515
3552.indd 153552.indd 15 09.09.2011 15:00:4409.09.2011 15:00:44
ҚАЗАҚ
ҮЙДЕ ПАЙДАЛАНУҒА ҒАНА АРНАЛҒАН
Алғашқы пайдалану алдында
Аспапты босатыңыз жəне қаптама материалдарды алып тастаңыз. Аспапта бұзылулардың
болмауына қараңыз. Бұзылулар болған кезде аспапты іске қоспаңыз.
Ескерту:
- егер ылғалдатқышқа кері температуралардың əсері тиген болса, онда оны алғашқы іске
қосу алдында 30 минут бойы бөлме температурасында ұстаған жөн.
- ылғалдатқышты бөлменің +5-тен температурасында, жəне 80%-дан аз салыстырмалы
ылғалдылықта пайдаланыңыз.
- сауытқа (15) құйылатын судың температурасы +40°С-ден жоғары болмауы керек.
• Желіге қосу алдында, электр желісіндегі кернеу құрылғының жұмыс кернеуіне сəйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Ультрадыбысты ылғалдатқышты пайдалану
1. Шүмекті (1) сауыттан (2) шешіңіз.
2. Суға арналған сауытты (2) корпустан шешіңіз.
3. Сауытты (2) аударыңыз, қақпақты (3) сағат тіліне қарсы бұрап, оны ашыңыз.
4. Сауытты (2) қажетті судың көлемімен толтырыңыз жəне қақпақты (3) сағат тілі бойынша
бұрап, оны жабыңыз.
5. Толтырылған сауытты (2) аспаптың корпусына орнатыңыз.
6. Желілік баудың айыртетігін ашалықққа салыңыз.
7. Ажыратқышты (5) сағат тілі бойынша бұрап, ылғалдатқышты іске қосыңыз, сол кезде көрсеткіш
(6) жасыл түспен жанады.
8. Реттегіш тұтқасын (5) бұрап бу шығуының қарқындылығын реттеңіз.
9. Сауытта (2) су болмағанда көрсеткіш (6) қызыл түспен жанады.
10. Ылғалдатқышты ажыратқышпен (5) сөндіріңіз жəне оны желіден ажыратыңыз. Сауытты (2)
сумен толтырыңыз, сауытты орнына салыңыз жəне құрылғыны іске қосыңыз.
11. Жұмыс істеп болғаннан кейін, ажыратқышты (5) сағат тіліне қарсы тірелгенге дейін бұрап,
ылғалдатқышты сөндіріңіз, сол кезде көрсеткіш (6) сөнеді.
Күтімі мен тазалануы
Сақтандыру! Əрқашан тазалау алдында аспапты сөндіріңіз жəне желіден ажыратыңыз.
Қатты су шашыратқышта (4) жəне жұмыс камерасында минералды шөгінділердің пайда
болуына əкеледі, бұл ылғалдатқыш жұмысының нашарлануына жəне интерьер заттарында
ақ өңездің пайда болуына əкеледі. Мұндай жағдайды болдырмау үшін:
- суға арналған сүзгішпен тазатылған суды, қайнатылған жəне шөккен суды немесе
дистильденген суды пайдаланыңыз;
- шашыратқышты (4) апта сайын тазартып тұрыңыз
- суға арналған сауытты (2) неғұрлым жиірек суды айырбастап тұрыңыз.
Апта сайынғы күтім
- Аптасына бір рет суға арналған сауытты (2) жəне жұмыс камерасын (4) бейтарап жуғыш заттың
ерітіндісімен жақсылап жуып тұрыңыз. Содан кейін оларды жақсылап сумен шайыңыз.
- Тазартқыш заттың 5-10 тамшысын шашыратқышқа (4) тамызыңыз, 2-5 минуттай күте тұрыңыз.
Қылшақты (7) пайдаланып шашыратқыш (4) бетінен өңезді жойыңыз.
16
16
3552.indd 163552.indd 16 09.09.2011 15:00:4409.09.2011 15:00:44
ҚАЗАҚ
Ескерту:
• Шашыратқышты тазартуға арналған зат ретінде шайнектердегі қақты жоюға
арналған затты пайдалануға болады.
• Аспаптың корпусын суға немес кез-келген басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Сақтау
- Егер сіз аспапты ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз жəне оны салып қойғыңыз келсе,
жұмыс істеу камерасының құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
- Сауытындағы (15) жəне жұмыс камерасындағы сумен аспапты сақтамаңыз.
- Ылғалдатқышты құрғақ салқын, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
АҚАУЛЫҚТАР ЖƏНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ
Ақаулық Мүмкін себебі Жойылуы
Аспапты желіге қосыңыз
Қоректендіру
Аспап желіге қосылмаған
көрсеткіші жанбайды,
Ашалықтың жұмыс істейтініне
бу түзілмейді
көз жеткізу үшін, ашалыққа
басқа жұмыс істейтін
құрылғыны қосыңыз.
Қоректендіру
Сауытта су жоқ
Суға арналған сауытқа су
көрсеткіші қызыл
қосыңыз
түспен жанады, бу
түзілмейді
Суға арналған сауыттың
«Будың» жаман иісі
Жаңа аспап – бұл қалыпты
қақпағын бұрап ашыңыз жəне
бар
құбылыс
оны қараңғы салқын жерде 12
сағатқа қалдырыңыз
Құрылғыны желіден
Сауытта кір немесе тұрып
ажыратыңыз жəне сауытты
қалған су
тазалаңыз жəне оған таза
суды толтырыңыз
«Бу» шығуының
Шашыратқыш кірленген
Құрылғыны желіден
төмен қарқындылығы
ажыратыңыз жəне
шашыратқыш элементін
тазартыңыз
Қалыпсыз шуыл Құрылғы тұрақсыз бетте
Құрылғыны желіден
орналасқан
ажыратыңыз жəне құрылғы
корпусын түзу тұрақты,
ылғалға төзімді бетке
орнатыңыз
17
17
3552.indd 173552.indd 17 09.09.2011 15:00:4409.09.2011 15:00:44
ҚАЗАҚ
ЕСКЕРТУ
Егер қатты суды пайдаланумен тудырылған минералды шөгінділерден аспаптың
бөліктерін тазарту ережелері сақталмаса, аспаптың жұмыс істеу нəтижелігі азайюы
мүмкін. Мұндай жағдайда аспапты тазартуды жүргізіңіз, қажет болғанда сүзгіш-картриджді
(5) ауыстырыңыз. Егер пайдаланылатын құбыр суы тым қатты болса, онда қосымша
тұрмыстық сүзгіштерді пайдаланыңыз немесе құбыр суын дистильденген сумен 1:1
қатынасында араластырыңыз.
Жеткізілім жинағы
Ылғалдатқыш – 1 дн.
Шешілмелі шүмек – 1 дн.
Суға арналған шешілмелі сауыт – 1 дн.
Сауыттың шешілмелі қақпағы – 1 дн.
Нұсқаулық – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электрқорегі: 220-240 В ~ 50 Гц
Тұтынатын қуаты: 30 Вт
Суға арналған ыдыс: 1,4 л
Су шығыны ≥ 250 мл/сағ
2
Ылғалдандыру ауданы: 15 м
-ге дейін
Өндіруші аспаптың дизайны мен техникалық сипаттамаларын алдын-ала хабарлаусыз
өзгерту құқығын сақтайды.
Қызмет ету мерзімі - 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан бөлшектер дилерден тек сатып алынған адамға
ғана берiледi. Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi шағымдалған жағдайда төлеген чек немесе
квитанциясын көрсетуi қажет.
Бұл тауар ЕМС – жағдайларға сəйкес келедi негiзгi Мiндеттемелер 89/336/EEC Дерективаның
ережелерiне енгiзiлген Төменгi Ережелердiң Реттелуi (73/23 EEC)
18
18
3552.indd 183552.indd 18 09.09.2011 15:00:4409.09.2011 15:00:44